Шыны тәрізді дене – corpus vitreum – көз алмасы қуысын торлы қабықтан ішке қарай толтырып тұрады.
Көз бұршақ – lens – көз алмасының тым маңызды жарықсындырғыш ортасы. Ол мүлде мөлдір және пішіні жасымық немесе қосдөңесті шыны тәрізді.
Көз камералары. Нұрлы кабыктың алдынғы беті мен мөлдір қабықтың артқы жағы арасындағы кеңістік көз алмасының алдыңғы камерасы – camera anterior bulbi – деп аталады
Осы ортаның әркелкі қисықтағы сыну көрсеткіштері бізде жарықтың сынуын айқындайды. Оны диоптриймен белгілейді. Диоптрий бұл сынып өтетін жарық сәулесінің түйісетін түкте аралығы жүз см ге тек линзаның сындыру күші.
Көздің сындыру күші:
Алыс заттарға қарағанда - 59 Д,
Жақын заттарға қарағанда - 70,5 Д.
Көздің аккомодациялық аппараты Көздің аккомодациялық аппараты ( нұрлы қабық , кірпікшелі белбеушесі мен кірпікшелі дене ) көз бұршағының пішінінің және сәуле сындыру күшінің өзгеруін , бейненің торлы қабықшада фокустандырылуын , сонымен бірге көздің түскен жарықтың қарқынына бейімделуін қамтамасыз етеді .
Аккомодация— көзден әр түрлі қашықтықта орналасқан заттарды айқын ажыратуды қамтамасыз ететін қабілет. Аккомодация мағынасының бірі — ол қарап жатқан заттың бейнесі олардың орналасу қашықтығына тәуелсіз түрде әрдайым бейне көздің торлы қабығына түйіседі.
Механизмдерін айта кететін болсам: Алысқа қарау кезінде кірпікті бұлшықет босаңсиды, ал кірпікті дененің өсінділерін көз бұршағының экваторымен байланыстыратын цинн байламдары керілген күйде болады. Көз бұршағы жайпақтанады және оның оптикалық күші минималді болады.
Жақыннан көрудің оптималді айқындығын қамтамасыз ету үшін кірпікті бұлшықет жиырылады. Бұл кірпікті денемен түзілген шеңбердің тарылуына және цинн байламдарының босаңсуына алып келеді. Өзінің серпімділігінің арқасында көз бұршағы дөңестеу пішінді болады және оның сындыру қабілеті арта түседі
Анық көру нүктесі деп біз – зат анық көрінетін көз бен зат арасындағы ең қысқа қашықтықтвһы айтады Сұрақ: Көздің жарықты сындырушы орталары. Аккомодация. Анық көру нүктесі.