Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Мембраналық рецепция. Цитоплазмалық рецепция. Гормондардың секрециясының реттелуі. Клеткаішілік, нервтік реттелу



бет39/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Байланысты:
Физиология (гректі physis – таби ат, logos – ілім)

52. Мембраналық рецепция. Цитоплазмалық рецепция. Гормондардың секрециясының реттелуі. Клеткаішілік, нервтік реттелу.
Рецепция туралы
Рецепция неше түрлі энергияларды қабылдау және оларды жүйкелік
импульсқа айналдыру.Рецепция қызметін арнайы сезімтал
құрылымдар орындайды.Рецепторлар екі түрге бөлінеді:
1. Жасушалық (молекулалық);.
Жасушалар арасындағы ақпараттың алмасуы белсенді биологиялық заттар
арқылы жүреді (гормондар, медиаторлар,т.б.). Бұл үрдіс міндетті түрде жасушадағы
лигандылар молекулаларымен оларғасәйкес жасушаның рецепторларымен
байланысуы арқылы жүзеге асады.Жасушалар рецепторларының ролін белок
молекулалары атқарады, олар арнайылигандыларды таниды. Жасушалар
рецепторлары мембранада немесе жасушалар ішінде орналасады.
2. Сенсорлық
Жануарлар мен адамдарда көп мөлшерде әр түрлі сенсорлық рецепторлар бар.Олар түрлі тітіркендіргіштерді қабылдап және оны ажыратуды қамтамасыз етеді.
Мембраналық рецепция
Мембрананың липидті қабатындағы ерімейтін заттар жасушаға тек қана
тасымалдаушылардың қатысуымен енеді,оны ферменттік жүйе жүзеге асырады.
Лиганда + Рецептор-аденилатциклаза ферментінің белсенуі – мембрана АҮФ —
циклдік аденозинмонофосфаттың пайда болуы (цАМФ) - Жасушаішілік ферменттікжүйенің белсенуін арнайы жасуша белоктарының синтезі.
Ядролық рецепция
Липидте еритін заттар мембрана арқылы өтіп, цитоплазмада рецептор-
лық белоктармен байланысып,“лиганда + рецептор” кешенін түзеді.
Ол ядроға еніп, генетикалық деңгейде гормондардың әсерін жүзеге
асады.
Гормондар қан ағысына ілесін барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы фрагмент-
іне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.
Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормондар өз рецепторларымен қарым қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді. Оның әсерінен жасушада циклдік 31,5'-аденозинмонофосфат (ЦАМФ) пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды – белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді – белсенден-
діреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік 31,5'-гуанозинмонофосфат (ЦГМФ) арқылы әсер етеді.Стероидті гормондардың қабылдағыштары жасуша іші құрылы-
мына орналасқан және гормон-қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер етеді, заттардың жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбіргормондардың әсер етуі мембрана өткізгіштігі өзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің бірнеше жолдары белгілі.
1.Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді,оған қоса мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің тетігі, жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген. Бар зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде тікелей әсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік жүйелерді, оның ішінде цито-плазма ферментін белсендендіру немесе бәсеңдету жолы. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны адреналин мен гликогеннің фосфорилазды
жүйеге адепозинмонофосфат арқылы циклды әсері дәлелдейді. б) Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуын және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.
2. Гормондардың әсер етуінің екінші тетіктері - орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуіпі жоғарылату не томендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді. Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын қоректендіретін қан тамырына тікелей адреналин енгізген, нттің басы денесімен тек қана кезеген, жүйке арқылы байланысқан жағдайда ад-
реналин кезеген жүйкс орталығының тонусын жоғарылатып, жүрек қызметін бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей әсер еткенде оның қызметін күшейтеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет