Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қазақ халық ауыз әдебиетінің жұмбақ жанры



бет17/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
23. Қазақ халық ауыз әдебиетінің жұмбақ жанры
Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра.
Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы – метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді.
Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19 ғасырдың 2-жартысында басталып, 20 ғасырда одан ары жалғасты. Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А.В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен қазақ Жұмбақтары жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу жолын фольклор қойнауынан алатын Жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С.Торайғыров, т.б. Жұмбақ жанрында қалам тартты.
Қазақ жұмбақтарын өзінің құрылысы, айтылуы, мазмұны жағынан іріктеп алғанда, негізінен жеті түрге бөлінеді:
1. Қара сөз түрінде айтылатын жұмбақтар алғашқы айтылатын жұмбақтар алғашқы кезде қарапайым сөздерден басталған, соның өзінде де ақыл ойды дамытуда зор рөл атқарған. қара сөзбен айтылған жұмбақтар ғана жай сөйлем, күрделі құрмалас сөйлем, тіпті қысқа әңгіме түрінде де кездеседі. Оған мысал ретінде «Ел аузында» кітабынан «Жұмбақтың шешілуі» деген әңгімені алуға болады.
2. Жұмбақ ертегілер. Қара сөзбен айтылатын жұмбақтардың тағы бір түрі – жұмбақты ертегілер. Жұмбақты ертегілер қызықты келеді. Оқиғасы қою, әрбір айтылған сөздерінде үлкен мән-мағына жатады. Тыңдаушысын үлкен ойға жетектейді. Өзінің барлық мазмұны жұмбаққа ғана құрылған ертегілер қазақта аз емес. Оған «Жұмбақшыл патша», «Қыз бен қара құл», «Қарт пен тапқыр жігіт», «Қарттың ұлына айтқан өсиеті», «Аяз би», тағы басқа ертегілер жатады.
3. Өлеңмен айтылатын жұмбақтар. Жұмбақтың көпшілігі өлеңмен айтылады. Мұндай жұмбақтарды жаттап алуға қолайлы. Бұл жұмбақтардың шешімдері кейде өлеңмен, кейде жай сөзбен шешіледі. Жұмбақ өлеңдердің көркемдік шеберлігі – терең мазмұнды мен аллегориялық суреттеуінде. Қара сөзбен айтылатын жұмбақтарға қарағанда, өлеңмен айтылатын жұмбақтар жаттауға жеңіл, көркем де, әуенді болып келеді. Мысалы:
Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат,
Оның аты … (сағат).
4. Жұмбақ айтыстар. Өлеңмен айтылып, өлеңмен шешілетін жұмбақтардың қамтыған тақырыптары біріне-бірі байланыс жоқ жеке заттар төңірегінде ғана болса, жұмбақ айтыстардың қамтитын тақырыптары біріне бірі жалғасып, байланысып жатқан, өресі кең, мол дүниеге айналып кетеді. Жұмбақ қазақ ақындарының айтыс өлеңінен ерекше орын алатын болған. Мәселен, Әсет пен Рысжанның, Нұржан мен Сапарғалидың айтыстары жұмбақтау түрінде жырланған
5. Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер. Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп, бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек: «Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?» — деп тамашалап, жүре қоймай отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен.
6. Есеп жұмбақтар.
Қанша жаңғақ?
Портфелімде әуелі он үш жаңғақ бар еді.
Науат пен Маратқа,
Самат пен Сағатқа,
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын,
Айта қойшы ал, жаным! (С. Қалиев).
7. Диалогқа құрылған сұрақ-жауап жұмбақтар. Мұндай жұмбақтарды көргені мен, білгені мол, білімді, зерек адамдар ғана тез шеше алады.
Жұмбақтарды адамның жас ерекшеліктеріне байланысты саралайтын болсақ, оны мектепке дейінгі кезең, мектептегі кезең, жалпы ересек жандарға арналған кезең деп бөлуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет