«Фольклор» атты пәннің басты мақсаты мен міндеті алғашқы қауымның ыдырау кезінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан фольклорлық мұра туралы біртұтас ұғым қалыптастыру


Филология және әлем тілдері факультеті



бет2/14
Дата27.09.2023
өлшемі301 Kb.
#110750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ФОЛЬКЛОР КЕШЕН

Филология және

әлем тілдері факультеті

Ғылыми кеңесінінің мәжілісінде бекітілді


№____хаттама « ____»________ 2015 ж.
Факультет деканы _____________Ө.Әбдиманұлы



Мамандық «5В020500 – филология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы


СИЛЛАБУС


Модуль №3

Пәнің коды, аты «Фольклор»


1 курсы, қ/б, 1 семестрі (күзгі/көктемгі), 3 кредит саны, пәннің түрі (міндетті/таңдаулы)


Дәріскер: Зұфар Нұрсапаұлы Сейітжанов, ф.ғ.д., профессор. 268-44-88. Каф 323.
Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар): Ақнұр Абдужапарқызы Оспанова, PhD докторы, аға оқытушы. Каф 323.


Мақсаты: «Фольклор» – филология және әлем тілдері факультетінде «5В020500 – Филология» мамандығы бойынша оқытылатын базалық пән. Қазақ халық әдебиеті жанрларының түрлерін, олардың мазмұны мен атқаратын функцияларын таныту; әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерді ашу; халық әдебиетінің хатқа түсіп жиналуы мен зерттелуін ұғындыру; кейбір жанрлар халық тұрмысымен тікелей байланысты болса, кейбірінің жанамалай байланыста болып келетінін жан-жақты таныстыру. Осы ретте фольклорлық мұраның танымдық-тағылымдық мәліметтерді зерттеуші-ғалым не оқытушы-ұстаз қалыптастырудағы мәнін ашу, таныту мақсаттарын да қамтиды.
Міндеттері: Бұл пән халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста өтілетіндіктен төмендегідей міндеттерді атқаруға бағытталады:

  • Халық әдебиетінің жанрлық, тақырыптық әр алуандығын сөз ете отырып, студенттердің білімін теориялық және практикалық тұрғыдан жүйелі толықтырып отыру;

  • Халық әдебиетінің жиналу, жариялану, зерттелу жай-күйін жан-жақты хабардар ету;

  • Фольклорлық мұралардың генезисі, тарихилығы, жанрлық белгілерін ұғындыру;

  • Кей жанрлардың тұрмыс-тіршілікпен тікелей, кейбірінің жанамалай қатыстылығын пайымдату;

  • Фольклордың синкреттік, көпқабаттылық, дәстүрлілік сипатын таныту;

  • Фольклор поэтикасының өзіне тән ерекшелігі мен образ жасау тәсілдерін меңгерту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет