ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «фИзика» кафедрасы
РЕферат
Тақырыбы: Потенциалдық және потенциалдық емес күштер. Тұйық контурмен қозғалғандағы күг жұмысы. Күш өрісі. Потенциалдық энергия және оны нормалау.
Орындаған: Алдаберген. А
Группа: ЕП-20-3к3
Қабылдаған: Ортаева. К
2020-2021ЖЖ Жоспар:
1)Потенциалдық күштер _____________________________________
2) Потенциалдық емес күштер________________________________
3) Электр қозғаушы күш_______________________________________
4) Потенциталдық энергия ___________________________________
5)Электр қозғаушы күш (ЭҚК) ________________________________
6) Өріс. Физикалық өріс______________________________________
7)Күш жұмысы _________________________________________________
8)Пайдаланылған әдебиеттер_____________________________________
Потенциалдық күштер Потенциалдық күш (Сила потенциальная) — потенциалды күш алаңында әсер ететін күштер. Потенциалды күштің атқарған жұмысы күш функциясының алғашқы және соңғы мәндерінің айырмашылығына тең, нүктенің қозғалу траекториясының түріне тәуелсіз.
Потенциалдық күш жұмысының өзгерісі – күш функциясының нүктенің бастапқы және соңғы орнына сәйкес шамасының айырмасына тең және күштің түсу нүктесінің траекториясына байланысты болмайды тең.
Потенциалдық емес күштер Потенциалдық емес күштер-күштің түсу нүктесі қозғалыс заңдылығына немесе траекториясына жұмсалған жұмысқа тәуелді күш.
Электр қозғаушы күш
Электр қозғаушы күш – электр тізбегіне жалғанған, табиғаты электрстатикалық емес энергия көзі. Тек қана электрстатик. күштер тұйық тізбекпен тұрақты токтың үздіксіз жүруін қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл күштердің тұйық контур бойымен зарядты қозғалтуы үшін жұмсайтын жұмысы нөлге тең, ал ток жүрген кезде әдетте энергия шығыны болады. Сондықтан тұйық контурмен үздіксіз ток жүруі үшін электр тізбегінен тыс басқа бір энергия көзі болу керек. Бұл энергия көзі энергияны сырттан ала отырып, оны зарядтардың қозғалыс энергиясына айналдырады да, қосымша электр өрісін (Е) тудырады. Мұндай қосымша электр өрісі күшінің тұйық контур бойымен істейтін жұмысы нөлге тең болмайды: . Е' шамасы Э. қ. к. деп аталады және оның шамасы бірлік зарядты қозғалтуға кететін электрстатик. емес күштердің жұмысына тең. Потенциал сияқты Э. қ. к-тің де өлшеу бірлігі – вольт (в). Электролиттердегі иондардың диффузиясы, контур арқылы өткен магнит ағынының өзгеруі (эл.-магн. индукция), т.б. Э. қ. к-ін тудырады.