ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ. АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ СЫРТҚЫ
ОРТАНЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ
ФАКТОРЛАРЫНЫҢ АУРУ ТУЫНДАТУШЫ ӘСЕРЛЕРІ
Мақсаты: ауру туындататын себептер мен шарттарды білу, олардың
диалектикалық байланыстылығын механикалық, химиялық, биологиялық,
психикалық патогенді әсерлердің және сыртқы ортаның басқа да ауру
тудырушы факторларды.
Оқыту мақсаты:
1. себептерді және сыртқы ортаның патогенді факторларынан әртүрлі
зақымдалуды тудырудағы шарттарды түсіндіре білу;
2. материалистік диалектика категориясы мен негізгі заңдардан туындайтын
патология себептердің қазіргі кездегі кӛзқарастарды білу;
3. травмалық шокпен ұзақ жаншылу синдромының дамуының және
туындауының жалпы сандарын білу;
4. организмге механикалық фактордың жалпы және жергілікті әсер еткендегі
болатын патологиялық процестердің даму механизмдерін және шарттарын
түсіндіре білу;
5. механикалық фактордың зақымдалу әсғрінен кейінгі жағдайды және
олардың ауырлық дәрежесімен сипатын неге байланысты екенін білу;
6. уланудың негізгі түрлері және уланудың даму механизмін білу;
7. умен әсер еткенде зақымдалу түрлерінің дамуы және туындауының жалпы
заңдылықтарын білу;
8. ,,тек адамдық,, ауруының ауру туындататын фактордың маңызын анықтау;
9. ятрогенді травмалық әсерлерді түсіндірі білу;
10. патофизиялогиялық әлеуметтік-экономикалық аспектірерінің маңызын
түсіну.
Достарыңызбен бөлісу: |