КІРІСПЕ САБАҚ. ПАТОФИЗИОЛОГИЯДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ӘДІСТЕР. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ
Мақсаты: Студенттердің теориялық және клиникалық медицинаның алға
қарай жылжуына, жеке нозологияны емдеуде эксперимент жолымен жаңа
принциптерді анықтауға ауруды модельдеудің қажеттілігінің керек екенін
білу; студенттерге жалпы нозологияның қазіргі кӛзқарастарын, ӛлімнің әр
түрлі кезеңдеріндегі бұзылулардың жалпы заңдылықтарын және дәрігерге
дейінгі реанимациялық кӛмек арқылы қанайналым, тыныс алу, метаболиттік
бұзылыстарды коррекциялап, қалпына келтіре білуді меңгерту.
Оқыту мақсаты:
1. патологиялық процестермен ауруды модельдеудің негізгі типтерін білу;
2. модельдердің негізгі типтерін білу;
3. адамдардағы дамудың даму механизімен себептерін түсіну үшін
патологиялық процестердің модельдеуінің маңызымен мүмкіншілігін
зерттеу;
4. кейбір патологиялық процестердің кейбір зерттеу әдістерімен және
патологиялық процестерді немесе ауру модельін құрайтын объектілермен
танысу;
5. эксперименттік терапия туралы және оның медицина үшін маңызы
туралы білу;
6. патологиялық физиалогия дамуына үлесқосұан отандық физиологтар
туралы жалпы мәлімет алу;
7. жануарларға жасайтын эксперименттердің жалпы принциптерін білу;
8. аурудың пайда болу және даму механизімін ұғыну;
9. типтік патологиялық үрдістер ағымының ерекшеліктері жайлы түсінік
алу;
10. ауру екі қарама-қарсы тенденцияның бірлігі: жеке- патологиялық және
қорғаныс-компенсаторлық механизмдерінің ауруы туралы түсінік алу;
11. қанайналым,
тыныс алуды қалпына келтіру және метаболизм
бұзылыстарын коррекциялау принциптерін ұсыну;
12. патофизиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың
еңбектерімен танысу, ұғыну (В.В. Пашутин, Н.А. Кржаневский,
В.В.Подвысоцкий, А.Б. Фохт, А.А. Богомолыц, Н.Н. Сиротин).
Достарыңызбен бөлісу: |