Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Тегіс бұлшықеттердің физиологиялық ерекшеліктері



бет24/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
34. Тегіс бұлшықеттердің физиологиялық ерекшеліктері.
Бірыңғай салалы бұлшық ет: теріде, ішкі ағзалардың, сөл мен несеп түтіктерінің, қан және лимфа тамырлары, өкпе, кеңірдек, жыныс ағзалардың қабырғалары. Көлденең жолақты бұлшықетке қарағанда көлемі аз.
Бірыңғай бұлшықеттердің физиологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы өте көп, мысалы, асқазан мен он екі елі ішектің түйіскен жеріндегі пилорус ұзақ уақыт жиырылатын болса, ас қарында көп тұрып қалады, солай асқазан созылып төмен түсуі мүмкін. Осындай патология кездерінде қасиеттерді білген жөн.
-Барлық жасушаға тән ульрақұрылымдар бар.
-Миофиламенттері саркоплазмада ретсіз орналасады. Бұл өз кезегінде пиноцитоз құбылысына икемді болуына және кальций каналдары басқа екі валентті иондарды Na ионын откізеді.
-Ет қозса, АТФ ақырын ыдырайды.Протоплазмада Na, Cl иондары мөлшері жоғары болады.
-Қозғыштық қозуды өткізу, жиырылу қасиеттері бар. Сонымен бірге автоматиялық қасиет көрсетеді.
-Хронаксиясы, қозу табалдырығы жоғары, абсолюттік рефратерлік кезеңі ұзақ, лабилдігі төмен келеді.
-Жекеленген жиырылуы ұзақ болады. Әсіресе босаңсу кезеңі өте ұзақ өтеді.
-Тетанус минутына 10-12 рет тітіркендіргенде болады.
-Қозу өте баяу жүреді. Өйткені, әрекет потенциалдың жылдадмдығы тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендірген кезде бірден қозатын ет талшықтарының санына байланысты.
- Етті қатты созсақ, онда келесі тітіркендіруге дейін ширықпай өзінің ұзындығында қалып кояды.
-Асқазанның, ішектің, несеп өткізгіш түтіктің автоматиялық қасиеті болады.
-Гормондар, медиаторлар, иондардың көмегімен қозғыштық қасиетін өзгертеді. Сонымен бірге тежелу де туғызады.
-Симпатикалық, парасимпатикалық жүйке жүйесі еттің жиырылуын, тонусын қарама-қарсы өзгертеді.
-Түйіспе құрамайды. Олар миоциттер бір-бірімен нексустар арқылы байланысады.
35.Миелинді және миелинсіз нерв талшықтарының құрылысы.
Жүйке талшықтары миелинді яғни майлы қабықты және миелинсіз яғни майлы қабықсыз болып екіге бөлінетіні белгілі. Сезгіш, қозғалтқып жүйкелердің көбі миелинді талшықтардан тұрады, ал вегетативтік ганглийден кейінгі яғни постанглилік талшықтардың көбі миелинсіз болады. Әр жүйке талшығы цилиндр тәрізді біліктен тұрады. Біліктің сыртын мембрана - аксолемма қаптаған, ал оның іші аксоплазмаға толған. Аксоплазмада ұзына бойы жіпшелер жарыса орналасқан өте жіңішке, диаметрі 10-40 нм нейрофибрилдер мен микротүтіктер бар болып табылады. Және де олардың арасында көптеген митохондрийлер мен микросомдар болады.
Миелинді жүйке талшықтарының білігін сыртынан майлы қабық бірнеше рет орайды яғни Шван жасушасы. Миелинді қабық жүйке талшығын тұтас жаппайды. Ол әрбір бір мкм сайын үзіліп отырады.Қабықтың үзілген жері Ранвье үзілісі деп аталады. Екі үзілісінің аралығындағы миелин қабығының ұзындығы жүйке талшығының жуандығына яғни диаметріне сәйкес болады. Жуан жүйке талшықтарында Ранвье үзілісі бірінен бірі алшағырақ орналасатынын байқаймыз. Талшықтың жуандығы 10-20 мкм болып келсе, екі Ранвье үзілісінің арасы 1-2 мм-дей болады.
Миелинсіз жуйке талшығы тек бір қабат Шван жасушаларымен жабылған. Қозу үрдісінің жүйке талшығы бойымен жылжуы, яғни серпіністің өтуі аксолемманың қызметі. Майлы қабық изолятор рөлін атқарады, және де оның электрлік кедергісі жоғары. Сондықтан жүйке талшығын миелин қабығы тұсынан микроэлектродтар арқылы тітіркендірсе ол қозбайды. Қозу үрдісі тек Ранвье үзілісінде ғана пайда болады. Миелин қабығы жүйке талшығында зат алмасуын реттейді және біліктің өсуі мен қоректенуі яғни трофикасы де осы миелин қабығының қызметі. Нейрофибрилдер түрлі заттарды: белок, медиатор, органеллаларды нейрон денесінен жүйке талшығының ұшына дейін және кері нейронға қарай тасымалдайды. Бұл заттар нейрофибрилдер мен микротүтіктер бойымен жылжиды. Бір тәуліктің ішінде жуандығы орташа жүйке талшығының бойымен мыңдаған митохондрий жылжиды. Осы тасымалдау жұмысын орындау үшін АҮФ қышқылы энергиясы жұмсалады. Энергияны қолдану үшін аксоплазмада Ca2+ ионы жеткілікті болу қажет болып табылады.
36.А, В, С нерв талшықтарының жіктелуі.
Қозудың жүйкеден өту жылдамдығы миелин қабығына байланысты. Миелинді жүйкелерде қозу бір Ранвье үзілісінен екінші үзілісіне секіріп өтетін болғандықтан ол тез өтеді. Екі Ранвье үзілісінің аралық ұзындығы жүйкенің диаметріне байланысты. Жуан жүйкелерде олар бір-бірінен алшақ орналасады. Сондықтан жуан жүйкелерде қозу тез өтеді. Қозу үрдісінің өту жылдамдығы “шың” және із потенциалдарының ұзақтығына кері байланысты. Неғұрлым “шын” және із потенциалдары ұзақ болса, солғұрлым қозу жай өткізілетін болып келеді. Және де осы қозуды өткізу жылдамдығы талшықтың қозғыш қасиетіне де байланысты осы айтылған себептерге орай жүйке талшықтары үш топқа яғни А, В, С. болып бөлінеді.
А тобында - жүйке талшықтары тобының өзі Аα, Аβ, Аℽ, яәне Аơ. Болып төртке бөлінеді.
Аαльфа- тобына мнелинді болып келеді және жуандығы 12-22 мкм, қозғалтқыш жүйкелер жатады бұлардың қозуды өткізу жылдамдығы секундіне 70-120 м болады.
Ал Аαльфа, Аβетта, Аℽсигма, талшықтары миелинді сезгіш талшықтар. Бұлар Аальфаға қарағанда жіңішкелеу, диаметрі 12 мкм-ден төмен. Жүйке неғұрлым жіңішке болса, солғұрлым ол қозуды жай өткізеді. Аβетта – талшықтың диаметрі 8-12 мкм, ал өткізу жылдамдығы секундіне 40-70 м болады. Асигма -дан жіңішке, диаметрі 4-8 мкм, осыған орай серпіністі жай өткізеді 15-40 м/с.
Аơ пи - талшығының жуандығы 1-4 мкм, қозуды жай өткізеді, секундіне 5-15м-ден аспайды.
Сонымен қатар “В” және “С” типті талшықтар вегетативтік жүйкелер. В - ганглийге дейінгі, ал с- ганглийден кейінгі талшықтар болып табылады. С-типі организмдегі ең жіңішке жүйке талшықтары. Бұлар қозуды өте жай, секундіне 0,5-3 м жылдамдықпен өткізеді. Мұнымен бірге сомалық жүйкелердің вегетативтік жүйкелерге, миелинді жүйкенің миелинсіз жүйкеге, ал қозғалтқыш жүйкенің сезгіш жүйкеге қарағанда қозғыштық қасиеті жоғары болады. Қозғыш жүйкелер қозғыштық қасиеті төмен жүйкелерден гөрі қозу үрдісін тезірек өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет