Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы



бет29/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
фк1

37. Қазақтың тарихи жырлары

Тарихи жырлар — белгілі тарихи оқиғаларға байланысты туған эпикалық шығармалар. Тарихи жырларда оқиғаның дәлдігі сақтала бермейді.


Әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан қорытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалық мақсаттар қаға-беріс қалып, жалпы халықтық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар Тарихи жырларда ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе көркемдеу құралыТарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі — ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты кейіпкерлер — тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары — көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды.
Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді.
Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ.) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т.б. жырлар).
Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды.
Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ.) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т.б.
Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі ("Туар ма екен бізге күн", "Еріксіз келдім елімнен", "Зарлы заман кезінде", "Құлақасқа", "Бекболат", "Ұзақ батыр", "Амангелді" т.б.).
Қазақ әдебиетіндегі Тарихи жырларды Үмбетей, Мұрат, Тілеміс, Нысанбай, Жанкісі, Шернияз, Жамбыл, Нұрпейіс, Мұрын сияқты ақынжыраулар шығарған, толықтырып, өндеп қайта жырлаған. Тарихи жырларға алғаш көңіл бөлген Ш.Уәлшанов еді. Ол "Абылай", "Орақ батыр" жырларын жазып алып, зерттеді. Одан кейін 19 ғ-да В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, И.Аничков, 20 ғ-дың басында М.Ж.Көпеев, Ә.Диваев т.б. көрнекті фольклористер Тарихи жырларды жинауда көп еңбек сіңірді. Қазір Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында 400-дей Тарихи жырлар бар. Кеңес дәуірінде Тарихи жырларды зерттеуге С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мщанов, Ә.Маргцлан, К,.Жцмалиев, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Н.С.Смирнова, Б.Кенжебаев, Ф.Бердібаев, Б.Уақатов, Н.Төреұлов, К.Сейдеханов, т.б. ғалымдар зор үлес қосты. Көптеген Тарихи жырлар хрестоматияларға, жинақтарға енді, жеке кітап болып басылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет