3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӚЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ
Jg – иммуноглобулин
ЭМҚ – эстерифицацияланбаған май қышқылдары
ЭТЖ - эритроциттердің тұну жылдамдығы
4
АЛҒЫ СӚЗ
Ұсынылып отырылған патологиялық физиология пәні бойынша оқу-
әдістемелік құралы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім
алатын студенттерге және осы пәннен тәжірибелік сабақтарды ӛткізетін
оқытушылардың күнделікті қолдануына арналған.
Оқу-әдістемелік құралы ҚММА-ның валеология курсы мен патологиялық
физиология кафедрасы қызметкерлерімен жазылған: кафедра меңгерушісі,
доцент Жәутікова С.Б., оқытушы Ӛмірбаева Е.Қ., оқытушы Аринова С.М.
Медициналық ғылым мен тәжірибенің қазіргі уақыттағы талаптарына сай бұл
оқу-әдістемелік құралының құрастырылуында 2006 жылы жасалған
Мемелекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты негізге алынды.
Бұл оқу-әдістемелік құралда патологиялық физиология курсының жалпы
бӛлімі тақырыптары бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы
бойынша білім алатын студенттерге арнап мамандандырылған қазіргі уақытқа
және талаптарға сай мәліметтер беріледі.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алатын
студенттерге арнап мұндай оқу-әдістемелік құралды шығару негізінде осы
уақытқа дейін патологиялық физиология курсы бойынша мамандандырылған
оқу құралдарының шығарылмауы жатыр. Сондықтан да, осы оқу-әдістемелік
құралын оқу үрдісінде қолдану студенттердің пәнді біршама тереңірек
игерулеріне мүмкіндік береді және клиникалық ойлау ӛрісін кеңейтіп, алған
білімдерін ары қарай қолдануға кӛмектеседі.