32. Бұлшықеттердің қозғалыс жұмысы. Бұлшықеттің қажуы, бірлігі. Қаңқа бұлшықет жиырылуының нервтік реттелуі. Егер де ет жиырылып ауырлық көтерсе, онда ол жұмыс істегенін көрстееді. 2түрі бар: - статикалық;
-динамикалық.
Статикалық жұмыс- ет жиырылып, ауырлықты ұстап тұрады, бірақ бұлшықеттің ұзындығы қысқармайыды.
Егер де жүкті юір жерден екінші жерге көтеріп апартын жұмысты динамикалық деп атайды.
Механикалық жұмыс басында біртіндеп күшейеді, сосын біртіндеп төмендейді. Жұмыс жасағанда көтеретін ауырлықтың мөлшері орташа болатын болса, онда жұмыс көп істеледі. Жұмыстың нәтижесі оның ырғағына да байланысты келеді.
Еегер де етті ұзақ уақыт бойы бір ырғақпен тітіркендірсең, ол қажиды. Оның жиырылу қабілеті төмендеп, мүлдем жауап бермейді. Егер үзіліс жасап, демалдырса, ет қайтадан жиырылады.
Бұлшықеттің қажуын жазып алуға болады, оны эргограмма дейді.
Қаңқа еті бірыңғай салалы етке қарағанда тез қажиды.
Қажу себептері: -«әлсіреу теориясы»
-«улану теориясы»
-«тұншығу теориясы»
«Әлсіреу теориясы». И.Шифф бұлшықеттің қажуын ондағы энергия қорының азаю деп түсінген. Бірақ та ет қажған кезде гликоген біржолата жойылайды, оның деңгейі қажығаннан кейінда жақсы болады.
«Улану теориясы». Е. Пфлюгер бұлшықеттің қажуын ұзақ уақыт бойы жұмыс істегеннен деп түсінген. Жұмыс істегеннен етте сүт, фосфор қышқылдарының және басқа ыдырау өнімдерінің жиналғанынан, еттегі зат алмасу бұзылады деп түсіндірген. Са ионымен әрекеттесіп бұлшықеттің қозуы төмендеп, ӘП тууын кешіктіреді.
«Тұншығу теориясы». Жекеленген етті тек азотқа толы ауада сақтап тітіркендірсе, ет тез қажиды.
Бірақ бұл барлық зерттеулер, теориялар бұлшықеттің қажуын толық түсіндіре алмайды. Ағзадан бөлінбеген ет қажыса, оның химиялық құрамындағы гликогеннің, АТФ қышқылының азаятыны белгілі болды. Бұл өзгерістер жекеленген еттерде өте жоғары болады.
Органимздегі ет жұмысының тоқтауы, ондағы түйіспелердің, нейрондардың қажуынан да болуы мүмкін. Өйткені, организмнен бөлініп алынбаған етті жиырылуы тоқтағанша жүйкемен тітіркендірсе, содан кейін бұлшықеттің өзін тітіркендіретін болсақ, ет қажымайды. Мұнда мионевралды түйіспе қажитынын байқаған.