Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:«Жазудың жалпы даму тарихы»
Opындaғaн:КО-21 тобының студенті Омарова Б.К
Тексерген: «Орфография мен пунктуацияның қиын мәселелері»пәнінің оқутышысы Турсунова М.А
Қарағанды, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
І Пиктографиялық жазу.Идеографиялық жазу...........................................…......4
Негізгі бөлім
ІІ Жазудың жалпы даму тарихына шолу …..........................................................5
Қорытынды ...........................................................................................................11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………...13
КІРІСПЕ
Жазу - адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым-катынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы,кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен.Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарға да пайдаланылған. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған.Осылайша алғашқы жазу пайда болған.Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б.пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Таңбаларының мағынасына қарай адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді: 1) пиктографиялық жазу- жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді.Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы, бақыттылықты, олжаны- тасбақаның, махаббаты-сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты –ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен белгіленген; 2) идеографиялық жазу- жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады.Идеографиялық жазудың бір түрі- иероглиф жазу; 3) буын жазуында -сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді; 4) дыбыстық жазу (әріп жазуы)- жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері- финикия, армей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен ҮІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған. Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:Енисей ескерткіштері.Талас ескерткіштері.Орхон ескерткіштері.Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
І Пиктографиялық жазу.Идеографиялық жазу.
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.
Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.
Әрбір сурет өздігінен бүтінднй хабарды білдіре алады . Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік нормаларды емес , оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған . Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың… т.б. суреттері қолданған . Мысалы, “мен аң аулауға кеттім” дегенді білдіру үшін адамның суретіне қоса тоғайдың және аңның суреті салынған.
Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің , магазиндео мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың және т.б. суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.
Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады.Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмасы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографияның пиктографиядан басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес , олардың мағынасында. Идеографиялың таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін ) белгілейді.
Идеографиялық жазудың үлгілерін өтө ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын.Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп , соған телінуіне негізделген. Қытай жазууындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айқындалған.
Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді: олар сөздің дыбысталуын емес , мағынасын білдіреді. Сондықтан қытай тілінде омонимдер әр түрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен морфологиялық құрылысы біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принципін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, “5” деген цифрды алалық. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрлардың атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі: орысша – пять, қазақша – бес, ағылшынша – fiue.
Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді,бірақ ол таңбаның цифр атының дыбысталуына ешбір қатысы болмайды. Осы ерекшелік – идеограммалдар мен идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек.
Пиктографиялық жазуға қарағанда, идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді. Идеографиялық жазу сөйлеудің мазмұнынын білдірумен бірге , оның бөлшектері – сөздерді , сөздердің синтаксистік орын тәртібін , кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады.
ІІ Жазудың жалпы даму тарихына шолу
Жазудың тарихына қатысты шетелдік тіл білімінде біраз еңбектер аз емес. Атап өтсек, В.А.Истриннің «Возникновение и развитие письма» (Москва, 1965), «Развитие письма» (Москва, 1961); Д.Дирингердің «Алфавит» (Москва, 1963), И.Фридрихтің «История письма» (Москва, 1979),; И.Е.Гельбтің «Опыт изучения письма» (Москва, 1982) сынды еңбектер.
Жоғарыда аталып өткен еңбектерге сүйене отырып, жазудың даму тарихын эволюциясын тануға тырысайық. Қазақ тіліндегі еңбектерде сирек кездесетіндіктен әдістанымдық негіз ретінде жазу тарихына шолу жасаудың қажеттілігі бар деп білемін.Қоғамдағы адамның мәні өз ойын сыртқа шығару қабілеті мен өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеті арқылы ерекшеленеді. Біріншісі, жеке-дара қасиеті болса, екіншісі, әлеуметтік қасиет. Адам өз сезімін ән айту, өлең шығару, сурет салу, мүсін жасау сияқты қоғамдық шартты құбылыстар арқылы білдіреді. Тарихқа көз жүгіртсек адам қоғамсыз өмір сүре алмағын. Сондықтан қоғам болып бірлесіп қабылданған бейнелер арқылы өз ойын, сезімін сыртқа шығарудың жолдары көбейе түсті.
Жазу сурет өнерінен бөлініп шықты. Ол қоғамдық ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы болды. Айнала қоршаған ортадан көрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларын, сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – «жазу», көнескандинавиялық rita – «керту», «тырнау» деген мағына береді)
Алғашқыда адам тек өз басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа шығарды. Уақыт өте келе бұл туындыларды өзгелер де қарап, оқиға, құбылыстарды түсініп, қабылдай алатын болды. Жазудың қоғамдық сипаты сол дәуірлерден ақындала түскен. Бұның басты себебі, өз ойын сыртқа көркемдеп жеткізе білетін әрі қолынан сурет салу келетін қасиет адамдар санаулы болды да, ол «құдай жіберген» адам түсінігінде қабылданды. Бұл пиктографиялық жазу түрі еді. Тек бұл жазу түрін зерттеушілер жазу тарихынан гөрі өнер, магия тарихына апарады. Д.Дрингердің айтуы бойынша: «Полеолит дәуіріндегі суреттер біреуге бірдеме хабарлау мақсатынан тумаған сияқты, олар тек өз сезімдерін сыртқа шығару үшін ғана керек болды». Адамзат сөйлеуінің сатыларына сәйкес жазу типтері пайда болады. Ауызша тілдің сөйлем мүшелеріне бөлінбей, синкретті қолдану себебінен ең алғашқы жазулар сурет, идеограмма, логограмма болған. Сөздің дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап дербес жазу шықты.
Адамзат өркениетінің ғұмыры жазу кезеңдерінің ғұмырынің өлшегіші. Жазудың пайда болуы, оның типтерінің, түрлерінің пайда болуы өндірістің, экономиканың дамуы мен қоғамдық, экономикалық қатынастардың жетілуіне қатысты болды. Дыбыс жазудың шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетілуіне байланысты болса, екіншіден, жазудың қоғамдық қажеттіліктерді орындай алуында байланысты болды. Сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінуін байқау адамзат санасының өте жоғары дәрежесін қажет етті.
Ғалымдар жазу түрлері мен типтері туралы әртүрлі пікір айтады. И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер сурет жазуын жазу емес, логографиялық жаудың алдындағы саты деп нақтылайды. Бұған Египет пен Грецияда жазу мен суреттің бір болуы, шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларында бейнелі-символикалық таңбалардың көп болуы да себеп болды.
И.Е.Гельб «жазу» ұғымына фонографиялық жазуды сәйкестендіреді. Оның топтастыруынша, фонографиялық жазу сөз бен буын жазуын, (шумер, египет, хэтт,қытай), буын жазуын (финикий, жапон) және әріп жазуын (грек, арамей, латын) қамтыды.
В.А.Истрин фразограммамен бірге алғашқы жазу типіне пиктографиялық жазуды жатқызып, одан кейін логограмма, морфеграмма, силлабограмма, фонограмма бірліктері жазу типтеріне сәйкес келеді дейді.
Америка үндістері, Қиыр солтүстік халықтарында, ертедегі Египет, Месопотамия, Финики, Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жерлерінде, Ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында алғашқы сурет жазу түрлері пайда болды. Қазақстан жерінде Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. 7ғ), Талдықорған облысы, Ақсу,Қапал жерінен, Дауылбай тауынан, теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы, Қаратаудан, семей, Дегрес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.
Идеографиялық жазудың алғашқы үлгілері Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка тайпалары жерінен, Австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагирлерінен, Пасха аралдарынан табылды.
Логографиялық жазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. IV-III мыңж.) болды, кейінгі ежелгі эгипет, ежелгі үнді жазуларында дамыды. Ф.Гоммель, Х.Иенсен, Дж.Болли, И.Гельб сынды ғалымдардығ айтуынша басқа жазу түрлерінің барлығы шумер жазуынан бастау алған. Логограмманың пайда болуына сол елдердегі мемлекетті жазу арқылы жүйелеу қажеттілігінің әсері болды. Енді бір себебі жеке тілдердің сөз ағынына оңай бөлінуі, грамматикалық жағынан тұрақтылығы болды. Қытай тілінің түбір, шумер тілінің жалғамалы сипаты логограммалардың жасалуын жеңілдетті. Бірінші болып логограмманы шумерліктер ойлап тапқанмен, оны дамыту жағынан Египет пен Қытайкөш алда болды. Қытай иероглифі логография түрінен сақталды да, ал басқа жазулар ілгерілей берді. Сөздердің бір буыннан тұруы, жаңа сөздердің түбір қосындыларынан тұруы, ұқсас морфемалардың көп болуы, диалектінің көптігі, бір таңбаның әртүрлі оқылуынан қытай тілінің түбір сипаты пайда болды. Иероглиф жазу иератикалық жазуға, кейін демотикалық жазуға көшті. Логограммалар шумер тілінің жалғамалы сипатына сай келгенмен, кісі есімдерін, жауланған жер, халық атауларын жазуда қиындықтарға келіп тірелді. Сөйтіп, шумерліктер тағы да буын жазуын алғашқы болып жасады (б.э.д. III мыңж.). Оған бір буынмен тілдегі ортақ аффиксті беру оңтайлылығы, бір буыннан тұратын омонимдер көптігі әсер етті. IV мыңжылдықта шумер логограммасы 1500-ден артылса, III мыңжылдықта 600-ге қысқарды. Шумер жазу түрінде дауыссыз дыбыс қатары мүлде болмады. Логограммаларда деректі таңбалардың қосындысы көп болды.
Ең алғашқы жазу Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында Месопотомия өлкесінде, шумерліктерде б.э.д. 3100 ж. пайда болды.Шумер мен аккад мәдениетін пайдаланып вавилондақтар дамыды. Вавилондықтардың кансонантты жүйесіне, ішкі флексия сипатына, қос дауыссыздардың қатар келуіне, сөз аяғында ұяң, қатаң дыбыстарды айыру сипатына шумердің буын жазуы сай келмеді. Бөтен жазуды қолданудан вавилон жазуына қиындық алып келді.
Буын жазудан кейін тарих сахнасына келген жазу бір тыбысқа бір таңба сәйкескен дербес жазу деп аталды. Оны кейде әріптік-дербес жазу деп те атайды. Дербес жазудың екі түрі белгілі: консонантты, вокалды. Алғашқысы таза консонантты (египет, батыс семит жазуы) және жартылай консонантты (жол үсті, асты дауысты дыбыс белгілері бар) деп бөлінеді. Консонантты жазу б.э.д I мыңж. жатады.
Дауыстыларды белгілуіне қарай алфавит үш типке бөлінеді: I тип – грек, латын алфавиті (дауыстылар белгіленеді), II тип – арамей, еврей, араб әліпбиі (дауыстылар диакритикалық таңбамен беріледі), III тип – үнді әліпбиі (дауыстылар диакритикалық белгілермен немесе таңбалардың ішкі модификацияларымен берілді).
Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында пайда болды. Бұның себебі, В.А.Истриннің айтуынша: «Ежелгі египет тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, арамей) ортақ белгілері болуында, яғни дауыссыз дыбыс ерекше грамматикалық мағынаға ие болды да, дауысты көмекші функцияда жұмсалды». Египет тіліндегі 3300 түбірдің 2200-і үш дауыссыздан, 600-і алты дауыммыздан, 400-і екі дауыссыздан тұрған. Сонда египетжазуының 26 әрпінің 4-еуі (а, е,j, w) кейде ғана дауыстының таңбасын берді. И.Гельб пен Дьяковтың пайымдауынша, кез келген консонантты жазу дауыссыз бен қандай да бір дауыстының тіркесін береді. И.Фидрих «Бір дауыссыз дыбыс әрпі дауысты мен дауыссыз дыбыс тіркесін берді, Минерва сөзі MNRVA деп жазылған» дейді этрус жазуларында l,m,n,s,f әріптері силлабема ретінде қаралды: c-ке, k-ка, q-ку деп аталды. Сондықтан екі дыбысқа бір таңба арналды. Дауысты дыбыс таңбасы болса, ол тек туынды сөздің грамматикалық формаларын берді. Мысалы, ktl – «өлтіру», KeTol – тұйық етістік, KoTel – «жан алғыш», KaTuh – «өлген» д.с.
Консонантты жазу египеттіктерде алғашқы жазу болып табылғанмен онда логограммалар, морфемограммалар да кездеседі. Ал финикий мен батыс семит халықтары (б.э.д. II мыңж) таза дербес жазу жүйесін алып келді. Финикийлер – б.э.д. III мыңж дейін Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген, ірі сауда шахары болған халық. Олардың жазуындағы 22 әріптің бәрі дауыссызды, жартылай дауыстыны таңбалады. 22 таңба – алеф, бет, гимел, далет, хе, вав, зайн, хет, тет, йод, каф, ламед, мем, нун, самеһ, айин, пе, цаде, коф, реш, шин, тов. Әріп атауы реалий атауының алғашқы дыбысымен сәйкес келеді. Жазудың ұтымдылығы алфавиттік реттің болуы, сөздің алғашқы дыбысына әріптің сәйкес келуі, таңба сөздің денотатына ұқсас болуы, жазу процесінің оңнан солға көлбеу бағытта жүруі жатады. И.Фидрих батыс семит халықтарының жазуының маңызы туралы былай дейді: «Егер біз қателеспесек, дауыссыздарды таңбалаған әлемде жалғыз жазу болды, ол кейін гректің толық жазуына айналған батыс-семит халқының жазуы»
Ғалымдар финикий әліпбиінің консонанттылығы туралы әртүрлі болжам айтады. Бір екеуін мысалға келтірсек: Морис Дюнан әліпбидің тез таралу үшін семит халқы саналы түрде дауыстыларды белгілемеді дейді. Финикий әліпбиінде дауысты дыбыстардың болмауы дамымағандығынан емес, әліпбидің ұтымды жағы болуында. «Дауысты дыбыс таңбасының бүгінде (әсіресе ағылшын жазуында) көпмәнді болып кеткені соншалық алғашында ол таңбаға қандай мән жүктелгені белгісіз болып қалды».
Бір ғана ұғымды беріп келген сурет, логографиялық жазу қалай ғана дербес жазуға айналды.
Суретжазу мен дыбысжазу аралығында сөзжазу, ребус жазуы болғанын, ал сөзжазу жалпы ұғымнан гөрі, ауызша айтылғандығы сөзбе-сөз түсіріпиотырғанын білсек, оның бержағында дыбыстық ребустың да өмір сүргенін аңдасақ, алфавиттік жазуға эволюциялық кезеңдерді бастан өткізіп барып жеткен.
Тарих сахнасындағы мынандай жеті жазу жүйесі адамзат мәдениетінің өркендеуіне түрткі болды: шумер жазуы (Месопотомия, Тигр, Ефрат өзендері аралығында б.э.д. 3100 ж. – б.э. 75 ж.); ежелгі элам жазуы (Эламда б.э.д. 3000ж. – б.э.); ежелгі үнді жазуы (Үндістанда, б.э.д. 2200 ж.); қытай жазуы (Қытайда б.э.д. 1300 ж.); египет жазуы жазуы (Египетте б.э.д. 3000 ж.); крит жазуы (Крит, Греция жерінде б.э.д. 2000 – 1200жж.); хетт жазуы (Анаатол, Сирияда б.э.д. 1500 – 1700 жж.).
Жазу тарихына шолу жасағанда тоқтала кететін тағы бір жазу жүйесі ол араб графикасы. АГнҚЖ - ның қадим жүйесінде 34 таңба бар. Араб әліпбиіне сәйкесі - 28, парсы әліпбиінен алынғаны - 4, түркіден - 1, енді бірі ауған жазуының әрпі екені анықталды. Араб жазуында қазақ тілінің дауысты дыбыстардың жүйесі 3 таңбамен берілді. Ал топтасырылғанда: фонемалардың ашық, қысаң және дифтонг белгілеріне байланысты. Яғни, <а> , <ә> , <е>, <ы>; <й>, <ы>, <і> , <е>; <у>, <ө>, <ұ>, <ү> [3, 67 б.].<е> фонемасының ашық - қысаңдығы араб гафикасында айырылмайды. Сол себептен, <а>, <ә>, <е> фонемалары төрт түрлі позициялық әріп- вариантта қолданылады. Бірақ бұл фонемалар бір графемаға ұйымдасқан. Оларды графема-әріп қатынасында көрсетсек, мысалы, 3 фонема: 1 графема; 1 графема: 4 әріптен тұрады. Дауыстылардың өзіндік таңбаланатын жүйесі болады. Бұл пікірді Г. Мамырбекова өз зерттеуінде айтып өтеді. Сөз басында <е> фонемасы міндетті түрде /иа/ -мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә> - лермен бірге /һа/ арқылы таңбаланған. Мұндағы сөз басындағы <е> -нің дифтонг реңкі жазуда ескерілген. Кейде дауысты дыбыстардың бір инвариант таңбасының қойылмай кетуі де кездеседі. Ол жазудың кодтық қасиетін көрсетеді.
Қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне байланысты, қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісі қойылса, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісі қойылмайды.
Ал араб жазуында қалай? Бұл жазуда мағынасына қарай дауысты дыбыстарды қалпына келтіріп оқитын логикалық әдіске негізделген. Сөзді тұтас көріп отырады. Мұнда мәтін буын не әріп арқылы жасалмайды. Сондықтан алғашқы буындағы дауыстылардың редукциялануы, әсіресе қысаң езуліктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбалануы тұрақты нормаға айналды.
Ор, өр, ұр, үр сияқты бір буынды сөздердің мағынасын ажыратуда қиындық туды. Ал дауыстылар жүйесінің графема – фонема қатынасы 3:9 болып шықты.
Араб тілінің графикасы түпнұсқа қалпында жүйесі бөлек қазақ тілінің ЖТ – нде пайдаланылды. АТ – дан өзгеше, АГнҚЖ өзіндік деңгейі мен жүйесі болған, оған параллель жатқан жүйе болды. Сонымен қатар халықтық тілден едәуір айырмашылығы бар кітаби тілдің тұрпат межесін белгілеген графикалық жүйе болды дейді,- Н.Уәли.
20 дауыссыздар жүйесін құрайтын таңбалардың 3 әрпі шеттен енген сөздерді таңбалады: х, ф, ч: хазірет, хабар хош. Түркістан уәләяты газетінде, яғни бұл араб жазуының демократиялана бастаған жәдид жазу жүйесі кезінде бұл қатардың кейбіреуі қ әрпіне ауыса бастады: қабар, қан. Ал <ц> тс пен, <в> - у мен берілді. <Ң> - /нк/ әріп тіркесімен беріліп, сөз мағынасы дауыссыздардың жуан – жіңішке нұсқасымен айрылып отырды. Парсы әліпбиінен алынған таңбалар жүйесіне: [п ], [ғ], [ч] жатқызамыз.
Сөз аяғы [п] - мен аяқталмайтынын, <п> фонемасының сөз басында парсылық /пе/ - мен, сөз аяғында арабша /ба/ - мен сөз ортасында бірде /ба/, бірде /пе/ берілу жүйесінен байқауға болады. Сонымен қатар, <б> фонемасының сөз ортасында /ба/ - мен, бірге /ве/ - мен да берілуін интервокал позициядағы босаң <б> вариациясын білдіруі деп түсінуге болады. Бұл Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша .
<п> дыбысының әрпі өзге әліпбиден, яғни парсы әліпбиінен алынса да, толық өз функциясында жұмсала алмаған. Бұл <п> дыбысы араб әліпбиінің түпнұсқасында болмаған.Басқа тілден енген акроном, дәркер емке, крек сөздерінде <г> - к әрпімен таңбаланып отыр. Араб әліпбиінде <г> фонемасының таңбасы болмағандықтан кейде орнына ғ әрпі пайдаланылған. Бұл Б. Әбілқасымовтың зерттеуі бойынша.
Ч, ш екі әріп таңбалары бірінің орнына бірі қолданыла берген. Ч әрпі өзге графикадан алынғандықтан, ш графемасынан дифференцияланбайды. Ч әрпі қатаңмен де, үндімен де іргелес келгенде таңбаланған кездері болады: айтчы, елчі. Орыс тіліндегі <в> фонемасы 3 түрлі дыбысталады. Олар: у, б, ф әріптерімен беріледі. Мысалы: чинобник, бистафка, Жапаноф, Ибаноф т.б.
Ерін үндесімінің басым берілуі, тіпті қосымшаларының да таңбалануы, араб жазуының емлесіндегі ең бір ерекшелігі болып табылады. Мысалы: болұс, мүйүз, тұрғұн, ұзұнлұқ, үстүнен. Барұб, келүб сөздерінде оғыз – қарлұқ архаикалық элементінің дәстүрін сақтағанын байқаймыз.
Қ.Жалайырдың еңбегінде қосымшалардың еріндік нұсқасының мүлдем кездеспейтінін, ал лабиалды үндесім тұрақты таңбаланбайтынын профессор Р.Сыздықтың еңбегінде айтылған.Бұл қазақ тілінің өз емле нормасы, орта түркі шағатай тілінің орфографиялық нормасынан бөлініп шыға бастағанын көрсетеді.Көптік жалғауының қазақ АТ - да 9 нұсқасы бар. 9 <лар, лер, дар, дер>, / <лар>. Мұнда қосымшалардың мазмұн межесі бір тұрпат межесіне сай келген қосымшаның таңбалық сипатын көрсетті.
Араб жазу дәстүрінен қазақ тілінің өзіне тән жазу жүйесі түзіліп келе жатқанын мына белгілерден байқауға болады. Мысалы, орнына, халқыңыз, көңлүме сияқты сөздерде ұысаң езуліктердің айтылуы бойынша түсіріліп жазылуынан, йақшы, йарханыб, ахыры, ахшар сөздерінен, интервокал позициядағы <қ> фонемасының /х/ әрпімен берілуі, әріптердің жуан дауыстылармен іргелес жазылуынан білуге болады.
Г.Мамырбекованың XVIII- XIXғғ. араб жазулы ескерткіштердің әліпбиі мен орфографиясына арнайы зерттеуінде, АГнҚЖ-ның жалпы сипаты мен маңызын көрсетті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, онын принңиптері де өзгеріп отырды.
Жазу- адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым-катынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы,кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен.Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарға да пайдаланылған. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған.Осылайша алғашқы жазу пайда болған.Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б.пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған.
Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі кай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстык жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі кұбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дэл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшактыктар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нэтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан эрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын камтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондьщтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жётілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.
Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтыктар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі XX ғасырда коғамдык кажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .-Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. Алматы 2010
8. Н.Уәлиев. А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы // ұлттық рухтың ұлы тілі. Алматы: Ғылым, 1999. -155б.
9. Мамырбекова Г. XVIIV – XIX ғғ. Араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялықерекшеліктері: фил. ғыл. канд...автореф. / Г.Мамырбекова. – Алматы, 2006.- 25 б.
Достарыңызбен бөлісу: |