кӛрсетуші зардаптартушының бас жағына тізе бүге отырып, бір қолын оның
кӛмек кӛрсетуші терең дем алып, ӛз аузын зардаптартушының алдына тығыз
түсіп, алғашқы күйіне оралған соң, тыныс циклын қайталайды. Ересектерге
қойып тӛменгі жақты жоғары кӛтеріп, аузын жабады. Сонан соң, жоғарыда
9
Жүректің сыртқы массажының техникасы
Егер зардаптартушы ессіз болса және спонтанды тыныс алу жоқ болса,
ауызға –ауыз немесе ауызға-мұрын әдісімен 3-5 жылдам үрлейді. Соан соң
бірнеше сикунд аралығында ірі тамырлардан пульсті сипап табу керек, егер
пульс табылмаса жүректің сыртқы массажын бастау керек. Шамамен 1-2 мин.
соң спонтанды пульстің бар жоғын тексеру керек.
Жүрекке сыртқы массаж жасау үшін, зардаптартушыны қатты жерге
жатқызу керек немесе егер ол жұмсақ жерде жатса, онда кеудесінің астына
қатты тақтай немес кез-келген қатты затты тірек болу үшін қою керек. Бұл
жүректің сыртқы массажының эффективті болу үшін алғащқы міндетті
жағдайы болып табылады. Жүрекке веноздық қайтуды жақсатру үшін
науқастың аяғын жоғары кӛтереді. Кӛмек кӛрсетуші ӛзіне ыңғайлы болу үшін,
зардаптартушының оң немесе сол жағына тұрып, тӛстің тӛменгі бӛлігін сипап
анықтап (семсер тәрізді ӛсіндіні), қолының алақанын шамамен кӛлденең екі
саусақ семсер тәрізді ӛсіндіден жоғары қояды. Екінші қол астында жатқан
қолдың үстіне тік бұрышпен қойылады. Саусақтардың кеудеге тимеуі өте
қажет. Бұл бір жағынан, жүрек массажының эффективтілігін арттырады,
себебі күш тек тӛстің тӛменгі үшінші бӛлігіне бағытталады, тӛс қабырғасына
емес екінші жағынан, қабырғалардың сыну қаупі айтарлықтай азаяды. Сонан
соң кӛмек кӛрсетуші тӛсті итерген сияқты баса бастайды, тӛсті омыртқаға
қарай 3-5 см.-ге ығыстырып осы қалыпта шамамен 0,5 сек. ұстап , сонан соң
қолды тӛстен алмай тез босатамыз. Итеру тәрізді басу саны ересектерде
минутына 80 рет шамасында болу керек, әйтпесе қанша эффективті жеке-жеке
басқанымен, саны аз болса жалпы қан айналым ӛмірлік маңызды мүшелердің,
әсіресе мидың қызметін ұстап тұруға, демеуге жетпейді. Адекватты массаждың
кӛмегімен қалыпты қан айналымның 20-30%-ін ғана қамтамасыз етуге болады,
сондықтан да массажды тек бірнеше секундқа үзуге болады.
Массаж кезінде кӛмек кӛрсетушінің тік қалыпта болуы маңызды. Зардап
тартушының тӛсін басқанда тек қол күшінің ғана емес дене күшінің де маңызы
зор. Бұл массаж эффективтілігі үшін ғана емес, массажды ұзақ уақыт жасау
үшін күш сақтау үшін қажет.
10-12 жастағы балаларға массажды 1 қолмен ал емшектегі балаларға екі
саусақтың ұшымен жасау керек. Басу саны 100-120 рет минутына болуы керек.
Итеру қуатты, бірақ ӛте күшті болмау керек, 1-2 см. омыртқаға қарай емшектегі
балаларда, ал кіші жастағы балаларға 2,5-4 см., себебі қатты күшпен итеру
кезінде баланың қабырғалары немесе тӛсі сынып кетуі мүмкін. Бұл қауіп егде
жастағы адамдар үшін ӛте үлкен, себебі кеуденің эластикалығының
тӛмендеуінен, тӛс пен омыртқа арасында жүректі басу үшін кӛп күш
жұмсалады.
Ұйқы және сан артерияларында пульстің пайда болуы, әрбір тӛске басу
кезінде қарашықтың тарылуы жүректің сыртқы массажының адекватты
критериі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: