Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


Бұлшықет жиырылуының механизмі. ӘП, саркоплазмалық ретикулумның, Са иондарының, АТФ ролі



бет19/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71
Байланысты:
Физиология (гректі physis – таби ат, logos – ілім)

28. Бұлшықет жиырылуының механизмі. ӘП, саркоплазмалық ретикулумның, Са иондарының, АТФ ролі.
Енді, алдымен миофбирилланың құрылымын білу керек. Қаңқа еті-көлденең жолақты миоциттен тұрады. Талшығы цилиндр тәрізді, ұзындығы 10-см. Миоцитті қаптап тұратын сарколемманың саркоплазмаға қарай шығатын Т-өсінділері болады. Олар миофибрилді саркомераға бөлетін Z мембрана тұсында пайда болады. Сарколемманың ішінде цистерна болады. Жиырылуы мен босаңсуы саркоплазмадағы миофибрилдердің ұзындықтарының өзгеруіне байланысты болады. Олар осылай қатар-қатар орналасқан жіпшелердің будасы. Саркомердің құрамында актин және миозин талшықтары болады. Актиннің ұшы миозинге жартылай кіріп орналасады. Миозин жіпшесі күңгірт, актин ашық бөлігінде болады. Бұл бөліктер кезек орналасқан. Бірінші қатар күңгірт, екіншісі ақ болып келетіндіктен, долақ-жолақ болып көрінеді.
Миозин 150 молекуладан тұрады. Әр жіпшеде 2 басы болады. Осы басымен миозин актинге жабысады. Осы өсіндінің АТФ-ты ыдырататын қасиеті болады.
Актин шиыршықты жіпшеден тұрады. Құрамында тропонин және тропомиозин белогі бар. Тропомиозин-актиннің миозинге жабысатын жерді жауып, миозиннің актинге жабысуын кедергі жасайды. Тропонин- ТпІ,ТпС,ТпТ суббірліктерінен тұрады. Тропонин І- миозиннің актинмен әрекеттесуіне кедергі келтіреді. Тропонин С-өзіне кальцийді байлайды, тропонин Т-барлық кешеннің тропомиозинге бекінуін қадағалайды.
Жиырылу механизмі:
1. Тітіркендіру
2. ӘП туы.
3. Т жүйенің түтікшелерінің көмегімен қозудың талшықтар ішіне өтуі.
4.Саркоплазмалық ретикуланың мембранасының деполяризациясы.
5.Са иондарының шығуы, оның миофибриллаларға диффузиялануы.
6. Са тропонинмен әрекеттесу, АТФ энергиясының шығуы.
7. Актин және миозин талшықтарының активтенуі.
8. Бұлшықеттің жиырылуы.
Түсіндіретін болсақ, келген мипульстен әрекет потенциалы туып, сарколеммада теріс заряд пайда болады. Мембрана бойымен Т-өсіндісінің көмегімен ішкі түйіспеге жетеді. Сосын ретикулум цистернасының Са ионына деген өтімділігін жоғарылатады. Осының нәтижесінде кальций иондары цистернадан саркоплазмаға өтеді. Кальций иондары тропонин молекуласымен әрекеттеседі. Тропонин-тропомиозин кешенін құрайды. Осы кешен арқасында актин оралымдарының арасына тропомиозиннің терең кіреді. Осылайша актинге миозиннің өсінділері жабысатын жері босайды. АТФ қышқылы ыдырайды. АДФ пайда болады. Миозин қайық ескектері сиықты қимылдайды, актин миозиннің ортасына енгізеді. ӘП реполяризаициясы болады. Тропонин комплексі ыдырайды. Тропомиозин алғашқыдағы орнына келеді де, актиннің активті жерлерін жабады. Нәтижесінде кальций иондары азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет