Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері


Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс



Pdf көрінісі
бет15/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс 
жұмыстар. 
Бұған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар 
жатады:
бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу.
 
 
физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша 
сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, эмтиханға дайындау).
 
 
физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және
 
қызықты есептер 
шығару, физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен 
көрнекті құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу.
 
 
оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, 
реферат

баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде 
тәжірибелер жасау және өлшеулер жүргізу).
 
Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және 
нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде 
қалыптасуына, класс оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді.
2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. 
Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі 
бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады: 
оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету;
қолданбалы 
физика 
салаларын 
(электротехника, 
радиотехника, 
кинотехника, дыбыс техникасы және т.б.) оқу; 
физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б.
Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша 
әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер 
ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. 
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен 
орындалатын болып 3
-
ке бөлінеді.
Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер 
физикалық және физика
-
техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын 
оқушылар саны 10
-15-
тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп 
бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) 
жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет