Нозология (гректің nosos ауру, дерт, logos - ілім) ауру туралы жалпы ілім. -Бұл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.
Ауру-деп тұтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарын қорғанып-бейімделу мүмкінші- ліктерінің шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ықпалдардан дамитын, оның биологиялық және әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы жағдайын айтады.
Аурудың нышандары
Ауру деп айту үшін оның мынадай 3 түрлі нышандары болуы қажет:
• Қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктері- нің шектелуі.
Аурулардың жіктелу негіздері
Пайда болу себептеріне қарай: туа біткен және жүре пайда болған аурулар деп ажыратылады.
Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшелерден немесе іштегі ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кездеріндегі кесепаттардан дамитын болады.
Сауығу-науқас адамның бұзылған ағзалары мен тіндерінің құрылы- Мы мен әрекеттерінің және қор- шаған ортаның ықпалдарына сәйкес оның бейімделу мүмкінші- ліктерінің қалпына келуі. Ересек адам үшін сауығудың белгісі болып, оның еңбекке оралуы есептеледі.
.
Өлім – организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы.Табиғи және мезгілсіз немесе патологиялық өлім болады.