Көру пигменттері. Торлы қабық рецепторларындағы фотохимиялық реакциялар. АЗИ
Торлы қабықтың фотохимиялық реакцияларна келетін болсам ол көздің торлы қабығында орналасқан жарық түскенде оңып кететін, жарық сезгіш пигментер көмегімен жүзеге асады. Адамдар кездесетін пигмент ішінде торлы қабықтағы таяқша қабылдағышында родопсин немесе оны қанқызыл көру пигменті депті атайды.Ал сауытша қабылдағышынд йодопсин пигменті кездеседі. Сондай-ақ сауытшаларда хлоролаб және эритролаб деген бояғыштарда кездеседі.Хлоролаб жасыл түске сәйкес келсе, ал эритролаб қызыл түсті спектрдің сәулелерін сіңіру қызметін атқарады.
Родопсинге келетін болсақ ол А витаминінің альдегиді - ретиналь және опсин деген белоктан түзіледі және олар құрамында кездеседі.Ол тіпті сәуленің бір квант мөлшері әсер еткенде бірнеше өзгерістері туады. Мәселен, ретиналдың изомері пайда болады, оның белокпен байланысы бұзылады, ферменттік орталығының белсенділігі артады. Алғашқыда люмиродопсин және метародопсин деген аралық заттар түзіледі, содан кейін ретинал оп- синнен бөлініп шығады. Редуктаза деген ферменттің әсерінен ол А витаминіне айналады.Ол көзді қараңғылағанда қайтадан калпына келтіріп отырады, яғни родопсин құрастырылады. Егер организмде А витамині жетіспеген жағдайда родопсин пигментінің қызметі бұзылып адам ақшам соқыр,яғни кешке,түнде мүлдем көрмей қалады.
Йодопсин пигментіне келетін болсақ үш компонентті көру гипотезасына сәйкес, бұл пигменттің тор қабығында сәйкесінше көк, жасыл және қызыл жарыққа сезімтал конустың үш түрі болуы керек деп саналады. Алайда, көздің конустарында орналасқан йодопсинге хлоролаб және эритролаб сияқты пигменттер кіретіні белгілі; олардың біріншісі сары-жасылға, екіншісі спектрдің сары-қызыл бөліктеріне сәйкес келетін сәулелерді сіңіреді.
Көрудің бейімделуі. Жарыққа және қараңғыға бейімделуі. БИБИ
Көздің торлы қабығындағы жеке таяқшалар мен сауытшалардың жарық сезімталдығында біраз айырмашылықтары бар. Бір ганглиоздық жасушаға сигнал жіберетін қабылдағыштар саны торлы қабықтың орталығында және шетінде әртүрлі болады. Орталық қабылдау аумағындағы сауытшалар саны шеткі аумақтағы таяқшалардың санына қарағанда шамамен 100 есе аз болады. Осыған сәйкес таяқшалар жүйесінің сезімталдығы сауытшаларға қарағанда екі саты жоғары келеді. Қараңғылықтан жарыққа шыққанда адам уақытша көрмей қалады. Содан кейін көздің бірте-бірте жарыққа икемделеді оны көздің жарыққа бейімделуі деп атаймыз. Адам жарық жерден қараңғы үйге кіргенде, алғашқы уақытта көру жүйесінің төмендеуінен, адам ештене көрмейді, артынша қабылдағыштар мен көру нейрондарының сезгіштігі қараңғыда жоғарылап, заттардың кескіндері көріне бастайды. Кейін барып бөлшектерді ажыратады. Жарық аз жағдайда көздің сезімталдығын жоғарылатып, оған бейімделуін қараңғылыққа бейімделу деп атайды. Қараңғы кезде көздің жарыққа деген сезімталдығы бірқалыпты болмайды. Алғашқы 10минут ішінде көздің сезімталдығы 50-80 рет ұлғаяды, ал 1 сағат ішінде бірнеше ондаған мың рет өседі. Мұнда көру пигменттерінің қайта құрылуы маңызды болып саналады. Демек, таяқшаларда бөлінетін родопсинге қарағанда сауытшалардағы йодопсин тезірек қайтадан түзіледі. Сондықтан алғашқы минуттағы қараңғылыққа бейімделу, сауытшалардағы үрдістен тәуелді болады.
Көздің сезімталдығының орталық жүйке жүйесінің әсеріне тәуелділігі болады. Ми бағанының торлы құрылымы көру жүйесінде жарық сәулесі әсерінен пайда болатын серпіністерді жиілетеді.
Жарық сезімталдығына дыбыс, иіс және дәм тітіркендіргіштері әсер етуі мүмкін. Бұл көздің бейімделу үрдісінің шартты рефлекстік жолмен реттелетіндігін көрсетеді. Демек, олар ми қыртысының бақылау ықпалына бағынады. Жалпы торлы қабықтың бейімделуіне симпатикалық жүйке де әсерін тигізеді. Адамның мойын симпатикалық ганглийн бір жағынан сылып тастаса, осы жақтағы көздің қараңғыға бейімделу жылдамдығы төмендейді. Ал, адреналин ексе керісінше нәтиже көрсетеді.