Бағдарламасы бойынша жарық көрді Салықов К. Шығармалары / К. Салықов. Астана: Фолиант, 2014



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,85 Mb.
#4507
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Салықов К. 
Шығармалары / К. Салықов. – Астана: Фолиант, 2014. 
ISBN 978-601-292-987-4
Т. 3. А.С. Пушкин шығармашылығынан тәржімелер. – 360 б.
 
ISBN 978-601-7568-30-6
Бұл кітапқа қазақтың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықовтың 
орыс және әлемдік поэзияның заңғар биігінен мәңгілік орын 
алған А.С. Пушкин шығармашылығынан тәржімелері, яғни 
ақын ның өлеңмен жазылған әйгілі романы – «Евгений Онегин», 
қанатты сөздері мен нақылдары және таңдаулы өлеңдері еніп 
отыр. Ақын аса күрделі һәм жауапты туындыларды қазақы қа­
лыптағы ырғақпен шебер тәржімелеп, автордың негізгі ойы мен 
ақындық асыл тәсілінің інжу­маржандарын жоғалтпай жет кіз­
ген. 
Жинақ талғамы биік оқырманның көңілінен шығарына тала­
сымыз жоқ. 
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз) 
      С 18
С 18 
© Салықов К., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
ISBN 
978-601-7568-30-6
 (Т.3)
ISBN 978-601-292-987-4 (общ)

ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН
(Өлеңмен жазылған роман)

5
Petri de vanite il avait encore plus de cette espece 
d
' orgueil qui fait avouer avec la meme indifference
 les bonnes comme les mauvaises actions, suite 
d
' un sentiment de superiorite, peut­etre imaginaire. 
Tire d
' une letter particuliere.
Атаққұмарлыққа әбден құныққан ол ерекше 
тәкаппар бо латын, оның үстіне сүйкімді қылығы
мен сұғанақтығын тепе­тең мойындатуға міз бақпас
қабілеттілігі өзгеден асып туған дығын сездіретін 
шығар, ал егер керісінше болса бәрі де бос сандырақ.
Жеке хаттан (французша).
 
Тәкаппар көпті таңдатпақ,
Бәсім жоқ, достық талғамым.
Бір саған лайық
1
 ардақтап,
Кепілдік келді арнағым.
Қалардай жаның нұр алып,
Ақындық тәтті сауал бар.
Қарапайым сыры анық,
Ала­құла тараулар.
Тізбегін жөпте, құп алып
Терең ой ашық желісін.
Жартылай әзіл, жарты мұң,
Ел ұғар ерке тартымын.
Бір саған лайық
1
 – әдебиеттанушы, педагог, Петербург университетінің рек­
торы болған П.А. Плетневке (1792­1865) арнауы. Ақынның ақырғы күніне дейін 
досы болған.

6
Әнтектеу әуре жемісін,
Ақ шабыт ұйқы үзгенін,
Жетілмей өшкен жылдардың
Жеткізер салқын тізбегін
Жүректе дерт боп тұнған мұң.

7
БІРІНШІ ТАРАУ
«Құлшынды өмір сүруге, сезімге де асықты»
1
.
Кн. Вяземский 
І
«Тәртіпке тәптеш ағайын,
Сөз бе екен мүшкіл жатқаны;
Бағынта білді маңайын,
Одан зор әлек таппады.
Өзгеге ғылым сабағы,
Жүйкені құртып барады,
Құдай­ау, төзім септейсің,
Қасынан күн­түн кетпейсің!
Асырды ол әккі әдісін:
Тірі өлік күттік қастерлеп,
Жастыққа қолды дәл сермеп
Әперу қорлық дәрісін,
Күрсіндік жорта қайғылы:
Алар деп сайтан қай күні».
ІІ
Тап солай тентек ойлады, 
Поштабаймен шаң жұтқан,
Зевестің үнін жоймады,
Мұрагер басын қаңғыртқан,
Руслан мен Людмиланың,
Досы деп шексіз сыйладым.
1
 Эпиграф А.С. Пушкиннің досы П.А. Вяземскийдің «Алғашқы қар» атты 
өлеңінен алынған.

8
Романда осы кейіпкер,
Кезі жоқ мені кейіткен.
Туыпты айтсам жалпылап,
Онегин Нева жерінде,
Мекенің мүмкін сенің де.
Шыққан жер даңқың жарқырап;
Көп жүріп көрдім жол түсіп,
Жақпайды маған солтүстік.
ІІІ
Әкесі іске жегіліп,
Қарызбен ғана күн көрді,
Бір жылда үш той беріліп,
Жиғанын жұтып үлгерді.
Евгений жұтап қалмас та;
Mаdаmе күтті әу баста,
Бұзбады Monsieuеr  сиқын бұл,
Салатын асыр сүйкімді ұл.
Француз аббат жабайы,
Әр ойын ұзақ сүйретер,
Әзілмен ақыл үйретер;
Әуре етер көйтіп анайы,
Еркелі сөзбен төпелер,
Жазғы бақ жаққа жетелер.
ІV
Беймаза жастық үн берсе,
Евгений ептеп ысылды.
Үмітпен нәзік мұң келсе,
Месьеден есен құтылды.
Онегин азат сонымен,
Шашты алды соңғы модымен.

9
Лондоннан келген dandy
1
 деп,
Ортаға думан алды көп.
Французша жазып, сөйлейтін
Епті еді адам тануға,
Билейтін мазурканы да,
Бас исе болды өрлейтін.
Кісі деп абзал, ақылды,
Қатарға қауым шақырды.
V
Бәріміз де ептеп үйрендік,
Бірдеме жасап, бірдеме.
Тәлімге тәнті күйге ендік,
Жарқ етпес дейсің бұл неге?
Онегин жайлы көп айтқан,
Әділ сәт осы дөп айтқан:
Білім бар, бірақ қазымыр,
Талантқа қожа тағы бір:
Әңгіме көшін құрғатпас
Не десең соған қорғансып,
Білдірмей білгіш болғансып,
Білікті дауда тіл қатпас,
Әйелге шапшаң ұнайды,
Сықақты жылдам құрайды.
VI
Салт емес қазір латын,
Шындыққа көшсек егер де.
Ол білгендік қылатын,
Эпиграф оқып берерде.
Ювеналдың
2
 болып білгіші,
Соңғы сөз Vаlе
3
 үлгісі,

Dandy – сәнқой.
2
 Ювенал Децил Юний – Рим ақыны (б.э.д. 127 жыл), сықақшы.

Vаlе – сау бол.

10
Тақпақтар кейде көп бұлдап,
Энеидадан
1
 қос шумақ.
Қалмайды шежіре шаңында,
Тарихқа осы енжарың
Білмейді жөндеп жер шарын.
Анекдот шек жоқ санында 
Ромулдан
2
 сайрап бергіні,
Берері жатқа белгілі.
VII
Етпей­ақ ынтық санасын,
Ән десе жимас айылын.
Хорей мен ямбы арасын,
Бұйырмай кетті айыру.
Жақпады Гомер, Феокрит
3
Бар оқуы Адам Смит
4
.
Эконом қыбын білгіштеу,
Сөйлесе тілмен тілгіштеу.
Мемлекет байыр шағында,
Байқампаз даму қарқынын, 
Қажетсіз дейді алтының,
Жабайы заттар барында.
Әкесі түсінбей жалықты,
Залогке жерді салыпты.
VIII
Евгенийдің басқа білгенін,
Мұрша жоқ даттар батылдау;
Сездірмес дана бір кемін,
Қай ғылым өте жақындау.
1
 Энеида – Рим ақыны Вергилийдің поэмасының аты.
2
 Ромул –аңыз бойынша Римді орнатушы.
3
 Феокрит – көне грек ақыны (б.э.д. III ғасыр).
4
 Адам Смит (1723­1790) – ағылшын экономисі.

11
Жасынан болды не ғажап,
Қуаныш, еңбек әрі азап, 
Алса да енжар уақытын,
Құштарлық ғылымын ұғымтал,
Құмары Назон
1
 айтқандай,
Тауқымет содан тартқандай,
Ғұмыры өтті ұрымтал;
Молдавияда шалғай қамықты,
Италиясы қатты сағынтты.
IX
……………………………………………
……………………………………………
……………………………………………
 
X
Қулыққа жастай ол білгіш,
Үмітін бүккіш, қызғаншақ.
Сендіргіш сенім сөндіргіш,
Мұңая қалғыш қыздай сақ.
Айбынар әлде қаймығар,
Зер салғыш лезде шайлығар,
Томсарар жоқтай не дері,
Қызыл тіл айтқыр шебері.
Хат жазса сүйгіш таң қылғыш,
Емі бар демі жеткендей,
Сол үшін қасірет шеккендей!
Көз салғыш еппен, жан салғыш,
Кейде өжет, кейде сыйлағыш,
Көлгірсіп кейде жылағыш.
1
 Назон – Публий Авидий Назон (б.э.д. 43­жыл), Рим ақыны.

12
XI
Жаңара қалғыш ол қандай,
Әзілмен жүрек жалғантар,
Сақтанар үрей алғандай,
Мақтаумен жеңіл сандалтар.
Алдамшы мезет шаттығын,
Жазықсыз жылдар пәктігін
Сезіммен ойға оздырар,
Көңілге құлаш создырар.
Жалынып тыңдай қалатын,
Жүректің тұңғыш лүпілін,
Махаббат түзеп күтімін
Кездесу сертін алатын...
Оңаша арбап жеңетін,
Өзінше сабақ беретін.
 
XII
Оятты ол түртіп тым ерте,
Жеңілтек қыздар жүрегін,
Бақастық етсе бір еркек
Орнатар тағдыр түнегін,
Қу тілмен қыршып қорлайды,
Шалғайдан шебер торлайды.
Кей бейтарап жуастар
Татулық іздеп ұнасқан;
Сүйген боп жылпос ұтты ма,
Шәкірті көне Фабластың
1
;
Қызғаншақ шал да арбасты,
Мүйізді діндар мықты да,
Өзінен өзі қуанды,
Жары мен асқа жұбанды.
1
 Фаблас – Луве де Кувренің (1760­1797) романдарының әйелдерді еліктіргіш 
кейіпкері.

13
XIII­XIV
…………………………………………
…………………………………………
…………………………………………
XV
Тұрмай­ақ кейде төсектен,
Оқитын таңғы хаты бар.
Жаңылмас бірақ, есептен,
Бір кеште үш үй шақырар.
Жеткіншек тойы, би кеші,
Еркеге ермек бірнешеу
Қай жақтан бастар? Амал бар:
Бәрін де тойлап тамамдар,
Әзірше таңғы серуенде,
Басына киіп кең қалпақ,
Бақшаға жүріп дем алмақ
Қыдырар кеңдік мол жерде,
Серуенде жанын қыспас та,
Шақырмай сағат түскі асқа.
XVI
Түн келді. Қамдап шанасын,
«Жүр­жүрге!» салды айбатты.
Күмістеп құндыз жағасын,
Шаңытқан аяз жайнатты.
Талонға
1
 тартты Онегин,
Қалды ау, деп күтіп Каверин
2
.
Ішімдік толы татымды,
Комета тығын атылды;
1
 Талон – Петербургтің рестораны.
2
 Каверин П.П (1794­1855)– Пушкиннің досы.
 

14
Қанталап шарап қаншасы,
Трюфли
1
 тәбет тартпақшы,
Француз күтті аспазшы,
Дәмді екен страсбург самсасы;
Лимбургтік ірімшік аралас,
Туралды алтын ананас.
XVII
Котлетті майлы, тым ыстық,
Шараппен басу ғадет те;
Шақырды сағат тықыршып,
Басталған жаңа балетке.
Театрдың қатал сыншысы,
Құштарлық етсе мұң қысып
Ғашық тіл безеп арзанын,
Сахнаның кезер ар жағын;
Онегин ұшты театрға,
Болса да көңілі желсоқты,
Секірсе біреу қол соқты,
Федра мен Клеопатраны,
Моинаны болды қолдаушы,
Мақсаты шығу өз даусы.
 
XVIII
Сиқырлы аймақ! Бұл жерге
Қожасы өткір мысқылдың
Фонвизин даңқы нұр берген,
Княжнин еліктеп іс қылды.
Озеров  тапты олжасын,
Қол соққан жұрттың көз жасын
Семенова жастай бөлісті;
1
 Трюфли – жер астында өсетін саңырауқұлақ.

15
Катенин тапты көп істі
Корнельді дана мадақтап;
Шаховской сөкті түйіндеп,
Комедиялары үйірлеп,
Оранды Дидло
1
 атаққа;
Сол сахнаның шебінде
Жас күнім өтті менің де.
XIX
Періштелерім, қайдасың,
Мұңлы үнім құлақ жарды ма?
Асырып біреу айласын,
Айырбасқа әлде салды ма?
Хор қайда? Әнге орашы
Орыстың Терпсихорасы
2
,
Ұшырар ма сені құдайым,
Басар ма әлде уайым?
Түңіліп таныс адамдар,
Қарайлап бөтен жарыққа,
Сахна жат боп халыққа,
Қызыққа жан жоқ алаңдар;
Болар ма есінеу несібе,
Өткен күн келіп есіме?
XX
Театр шалқып, төр қызды;
Кресло, партер толды лық.
Артқы жақ шуға тойғызды,
Бұрала тартты шымылдық.
1
 Дидло Карл (1767­1837) – балетмейстер.
2
 Терпсихора – көне грек мифіндегі би жебеушісі.

16
Ауадай жеңіл жарқырап,
Сиқыр сөз жебеп қарқындап,
Қоршаған өңкей періште,
Истомина
1
 басты желіске:
Ұшқанын көзге ілінтпей
Сәкіге тисе оң аяқ,
Зыр айналтты сол аяқ;
Үрлеген Эол
2
 түбіттей,
Қайта ұшып, қайта айналды,
Балтырға балтыр байланды.
XXI
Зал қол соқты. Келді Онегин,
Отырған жұртты маңайлап.
Әйелдер шолды әлемін,
Көзәйнек әнтек қарайлап;
Баршаны жалпы бір шолды,
Көрінді көбі тым сорлы,
Ерлерге шұлғып өтті өрлей;
Сахнаға ықылас еткендей
Есінеді, дымды айырмас
Болғаны көзге ұшырап,
Сөйледі сөзі пышырап:
«Бәріне керек айырбас, –
деп қалды, – балет сабылттың,
Дидлоңнан да жалықтым».
XXII
Жын­шайтан, құдайшық, жыландар,
Сахнада ойнап­күліскен.
Есікте күзет қылғандар
Тон төсеп ұйқыға кіріскен, 
Аяғы тоңса секіріп.
1
 Истомина А.И. (1799­1848) –  әйгілі балерина.
2
 Үрлеген Эол – грек мифологиясындағы желдердің құдайы.

17
Түшкірді есінеп, бекініп;
Жарығы көше өңдеген
Фонарьлар оты сөнбеген,
Тарпынып аттар шыдайды.
Ауырлап асыл тұрманы;
Көшірдің жаурап тұрғаны
Қожаларын сыбайды,
Үйіне кетті Онегин,
Орындар киіну әлегін.
XXIII
Көркем сөз көнсе әдібі
Көрсетейік үйін де.
Моданың құлы кәнігі,
Шешінді, қайта киінді.
Байлығын көрсең ұғарсың
Не сатса Лондон кінәмшіл,
Айырбастап алды таласпен
Шошқаның майы ағашпен;
Париждің тажал талғамы
Не білсе соны тапқызды.
Алдында жайнап жатқызды;
Салдық пен салты жалғады.
Кабинеті лайық асылға,
Ойшылға он сегіз жасында.
 
XXIV
Лағылды Цареград
1
 түтігі,
Үстелде қола фарфор мен;
Сезімнің нәзік күтімі
Хрустальда жұпар әр түрден.
1
 Цареград – Ыстамбұлдың ескі аты.
2­256

18
Тарақ пен егеу құрыштан,
Қайшылар үйір құрысқан;
Шөткелер қандай парланған,
Тырнақ пен тіске арналған.
Руссоны
1
 айтсам мән бермей,
Гримді
2
 сынға салды кеп,
Көзінше тырнақ алды деп.
Қызыл сөз кетсе әрленбей
Еркіндік, құқық тәңірі
Бұл жерде жүрмес әмірі.
XXV
Болсаң да мәшһүр ғаламға,
Ойлау жөн сәнін тырнақтың.
Қатал заң дәстүр адамға,
Әдетке әлек құрмақ кім?
Чадааевқа сері жетуге,
Қызғаншақ сөзден кетуге
Ден қойды біздің Евгений,
Әсіре, сәнқой сезгенім.
Үш сағат киім ол таңдар
Айнаға уақыт сарп етіп,
Содан соң шығар жарқ етіп,
Желмінез ұқсап Шолпанға;
Маскарад киімін шұбалтты,
Қатын құдай сияқты.
 
XXVI
Ең жаңа үлгі­модыға,
Қанығын анық байқар ең.
Қоғамның білгіш тобына,
Үстінде барын айтар ем;
1
 Руссо Ж.Ж. (1712­1778) – француз жазушысы.
2
 Грим (Гримм) Ф.М. (1723­1807) – жазушы.

19
Еркінсіп сөзге дер күнде,
Дәл жазу болса еркімде,
Пантолон, франк, жилетті
Орыстың тілі білмепті.
Ғафулық күтем сіздерден,
Тіл қорым құрмет қыларлық
Азаяр еді шұбарлық.
Жат жұрттан жиған сөздермен
Көнеге қарап төздік те,
Академиялық сөздікке.
XXVII
Өзгеге көңіл кетті ме:
Би кешін сыйлау сақталды.
Жәмшікті күйме жекті де,
Онегин тура аттанды.
Қалғыған көрді үйлерді,
Ұйқылы көше сүйрелді;
Көбейді күйме фонары,
Жарқырап қос­қос жанары,
Түрленіп сәуле төгілді.
Маңайы қалпақ шамданған,
Бір үй тұр бойы жанданған,
Әйнектен қауым көрінді:
Әйелдер және қысқасы,
Даңқойлар өңшең нұсқасы.
XXVIII
Кірді үйге батыр бүгіліп,
Швейцарға шұлғып тез өтті.
Мәрмәрлі сатыда жүгіріп,
Саусақпен шашын түзетті.
Келсе, зал толы халыққа
Сұлу саз үні жабыққан,

20
Мазуркаға алаң боп,
Тар жерде у­шу адам көп.
Салт аттылар тақасы,
Сырт етсе қанат жаяды.
Арулар бипаз аяғы,
Жіті көз жоқ қой қатасы.
Скрипка жеңді сыңқылы,
Бикештер күндес күңкілін.
XXIX
Қызықты күнде құштарлы,
Би кешін сұмдық сүюші ем.
Сырласар уақыт қысқарды,
Жолдамай хат та жүруші ем.
Бек хұрмәтлу жұбайлар!
Септесер менде сыңай бар.
Іліңдер құлақ сөзіме,
Біліңдер тым сақ кезімде;
Аналар сенім ақтасын,
Сау болсын десең қыздарың
Үзбеңдер жанар ызғарын.
Әйтпесе құдай сақтасын!
Көп болды дәріс жазамын,
Күнәдан өзім тазамын.
 
XXX
Әр түрлі әуре қыздырып,
Уақытты тым көп жоғалттым.
Таппаса ақау ізгілік,
Би кешін келмес доғартқым.
Сүйемін тулап бұла күш,
Тар жерді жайлап қуаныш,
Кисе ару бойға дөп киім,
Қос балтыр қандай, тек қиын,
Ресейде бүкіл табылмас.

21
Үш пар балтыр әдемі,
Табылмай құртты әлегі;
Екі аяқ... десең жаным мас,
Түсіме кіріп жүдетті,
Қозғап жүр әлі жүректі.
XXXI
Шіркін­ай, қашан, қай шөлде,
Ұмытар есуас оларды?
Қос балтыр жүрсің қай жерде?
Көктем боп қай гүл оралды?
Шығыстың шуақ шағында,
Солтүстік мұңлы қарында
Қалмады­ау, басқан ізіңіз,
Көк кілем көркін сүйдіңіз;
Мөлдір шық сипап моншағын,
Мен қашан болдым ұмытқан
Атақ пен көңіл суытқан
Атамекен қоршауын?
Балғын шақ өтті алдымда,
Ізіңдей сенің шалғында.
 
XXXII
Диана
1
 төсі, достарым,
Флора
2
 жүзі балқытты­ау!
Терпсихора от­жалын,
Балтыры бәлкім артықтау.
Тілдесер көзбен жаны асыл,
Алмай жүр әділ бағасын.
1
 Диана – Рим мифологиясында Ай мен аңшылықтың құдайы.
2
 Флора – Рим мифологиясында гүлдердің құдайы.

22
Көркіне жаным табынбақ,
Құштарлық бойда ағындап,
Эльвина досым, танимын
Мен оны барлық суреттен:
Көктемде сайда гүлдеткен
Тасынан қысқы каминнің,
Айнадай паркет бетінен,
Теңізде жартас шетінен.
XXXIII
Найзағай күткен теңізде,
Қызғандым толқын шұбырсаң,
Үдере көшіп егіздеп,
Аяғын құшып жығылсаң!
Тіледім мен де жанпірім,
Сүйсем деп аппақ балтырын.
Білмеуші ем мұның бірін де,
Қайнаған жап жас күнімде;
Армидаларға тез құмар,
Күнім жоқ аңсап түрленген,
Ернінге раушан гүлденген
Төсіне алмұрт көзді ұрар.
Бүгіндей ынтық ұстарлық,
Қинаған жоқ құштарлық.
XXXIV
Есіме басқа түсер күн!
Аңсатқан асыл армандай.
Әкелді бақыт үзеңгім...
Балтырын қолға алғандай;
От сезім қандым нәріне,
Тиді етім ыстық тәніне,
Өлесі жүрек жанданды
Махаббат аңсау жалғанды!

23
Көп жаздым құштар бағытта,
Мылжыңдау өлең жүр­жүрлеп,
Тәкаппар білмес сый құрмет
Татымас ынтық шабытқа:
Көз бен сөз сиқыр арбайды,
Қос балтырдай алдайды.
XXXV
Онегин біздің шала ұйқы,
Төсекке тойдан оралды;
Петербург кербез нар сиқы
Барабандар шулап оянды.
Көз ашты көпес көрпеден,
Көшірлер тұрды ертемен,
Құмыралы әйел тыпырлап,
Тез өтті ақ қар сықырлап;
Атқан таң думан бастапты,
Терезе ашық, тік қаптап
Шұбырды түтін будақтап.
Қағаз қалпақ аспазшы,
Наншы неміс тасып ас
Қайталар сөзі васисдас.
XXXVI
Шуында бидің қалжырап,
Шаңқай түс болды атқан таң.
Тәтті ұйқы жеңді маужырап,
Рахат, байлық тапқан жан.
Бесінге тақау оянар,
Ғұмырын түнгі той алар;
Бәрі де кеше көрген жол,
Бүгін қандай – ертең сол,
Бақытын бірақ, тапты ма?
Евгений еркін шағында,
Күш­қуат бойда барында,

24
Өткерген думан жақты ма?
Құр бекер әлде той тойлап,
Саулығы түзу күлді ойнап?
XXXVII
Суыды жылдам от сезім,
Тобырдың шуы түңілтті;
Сағынбас сұлу серт сөзін,
Оларға қимас үмітті.
Алдаушы көп боп зар қақты,
Достар мен достық шаршатты.
Көтерсін қалай баршасын,
Бифштекс, страсбург самсасын;
Шампанның шуы толса да,
Өткір сөз кірер ағынға
Ауырған басы шағында,
Қаншама тентек болса да
Ұмытуға ол тырысты
Қақтығыс, дуэль, қылышты.
 
XXXVIII
Ділгірлік өшіп әл кіру,
Басталар сәтті күй күттік.
Ағылшынша мәңгіру,
Орысша айтсақ мимырттық
Аспады дәмін татудан,
Ал, өзін өзі атудан
Сақтанды, күш жоқ өңінде,
Салқынсып кетті өмірге.
Чайльд Гарольд секілді,
Өзгенің сөзін қолдамас,
Бостон
1
 мен өсек қозғамас,
Отты көз сиқыр не түрлі,
1
 Бостон – карта ойыны

25
Еш нәрсе оны тартпады,
Ешкімге сенім артпады.
XXXIX, XL, XLI
.........................................
.........................................
........................................
XLII
Ұлыққа таңсық арулар!
Бәріңді ол ерте тастады;
Тап біздің жаста жан улар,
Жат сөзге тобыр баспады;
Кей әйел, мейлі жалпылап
Бентамды
1
, Сейді
2
 талқылар.
Көбісі әттең шорқақтау,
Кінәсіз шатпақ томпақтау.
Ерсі емес бірақ безінер,
Айбынды, асыл, ажарлы,
Тәкаппар тартар назарды
Байқампаз, тура сөзімен.
Сес беріп тұрса сән бітер,
Еркекті ессіз мәңгіртер.
XLIII
Сендерге – балғын сұлулар,
Ұмтылса түннің аш торы,
Әкеткіш думан құруға
Петербург сері тас жолы.
1
 Бентам – ағылшын публицисі (1748­1832).
2
 Сей – Жан­Батисан (1767­1832), франц. экономисі.

26
Евгениім кетті наз артып,
Тайқыды құлы ләззаттың.
Онегин үйде қамалды, 
Қаламнан таппақ амалды.
Ауырға қолы батпады,
Ебі жоқ ноян еңбекке.
Көнбейді өлең ермекке,
Шабытшыл кәсіп жақпады.
Ондайды сөгу тірі мұң,
Өзім де соның бірімін.
XLIV
Әуресі жеңсе шатпақтың
Самарқау көңіл қоңырлап,
Мадақтау өлең айтпақшы,
Біреуден алмақ ой ұрлап.
Сөреде кітап қаптаған,
Оқып та рахат таппаған:
Сылдыр сөз, алдау, сандырақ,
Нәрсіз бос жатыр қаңғырап.
Айтарлық дым жоқ пәлендей,
Ескілер тартты көмескі,
Жаңадан көне үн есті.
Кітапты тастап әйелдей,
Жасырған шаңды сөресін,
Қаралы шүберек көресің.
XLV
Қауымның заңын пұлдамай,
Құтылды күйкі әуреден.
Достастым мінез бұлдамай,
Ұнаттым оны әр неден:
Қиялға зиял берігі,
Жаттанбас ерекшелігі,

27
Жасқанбас ашық салқын ой,
Ол ұяң, менде қарқын мол;
Іңкәрлік дертін білгенбіз,
Титығы батып өмірдің,
Жалауы қайтып көңілдің,
Біз қаһар тосып жүргенбіз
Тағдырдан әлде кімдерден,
Тұңғыш таң, қыршын күндерде.
XLVI
Өткерген өмір ойланып,
Өзгені іштей жек көрген.
Сезімтал жанға ол да анық,
Өткен күн қасірет, дерт берген.
Құл болмас бөгде көрікке,
Естелік жетер серікке,
Онегин жанын өртейді.
Мұңлы сөз айтса көркейді,
Шабыттың келіп нәшіне.
Уытты тілге түйрелдім,
Кешікпей мен де үйрендім,
Қыршаңқы талас бәсіне.
Өткердім улы мысқылын
Әжуа­қалжың қышқылын.
XLVII
Келуші ек жиі, мөп­мөлдір
Жазғы кеш тұнса әрленіп;
Неваға ақ түн төксе нұр,
Су беті сұлу мөрленіп
Диана жүзін жасырса
Аңсаған жүрек ашынса.
Шер қозғап көңіл тасыттық,
Есіркеп бала ғашықты,
Нәр алдық жұмақ кешінен.

28
Сұқтанбай өзге үнге мен,
Орманға кірген түрмеден
Тұтқындай тандым есімнен.
Арманға еріп кетуші ек,
Жас күнге қайта жетуші ек.
XLVIII
Евгений, жаны күйзеліп,
Ежелгі ғадет жоқ сылқым
Гранитке тұрды сүйеніп,
Жазғандай ақын өз сиқын.
Тым­тырыс, бейқам түн келді,
Сақшылар сапта үн берді.
Ат тұяқ арба салдырын
Милионный
1
 жақта қалдырды.
Ескегі ғана жарқылдап,
Қайық жүр алыс кезеңде:
Толқисың, түнгі өзенде
Керней мен асқақ ән тыңдап,
Бәрінен үздік тынбады,
Торкватты
2
 әуен ырғағы.
XLIX
Адриатика толқынын,
О, Брента
3
! Бәрін көрем бе?
Сиқырлы әуен жойқын үн
Нұр себер жазған өлеңге.
Аполлонның ұрпағы,
Альбионның бұтағы
1
 Милионный – Петербургтің көшесі, қазір Халтурин көшесі.

Торкватты – Торквато Тассо (1544­1595), итальян ақыны.
3
 Брента – жағасында Венеция тұрған өзен.

29
Ет жақын туыс үндері,
Италия алтын түндері,
Әкетем қиял ғайыппен
Венецияның жас аруын,
Сол болар шипа­дәруім;
Жүземін сиқыр қайықпен
Білуге тілін асықтым
Петрарка мен ғашықтың.
L
Бостандық мені табар ма?
Күн туды, оған жетемін;
Қолтыққа толқын аларда
Баптадым кеме желкенін.
Қасарып дүлей жойқынға
Теңізде дауыл толқынға,
Япырмай, қашан аттанам?
Жағадан қасірет таптаған,
Келер ме тілек тілесем,
Шаңқай түс – ыссы аптапта
Африкам менің байқап та,
Күрсінтер күңгірт Ресей,
Қамыққан, сүйген қайран жер,
Көміліп жүрек қалған жер.
LI
Менімен даяр Онегин,
Жат елде сайран етуге.
Тағдырдың тарттық әлегін,
Мәжбүрміз алшақ кетуге.
Әкесі өтті дүниеден,
Жиналды білген­білмеген:
Иесі сансыз қарыздың,
Бірі албырт, бірі маңызды.
Евгений ойға бойламай,

30
Не салса тәңірі жаратып,
Мұраны берді таратып,
Жат қолда кетті сол маңай.
Сездірді­ау, тағдыр көнерін,
Ағайын­шалдың өлерін.
LII
Келді оқыс хабар ақыры.
Управитель мәлімдеп
Көрсем деп сізді шақырды
депті ағайың өлім халінде.
Сүймейді қаза жортақты,
Евгенийді жол тартты.
Поштамен кетті шапқылап,
Есінеп ұйқы тартқылап,
Ақша үшін разы күйіне
Тартқансыр қасірет расында,
Айтқандай роман басында;
Туыстың келсе үйіне,
Үстелде жатты мәйіт боп,
Бақиға кетер ғайып боп.
LIII
Аулада адам сабылды,
Марқұмға ізет қылғандар.
Қас пен дос қатар ағылды,
Жерлеуге жетік тұрғандар.
Көмілді өлік. Кісі көп,
Қонақтар, топтар ішіп жеп
Тарқады жылдам теп­тегіс,
Осылай тынды күткен іс.
Шаруаға көшті Онегин,
Заводтар, орман, бал құрақ – 
Бәріне қожа, ал бірақ
Оған қас тәртіп дегенің.

31
Жоғалып ескі қияпат,
Кернеді көңілін рахат.
LIV
Екі күн көрсе жаңаны,
Даланың шебі ұзақ тым,
Тұңғиық орман самалы,
Сылдыры тыныш бұлақтың;
Үш күнде адыр, жазықтың
Ажары мүлде қажытты;
Бәрі де тартты ұйқыға
Жұпыны деревня сиқы да;
Есінде шулы сарайлар
Көше де жоқ көлеңдер,
Би кеші, карта, өлең де,
Әкелді қаяу әр ойлар,
Көлеңке болып аңдыған,
Әйелдей қамқор дәл бұған.
LV
Мен тудым бейбіт күн үшін,
Шалғайда тыныш тұруға.
Ұлғайтар лира дыбысын,
Көрген түс қызық құруға.
Күнәсіз ермек байланып,
Қыдырсам көлді айналып
Серуен, тойды жаратам,
Оятқан мені жаңа таң
Еркіншіл шабыт егіпті:
Аз оқып ұйқым қаныпты,
Қумадым ұшпа даңқты
Жас күнім берсе желікті,
Саяда сергіп татыппын
Қызығын ең зор бақыттың.

32
LVI
Махаббат, гүл мен деревня, той,
Табиғат! Менің керегім.
Арада алшақ жік бар ғой,
Мен басқа, басқа Онегин.
Оқушы оны байқасын,
Баспаның білсін алқасы,
Өсектен есен сақтасын,
Айырсын мінез тақтасын.
Төкпесін сынның ызғарын,
Бүлдірді өзін деп даттар,
Байронға ұқсап тәкаппар,
Жаза алмас дей­ме біз ғаріп
Өзгелер жайлы жыр­дастан,
Өзіңе назар бұрмастан.
LVII
Шындық сол: барлық ақынның,
Махаббат – сөнбес қиялы.
Менде де қимас жақын бар,
Көрген түс еске жияды.
Бейнесін мәңгі сақтайтын,
Жырға орап муза даттайтын
Сенімпаз өлең арнадым,
Тау қызын сонда талғадым,
Салгирлық
1
  тұтқын бала еді.
Таңдантып жырға қосқаным
Сұрауда жиі достарым:
«Лираң, – деп, – кімге зар еді?
Қызғаншақ қыздар арманың,
Сен кімге әуен арнадың?»
1
 Салгир – Қырымдағы өзен.

33
LVIII
Қай сұлу шабыт оздырып,
Біліп жүр жылы белгіңді.
Сазды әуен құлаш создырып,
Тәңіріңдей көрдің сен кімді?»
Ондай жоқ, құдай біледі!
Махаббат ессіз тілегі
Мен үшін тынған тым сәтсіз.
Бақытты сол ғой: қымбат қыз
Еткізсе оны жырлатқыш,
Ғашық жыр нұрлы тізбегі
Петрарка баулып іздері
Дем берсе дәру у басқыш,
Даңққа жеттім мән біліп,
Мен сүйдім мылқау әңгүдік.
LIX
Келді өлең, кетсе махаббат,
Күнгірт күн мүлдем жойылды.
Бірлігі өсті қат­қабат,
Сиқыр үн, сезім, ойымның;
Жүрекке бітті құдірет
Қамығып салман сурет, 
Қырсыққан өлең қасында
Бикештің балтыр, шашын да;
Тұтанбас ескі от күлденген
Жас құрғар дертті көтердім.
Тез өшер ізі нөсердің
Арылар алыс үндерден:
Поэма жазып байқармын,
Жиырма бес әнін айтармын.
3­256

34
LX
Формаға жоба табылды,
Кейіпкер келді есімі;
Романның міне, жабылды,
Бірінші бөлім есігі;
Қазбалап қарап өтсем де,
Қайшылық көп боп сөксем де
Түзеуге жетпес өнерім.
Цензура құнын төлермін,
Журналистер іресін
Еңбегім бәрін табасың:
Арала Нева жағасын,
Жыр­перзент жолды білесің,
Даңқтың көрсет шоқтығын:
Құр мылжың, даукес боқтығын.

35


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет