1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін оқуға түсушінің білім деңгейін анықтау:
М011 –Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) 3. Тест мазмұны:
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Магистратураға түсуші талапкерлердің білімін бақылауға арналған «Физиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша тесттер жинағы.
«А» деңгейіндегі тапсырмалар физиканы оқытудың жалпы мәселелері бойынша білімді тексеруге бағытталған.
«В» деңгейіндегі тапсырмалар негізгі мектепте физиканы оқыту әдістемесіне арналған.
«С» деңгейінің тест тапсырмалары физиканы жоғары сыныптарда оқыту мәселелеріне арналған.