Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері



Pdf көрінісі
бет2/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
мәселелерді 
шешеді:
-
физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру;
-
тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру;
-
мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі 
жүйелі түрде жетілдіру;
-
аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе 
түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне енгізу.
Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады:
-
ғылыми
-
техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы 
және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан 
үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру;
-
ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, 
теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс
-
тәсілдерін, дүниенің қазіргі заманғы 
ғылыми бейнесін қалыптастыру;
-
материаның құрылымдық сарқылмасиығы мен біртұтастығын, физикадағы 
аса маңызды сақталу заңынының жан
-
жақтылығын, физикалық құбылыстардың 
диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы 
дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс
-
тәжірибенің ақарар маңызын ашу;


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
-
ғылыми
-
техникалық прогрестің
басты бағыттарымен, атап айтқанда, 
кешенді 
автоматтандырумен, 
электрониканың 
және 
микропроцессорлық 
техниканың, роботты техниканың, аомдық энергетиканың дамуымен, жаңа 
материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника 
және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру;
-
өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық 
құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай
-
ақ, оқулық, анықтамалық және 
хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
-
қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен 
аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе 
мәліметтері негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай 
білу;
-
физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін 
дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау;
-
оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін 
жетілдіру, еңбек етуге дайындау;
-
оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру –
негізгі фактілер, ұғымдар, 
заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория 
негізінде физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету;
-
физикалық 
құбылыстарды, 
тәжірибе 
нәтижелерін 
аспап 
пен 
қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі 
бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету;
-
оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту;
-
оқушылардың 
жалпы 
ғылыми 
ойлауын 
дамыту 

физикалық 
құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу 
себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын
-
ала болжау;
-
оқушыладың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, 
жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;
-
оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс
-
жүзінде 
қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту;
-
оқушыларды әртүрлі физикалық аспап, құралдар мен қондырғыларды 
пайдалана білуге тікелей іс жүзінде дағдыландыру;
-
оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
-
физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу;
-
оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын 
талдай білу;
-
физикалық жаттығуларды, эксперименттік және оқыту тәжірибелерін, 
лабортаориялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту, т.б.
Оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру мәселесімен көптеген 
ғалымдар шұғылданды. Әдіскер ғалымдардың көзқарастарына, пікірлеріне сүйене 
отырып, оқу сабақтарын ұйымдастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз: а) жалпы 
формасы; ә) нақты формасы. 
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы формасына оқу сабақтарының 
ұжымдық, топтық және жеке формалары топтастырылады. Бұлардың бір
-
бірінен 
айырмашылығы, мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмасына 
байланысты анықталады, яғни тапсырма: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) 
жеке топ оқушыларына; 3) әрбір оқушыға беріледі.
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты формасы оқу үрдісіндегі атқаратын 
міндетіне, оқу материалын баяндау тәсілдеріне, білімдерді қалыптастыру және 
жетілдірудегі, оқушылардың іс
-
әрекеттерін ұйымдастыруға, дағдылар мен 
іскерліктерді қалыптастырудағы негізгі білім көздеріне байланысты анықталады, 
мысалы 
лекция

жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізу көзделеді. Себебі, ұзақ 
уақыт бойы жаңа ақпараттарды қабылдауға дағдыланған. Лекцияда негізгі білім көзі 

мұғалім. Лекция білімдерді қалыптастыру міндетін атқарады. 
Семинар
–білімдерді 
бекіту, жетілдіру міндеттерін атқарады. Семинарда білім көзі –
пікір сайсқа 


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
қатысқан, рефераттарды талдауға қатысқан, қолдан көрнекіліктер және приборлар 
жасаған оқушылар болып табылады. 
Оқу
-
практикалық сабақтар
оқушылардың 
іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Оқу сабақтарын 
ұйымдастырудың бұл формасында әртүрлі практикалық жаттығулар, экспериментік 
жұмыстар 
орындалады. 
Экскурсияда 
оқушылар 
білімді 
өндірістердегі 
механизмдердің жұмыс принциптерімен танысу, табиғатта өтіп жатқан әртүрлі 
процестерді бақылау барысында алады. 
Конференцияда 
оқушылар білімді өздігінен 
оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан алады

Мектеп өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері қолданылатыны белгілі, 
сондықтан оларды классификациялау принциптері де әртүрлі. Олардың ішіндегі 
дұрыс деп қолданылып келген принцип –
оқушылардың алатын білім көздеріне және 
мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты 
классификациялау. Бұл принцип тұрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді: 
1)сөзбен баяндау әдістері; 2)көрнекілік әдістер; 3)практикалық әдістер.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары 
және сұрақтар
1.Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері мен мәселелерін көрсетіңіз
.
2.
Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің 
міндеттері мен өзекті мәселелері
жайында баяндаңыз
.
3.
Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формаларын көрсетіңіз
.
4.
Физиканы оқыту әдістерін
атаңыз.
№ 2
дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет