Физиология Таладғыштардың морфологиялық-функциялық ерекшеліктер. Сайе



бет14/31
Дата11.12.2022
өлшемі173,46 Kb.
#56550
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
физио СЕССИЯ

Эстезиометрия. НУРс

Эстезиометрия жанасу сезімталдығын анықтау .Эстезиометрия дегеніміз грекше aisthesis сезім + metreo өлшеу, яғни - терінің және шырышты қабықтардың механикалық, температуралық және ауырсыну әсеріне сезімталдығын зерттеуі болып табылады, сыналушының әрекет етуші тітіркендіргіштің сапасы мен қарқындылығын субъективті бағалауына негізделетін болады.Негізінен дененің әр аймағындағы жанасуды қабылдап отыратын рецепторларының орналасуы және жиіліктері әртүрлі яғни бірдей болмайды.Сол себептіде жанасу сезімталдығын анықтай аламыз. Зерттеу жұмысы Вебер циркулімен не болмаса эстезиометрмен жүргізілетін болады. Эстезиометрдің ұштары болады, оның екі ұшын теріге тигізген сәтте екі сезім туатын болады, ендігі кезекте екеуінің араларын жайлап бірітіндеп жақындата отырады да,тактилдік сезімнің табалдырғының мөлшерін табатын болады. Сонымен табалдырық мөлшерін яғни күші деп екі сезімді туғызатын эстезиометрдің ұштарының яғни терінің тітіркендіріліп отыратын екі нүктесінің минималдық бұл дегеніміз аз ара қашықтығын айтатынн болады. Жанасудың сезімталдығы жоғары болған сайын,бұның табалдырық күшіде төменірек болады.Яғни тактильдік, ауырсыну және температуралық сезімталдықтың әртүрлі түрлерін өлшеу эстезиометр аспаптардың көмегімен жүргізілетін болады. Қолдану тәсілін,жұмысты орындауға келер болсам- эстезиометрді аламызда бұның екі ұштарын теріге бір сәтте тигізіп, екі сезім тудыратын минималды ара қашықтықты табады. Егер осы қашықтықты азайтса бір ғана сезім туатын болады. Сондай-ақ саусақтың ұшындағы, білезікте және білектегі, мойындағы, сонымен қатар мұрындағы тактилді сезімнің табалдырықтың мөлшеріне яғни күшіне кері шамасы бұның сезімталдығын көрсетеді.Сезімталдықты тексерген кезінде циркульдің екі ұшының температурасыда жәнеде өткірлігіде бірдей дәрежеде болуы тиіс,сонымен қатар бір сәтте теріге тигізілуі керек.Бұл тәжірибені екі рет орындайды да , бұның орташа арифметикалық саны есептелінетін болады.

  1. Есту талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы. АКНИ

Жауап: Ең алдымен есту жүйесі дегенге тоқталайын, бұл мағынасы жағынан адамның екінші дистанциялық талдағышы болып табылады. Есту жүйесі 3 бөліктен тұрады. Олар: сыртқы құлақ және ортаңғы құлақ ,ішкі құлақ. Есту қабылдағышы ішкі құлақтағы иірімді түтікте орналасады, ол самай сүйегінің жуандаған бөлігінде жатады. Дыбыс толқындары оларға бірнеше жүйелі құрылымдар: дыбыс тесігі және дабыл жарғағы, есту сүйекшелері мен лабиринт сұйықтығы және иірімді түтігіндегі негізгі жарғақ арқылы тікелей жеткізеді.
Есту талдағышы, бөлімдерінің сипаттамасы
1. Шеткі бөлімі - Корти мүшесінің сезгіш түкті жасушалары (ішкі құлақта орналасқан);
2. Өткізгіш бөлімі. ұлудың спиральдық түйінінен – есту жүйкесі сопақша ми (есту нейрондары) - есту тракты - жоғарғы оливаның нейрондары - төрт төмпешіктің төменгілері - медиальды бүгілмелі денелер (таламус);
3. Орта бөлімі - қыртыстың самай бөлімі.
Сыртқы және ішкі құлақтың құрылысы мен қызметіне тоқталсам.
Сыртқы құлақ (мыналар жатады құлақ қалқаны, сыртқы есту жолы, дабыл жарғағы) - дыбысты қабылдау және өткізу қызметін атқарады.
Ортаңғы құлақ (ортаңғы құлақ қуысындағы сүйекшелер: балғаша, төс, үзеңгі, Евстахи түтігінен тұрады) - дабыл жарғағынан тербелісті ішкі құлаққа жеткізу қызметін атқарады.
Ішкі құлақтың құрылысы мен қызметіне тоқтттала кетсем. Иірім түтігі - 2, 5 өрімнен тұратын жалпақ сүйек арнасы .
Сүйек арнасын 2 мембрана бөледі:
1. Вестибулярлық мембрана (Рейсснер мембранасы)
2. Негізгі мембрана

Иірім түтігінің арналары:


1. Жоғарғы арна (кіреберіс сатысы);
2. Ортаңғы жарғақты арна;
3. Төменгі - дабыл арнасы (немесе сатысы).
Ортаңғы арнаның негізгі мембранасында Корти мүшесі орналасқан. Корти мүшесі ішкі және сыртқы түкті жасушалардан тұрады. Оның үстінде жабылмалы мембрана орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет