«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы №1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС Пәні: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ (МӘДЕНИЕТТАНУ, ПСИХОЛОГИЯ) Тақырыбы: «Мәдениет нышандары, олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы» тақырыбы бойынша жобалық зерттеу. Мамандығы: 6В07108 – Автоматтандыру және басқару Орындаған: Сембек Жандос Тобы: АУк 21-3 Нұсқа: 1 Тексерген: Джаркинбаев Е.Е
_____ ____ «__» ______2023
(бағасы) (қолы) (күні)
Алматы, 2023 ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының» жобасы, мәдениет нысандарын дамыту, ЭКСПО – 2017 көрмесі шеңберінде жоспарланған мәдени және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасы талқыланды «2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын» Үкімет отырысында Дін және азаматтық қоғам істері министрі Нұрлан Ермекбаев таныстырды. Аталған тұжырымдамада дін саласындағы мемлекет саясатының басымдықтары нақтыланған. Яғни, діни бірлестіктерге бақылауды күшейту, олардың қаржылық-шаруашылық және уағыз жүргізу қызметінің ашықтығына және айқындығына қол жеткізу ұсынылуда. Министрдің сөзінше, бұл құжат Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бағыттарына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына толығымен сай келеді. «Осы тұжырымдама жобасын жасау барысында Президенттің «мемлекеттің зайырлылық қағидатын нығайту, кез келген діни радикализмді болдырмау» нұсқауларын басшылыққа алдық. Тұжырымдаманың мақсаты – діни саланы реттеу бойынша 2020 жылға дейінгі ғылыми теориялық негіздерді айқындау, елдегі дін саласын реттеу бойынша заңнамалық, басқарушылық, әлеуметтік-экономикалық шараларды анықтау. Оны іске асыру қоғамда және жалпы рухани салада тұрақты әрі үйлесімді дамуды, жаңғыруды қамтамасыз етеді», – деді министр.