«Фольклор» атты пәннің басты мақсаты мен міндеті алғашқы қауымның ыдырау кезінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан фольклорлық мұра туралы біртұтас ұғым қалыптастыру


-лекция. Еңбек-кәсіпке байланысты өлеңдер



бет7/14
Дата27.09.2023
өлшемі301 Kb.
#110750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
ФОЛЬКЛОР КЕШЕН

3-лекция. Еңбек-кәсіпке байланысты өлеңдер
Тұрмыс-салт өлеңдерінің зерттелуі мен классификациясы. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері. Еңбек-кәсіпке байланысты өлеңдер халықтың тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс кәсібіне байланысты туатындығы. Аңшылық, егіншілік, малшылық, наурыз өлеңдерінің ерекшелігі. Мәселен, “Көкжендет”, “Қараторғайдың” аңшылыққа, “Жел шақыру”, “Кепсен сұраудың” егіншілікке байланысты тууы. Мал шаруашылығына байланысты туған “Төрт түліктің айтысы”, “Қасқырдың қойшыға айтқаны”, “Төрт түліктің баласын сүюі”, “Иесі мен сиырдың айтысы”, т.б. өлеңдерде малды бағу, мал басын көбейтудің жолдары көрсетілетіндігінде.


4-лекция. Лирикалық өлеңдер
Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық өлеңдер қара өлең, тарихи өлең, ән өлең болып үшке бөлініп, түрлі тақырыпты қамтиды. Қара өлең он бір буынды, төрт тармақты, үш жолы ұйқасқа (а, а, б, а) құрылады. Қара өлеңнің әнмен айтылып, қайырмасы болатындығы. Тарихи өлең болған оқиға негізінде туады. “Қаратаудың басынан көш келеді” атты өлең жоңғар шапқыншылығына байланысты туса, “Ақмешітті алу”, “Дәметкеннің зары”, “Жанкісінің Битемірге айтқаны” қатарлы өлеңдер орыс отарлаушылары мен ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған. Ән өлең бір адамның ішкі сезімі, көңіл-күйіне орай туып, әнмен орындалады.
5-лекция. Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен классификациялаудың принциптері. Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және оның тура және ауыспалы мағыналары. Құрылысы жағынан ықшам болып, ырғақ, ұйқасқа құрылатындығы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы. Мақалда түсінік пен қорытынды қатар айтылып, ой тиянақты келсе, мәтелде ой ишара, тұспалмен беріледі. Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Мақалда тоқсан ауыз сөз тобықтай түйіні айтылады. Мақал-мәтелдердің қанатты сөз, афоризмдерден айырмашылығы болады.


6-лекция. Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең
Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары. Жұмбақтардың шығуына табудың тигізген әсері. Жұмбақ заттардың қызметіне, дәміне, түсіне, сыртқы көрінісіне, дыбысына, қандай нәрседен жасалатынына қарай ойластырылады. Жұмбақ - өмірдегі зат пен құбылысты тану құралы. Жұмбақтар басқа жанрлармен (ертегі, айтыс, мақал-мәтел, шешендік сөздер) байланысты болады.
Жаңылтпаш көбіне тез айтуға құрылады. Балалардың тілін дамытады, кейде ойын үстінде үлкендер де айтады. Өтірік өлең өмірде болмайтын жағдайларды өлеңге айналдырады. Өтірікті шындыққа айналдырып айту үлкен тапқырлықты талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет