Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері


Заттың агрегаттық күйлерінің арасындағы айырмашылықты молекула



Pdf көрінісі
бет18/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Заттың агрегаттық күйлерінің арасындағы айырмашылықты молекула
-
кинетикалық түсініктер көзқарасы тұрғысынан түсіндіру
 
Заттың агрегаттық күйлерінің арасындағы айырмашылықты оқып үйрену 
кезінде әуелі қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері 
тәжірибелер арқылы көрсетіледі. Мұнда алдымен қатты денелермен тәжірибелер 
жасап, олардың өз пішінін сақтайтын қасиеті туралы қорытынды жасалады. Содан 
кейін оқушылар қатты денелердің осындай қасиетінің бар екендігін дәлелдейтін 
және оның техникадағы, тұрмыстағы маңызын көрсететін мысалдар келтіреді.
Сұйықтың пішінін өзгертетіндігін әр түрлі пішінді ыдыстарға құйып 
көрсетуге болады. Мензурка мен өлшеуіш колба арқылы сұйықты бір ыдыстан 
екінші ыдысқа құйғанда пішіні өзгергенмен
көлемі тұрақты болып қалатынына баса 
назар аударылады.
Газдар туралы айтқанда, оқушылардың қатты денелер мен сұйықтарға 
қарағанда газдар жайында едәуір аз білетінін ескере отырып, олардың «Дүниетану» 
курсынан алған білімдерін қайталап алған жөн. Қайталау материалдарына сүйене 
отырып, газдардың негізгі қасиеттері: сығылғыштығы, шексіз ұлғая алатындығы 
көрсетіледі. Газдың сығылғыштығына допты қысу арқылы көз жеткізеді. Ал газдың 
өзіне берілген көлемге тегіс жайылатынын былай көрсетеді: резеңке шарды 
ортасынан буып қойып, бір жартысын үрлейді, сонан соң буылған жерін босатып 
жіберсе, ауа шардың бүкіл көлеміне жайылады. 
Газ, сұйық және қатты денелердің қасиеттерін түсіндіргенде оқулықтың 
соңындағы (217 бет) заттың әр түрлі күйлерінің қасиеттерін көрсететін кестені 
пайдаланған жөн. 
Жұмыс, қуат және энергия. 
Бұл ұғымдар физикадағы неігзгі ұғымдардың 
қатарына кіреді және бір
-
бірімен өте тығыз байланысты. Әдіскерлер арасында 
“физиканы оқытқанда әуелі энергия ұғымын енгізу қажет”

деушілер де бар. Оған 
негіз де жоқ
емес. Шынында да, механикалық қозғалыстарға байланысты 
тарауларды 
қорытындылағанда 
табиғаттағы 
метериалдардың 
қозғалыс 
формулаларының сан алуандығына оқушылардың назарын ерекше аудара кеткен 
жөн. Қозғалыс механикалық, жылулық, электромагниттік және басқа да әр түрлі 
өрістік формулаларда көрініп, бір
-
біріне ауысып та отырады. Осыған байланысты 
материя қозғалысының әр түрлі формулаларын жалпыға бірдей нақты бір өлшеммен 
өлшеу қажеттігі туады. Мұндай өлшемнің қызметін энергия атқарды.
Энергияның негізгі қасиетін мына тұжырымдамамен жеткізуге болады: 
«жүйенің энергиясы оның күйінің бір мәнді функциясы болып табылады». Ал 
жүйенің күйі оның параметрлерімен анықталады. Мысалы, жоғары көтерілген 
дененің потенциялдық энергиясы (W
n
)-
оның көтерілу биіктігінің (h) функциясы 
(W=mgh); сол сияқты қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы (W) оның 
жылдамдығының 
( )

функциясы (
2
2

m
W
k
=
) болып табылады. 
Жұмыс пен қуатқа байланысты 7
-
класс оқушылары мына қағидалар мен 
анықтамаларды міндетті түрде меңгеу тиіс.
1.
Денеге күш әрекет етіп, қозғалысқа келгенде ғана механикалқы жұмыс 
атқарылады.
2.
Механикалық жұмыс күш мпен сол күш бағытында жүрілген жолдың 
көбейтіндісіне тең.


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
3.
Күштің өлшем бірлігіне бір джоуль (1Дж) алынады. Бұл 1 ньютон (Н) 
күштің 1 метр (м) жол аралығындағы істелген жұмыс.
4.
Жұмыстың атқарылу жылдамдығы қуат сипатталады.
5.
Қуат жұмыстың және оған атқаруға кеткен уақыттың қатынасына тең.
6.
Қуаттың өлшембірлігіне ватт, киловатт, меговатт алынады.
7.
Қуат пен уақытты біле отырып, жұмысты есептеп шығаруға болады. 
сондықтан кез келген қозғалтқыштардың басты параметрлері ретінде қуат 
көрсетіледі.
Қарапайым механизмдерді қарастырғанда олардың жұмыстан ұтыс бермейтініне 
баса көңіл аудару қажет. Ол үшін әр түрлі қарапайым механизмдерді пайдалана 
отырып, тәжрибе жүзінде оқушылардың көзін жеткізуге болады. тәжрибелерден 
алынған нәтижелердің бір
-
біріне өте дәл үлесепуі салдарына тоқтап, үйкеліс күшін 
жеңуге де жұмыс атқаратынан айта кеткен жөн. Бірақ біз тәжірибеде кедергі күштер 
ескермейтінімізді ескерту қажет.
Денелердің тепе
-
теңдік шартын, күш моменттері ұғымын сызғыш
-
иіндікті 
(рычагты) пайдаланып, тәжірибеде жасау арқылы енгізу аса ұтымды болып шығады. 
Осы ұғымдарға байланысты өте маңызды мәселелердің бірі

иінді таразыларды 
қолдануға оқушылардың назарын ерекше аудару керек.
Қорыта айтқанда, тақырыптағы негізгі мәселе: қарапайым механизмдерді 
қолдану арқылы кұштен ұтсақ та, жұмыстан ұта алмайтынымызды (механиканың 
алты ережесін) оқушыларға жете ұғындыру болып табылады. Сонымен қатар 
оқушыларға 
механизмдерді 
пайдаланғанда 
үйкеліс 
күштерінен 
арыла 
алмайтынымызды, сол себепті пайдалы жұмыстың толық жұмыстан үнемі кем 
болатынын жете ұғындыру керек.
Энергия жұмыс ұғымына негізделіп түсіндірілтін болғандықтан, сабақты 
өткендегі жұмыс туралы оқу материалдарын қайталаудан бастау керек. Әсіресе 
мынадай сұрақтарға жауапты тиянақтап алған дұрыс: механикалық жұмыс дегеніміз 
не? Жұмыстың нақты екі белгісі қандай? Ол белгілер қандай формулаларда көрініс 
тапқан? Жұмыстың бірлігі қандай? Оны қалай анықтайды?
Одан әрі оқулықтағы логикалық желіге сәйкес потенциалдық және 
кинатикалық энергитялардың ерекшеліктерін ашып, олардың әр түрлі денелердің 
көріністеріне тоқталған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет