51. Қозудың берілуінің электрлік теориясы. Синапстардың ерекше қасиеттері. Электрлік механизмді синапстар қарапайым нерв жүйесі бар жануарларда басым болады. Синапстың қай механизм арқылы қозу өткізетіндігі көп жағдайда синапстық саңлаудың диаметрі айқындайды. Электр тогы қозған жерден қозбаған жерге қарай кедергісіз өте береді. Сонымен постсинапстық мембрананы қоздыратын потенциал - жүйке талпығы ұшына дейін пресинапстық мембранаға жеткен әрекет потенциалы түйіспелік саңылаудан өтуі постсинапстық мембранада постсинапстық қоздырушы потенциалды тудырады. Қозудың осылайша өту механизмін электротондық деп, ал түйіспенің өзін электрлік деп атайды. Электрлік түйіспелер сондай-ақ жүрек етінде,бірыңғай салалы етте, бауырда да кездеседі. Электрлік түйіспелердің химиялық түйіспелерден айырмашылығы - қозуды түйіспе арқылы өткізу механизмі және олардың физиологиялық қасиеттері әр түрлі. Эфапстың физиологиялық қасиеттерінің ерекшеліктері - серпіністер электрлік түйіспеде кідірмейді, екі жақты өтеді,яғни ортодромды және антидромды. Эфапста серпіністер із қалдырмайды, жинақталмайды. Бүл түйіспеден тек қозу ғана өтеді және оның өтуіне температура әсер етпейді. Синапстардың қасиеттері: 1. Қозу түйіспе арқылы көбінесе медиатордың қатысуымен өтеді. 2. Түйіспеде қозу бір-ақ бағытта – пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға қарай өтеді. Ол түйіспенің құрылысы мен қозу үрдісінің өту механизміне байланысты. 3.Туйіспе әрекеті ұзаққа созылмайды, тез аяқталады және тез қазкиды. Қажу медиатор мөлшерінің азаюына байланысты болады. 4. Қозу баяу өтеді, түйіспеде 0,2-0,5 мс кідіреді, мұны түйіспелік. кідіріс дейді.Бірыңғай салалы етте түйіспелік кідіріс 5-10 мс.Түйіспелік кідіріс қозу үрдісінің өту механизміне байланысты 5. Түйіспенің қозғыштық қасиеті жүйкеге қарағанда көп төмен,ширақтығы аз бірақ рефрактерлік кезеңі ұзақ. 6. Түйіспеде алғашқы қозу толқыны келесі қозудың өтуін жеңілдетеді – жол салады, із қалдырады. Түйіспеде медиатордың көбеюіне байланысты қозу жинақталады. 7. Түйіспелердің қай-қайсысы болса да кейбір химиялық фармакологиялық заттарға, мәселен ганглиоблокаторларға сезімтал келеді.Түйіспенің фармакологиялық заттарға деген сезімталдығы, түрлі блокаторлармен әрекеттесуі бірдей емес. Осыған байланысты қабылдағыштар бірнеше түрге бөлінеді.