7-лекция. Аңыз-әңгімелер және олардың мифпен байланысы
Аңызға ертегіден басқа қара сөзбен айтылатын шығармалар жатады. Алғашқы рет Шоқан назар аударып, ол тарихқа қатысты әңгімелерді “тарихи аңыздар” деп атаған. Шоқан пікірін Г.Потанин жалғастырды. М.Әуезов аңызға: “Тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме” – деп анықтама береді. Аңыз жанры тарихи шындық, тарихи факт негізінде қалыптасады. Екіншіден аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, жыл мезгілі аталып отырады. Аңыз көбіне үшінші жақ, өткен шақта баяндалады. Аңыз ауызша тарағандықтан варианттары болады. Тарихтық және мекендік болып бөлінеді.
Мифтің жанрлық ерекшеліктері. Миф – дүние туралы қиял-ғажайып түсінік екендігі, аңыз-әңгімелермен байланыста болатындығы. Мифтің танымдық қызметі. Хикаядағы ескі наным-сенім, халық демонологиясының көрінісі. Тақырыбы мен баяндау тәсілде
8-лекция. Ертегі және оның түрлері
Ертегі жанрының түп-төркіні – алғашқы қауымда пайда болған көне миф, аңшылар туралы әңгіме, хикая және әр түрлі кәде-ырымдар мен аңыздар. Ертегі – көркем жанр, сөз өнері болып, адамзаттың алғашқы қауымнан таптық қоғамға өткен тұсында қалыптасқан. Ертегі әрі тәрбиелік, әрі көркемдік-эстетикалық рөл атқарады. Ертегілерді қиял-ғажайып, хайуанаттар жайлы және тұрмыс-салт ертегілері деп үш түрге бөледі. Қиял-ғажайып ертегілер - көне жанрдың бірі. Оның шығу мезігілі – аңшы-мерген, жауангер-батыр, кенже бала, тазша, т.б. кейіпкерлер қиын тапсырмаларды орындау мақсатында әрекет етеді.
9-лекция. Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос
Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи эпос және жиналу мен зерттелу жайы.Көне эпостың құрамы мен тақырыбы. Синкреттік сипатының басымдылығы. Миф, аңыз-әңгімелерімен байланысты болып келуі. Образдар жүйесі: бас қаһармандар мен қаскөй күштер (дию, пері, мыстан, т.б.) болып келетіндігі. Бас қаһарман аңшы-мерген болып, тау арасы, өзен жағасын мекен етуі. Көне эпосқа “Құламерген – Жоямерген”, “Дотан батыр”, “Мұңлық-Зарлық”, т.б. жатады.Ертегілік сипаты басым болады. Жамандық істейтін қаскөй күш ретінде мыстан кемпір жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |