Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Бұлшықет жиырылуының режимдері



бет20/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
Физиология (гректі physis – таби ат, logos – ілім)

29. Бұлшықет жиырылуының режимдері.
Бұлшықеттін жиырылу- сырттан келген тітіркендіргішке жауап.
Түрлері: -жеке
-тетанустық
Тітіркендіргіш жалғыз әсер ететін болса, оған ет бір рет жиырылады. Осыны жеке жиырылу деп атайды. Мысалы: көлбақаның балтыр етінің жеке жиырылуы 0,11-0,12 секунд.
Негізінен тітіргендіргіш әсер еткеннен кейін бірден жиырылмайды. Яғни, тітіркендіргіш келді, содан кейін ол қысқарғанға дейін біраз уақыт өтеді. Организмде жүрек еті ғана жеке жиырылады. Өйткені, орталық жүйке шеттегі ағзалаға көп, әрі бірінен соң бірі тізбектелген серпіністер жібереді, сондықтан жеке серпіністер болмайды. Бұл жүрек етінің ерекшелігі және де жеке жиырылуы оның рефратерлік кезеңнің ұзақтығына байланысты екен.
Егер де, жиі-жиі тітіркендіре берсек, онда осы жиырылу бірігеді да, жинақаталып, ет сіресіп қалуына әкеледі. Міне, бұл жирылыуды тетанустық жиырылу деп атайды.
Ол өз кезегінде 2ге бөлінеді:
-тегіс;
-тісті.
Тітіркендіру жиілігі секундіне 20-дан асса тегіс тетанус, ал 15-20 аралығында болса тісті тетанус пайда болады. Егер де әрбір осы тітіркендіргіштер экзальтация кезеңіне сай келетін болса, бұлшықеттің жауабы күштірек болады.
Сонымен бірге жиырылудың ауксотониялық, изотониялық, изометриялық түрлерін ажыратады.
Бұлшықет жиырылған кезде ет қысқарып, оның тонусы күшейетін болса, ауксотониялық жиырылу деп аталады.
Егер де ет қысқарып, бірақ та тонусы өзгеріссіз қалатын болса, изотониялық жиырылу деп аталады. Мысалы:жаяу жүру,жүгіру немесе көтеру.
Ал, егер ет қысқармастан, тек қатайса, онда изометриялық жиырылу деп аталады. Бұл кезде бұлшық еттің ширығуы арта түседі, яғни күш генерацияланады. Бірақ та ет оның екі жағында да сүйекке орналасқанына байланысты, бұлшық ет қысқармайды. Мысалы: бұлшық ет ауыр салмақты көтеру кезінде байқалуы мүмкін.
Қаңқа еттің әрекет потенциалы, оның абсолюттік және салыстырмалы рефратерлік кезеңдері өте қысқа болады. Соның салдарынан ет жиырылған сәтте оны одан әрі жиі-жиі тітіркендіретін болса, оған жауап бере береді. Бірнеше жиырылу бірігіп, жиырылу серпіні де күшейеді. Осындай жинақталулар: -толық;
-шала.
Жиі тітіркендірген кезде, әрбір тітіркеніс етке жиырылған кезінде тисе, ет босамай,әріқарай жиырылып, жирылыу дәрежесі күшейеді. Осы жиырылуды толық жиырылу деп аталады.
Ал егер келесі тітіркендіргіш ет босаңси бастағана кезінде тиетін болса, ет солған жерден бастап күшті жиырылыады. Бұл шала жиырылу деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет