Әрекет потенциалы – бұл қозу кезеңіндегі мембраналық потенциалдың тербелісі (мембрана зарядтары өзгереді).
Әрекет потенциалы кезеңдері
1. Жергілікті жауап.
2. Деполяризация.
3. Реполяризация.
4. Теріс іздік потенциал.
5. Оң іздік потенциал.
Жергілікті жауап – тітіркендіргіш дәл әсер еткен жерде мембрана аздап деполяризацияланады, яғни әрекет потенциалы мембрана бойымен таралмайды, мембраналық потенциал мөлшері төмендейді.
Әрекет потенциалының төмендеп , бірітіндеп мемебраналық потенциалдың бұрынғы қалпына келу кезеңі әрекет потенциалының реполяризация кезеңі деп атайды
Теріс іздік потенциал - реполяризация аяқталуға жақындаған сәтте ӘП ары қарай төмендеуі тоқтап, белгілі бір деңгейде 15мс-тей кідіріп, потенциал мөлшері МП-дан төменірек, яғни мембрана аздап деполяризация жағдайында болады.
Оң іздік потенциал – реполяризация аяқталып, МП алғашқы қалпына келеді, оның оң заряды біраз уақыт 15мв шамасындай күшейеді.Осы реполяризациякезеңінің соңында потенциалдың күшеюін гиперполяризация дейді. Гиперполяризациядан соң МП қайта қалпына келеді. Жүйкенің гиперполяризация мезгіліндегі потенциалы оң із потенциалы болып есептелінеді.