Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрігіндегі» фольклорлық туындыларды талдау



бет41/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
Байланысты:
фк1

50. Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрігіндегі» фольклорлық туындыларды талдау
Махмұд Қашғари (XI ғасыр) - ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, саяхатшы. Толық аты-жөні – Махмұд ибн-ул Хұсайын ибн Мұхаммед әл-Қашқари. Шамамен 1029-39 жылдары туған.
«Диуани лұғат ат-түрік» - түрікше-арабша түсіндірме сөздік. Қазіргі түркі тілді халықтардың бәріне ортақ мұра.
«Диуани лұғат ат-түрк» - тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдык, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихи мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б. катысты бағалы деректері мол жинақ. Бұл еңбек 1074 жылы жазылған.
«Сөздікте» мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бәйіттер, ғазалдар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ғибрат сөздер, сажьдар (ақ өлең), насыр (проза), т.б.
«Диуани лұғат ат-түрк» еңбегігде табиғат туралы өлең-жырларда кездеседі.Жылдың төрт мезгілі - көктем, жаз, күз және қыс - көріністеріне арналған өлеңдер бар.Табиғат құбылыстары - найзағай, қар, жаңбыр, жел, т.б. туралы алғашқы қауым адамдарының көзқарасын білдіретін жыр шумақтары да кездеседі.
Алғашқы қауым адамдарының тіршілік кезі аңшылық болғанын бейнелейтін көркемсөз үлгілері «сөздіктегі» еңбек, егін салу, мал бағу тақырыбына арналған өлең-жырлардан көрінеді.
Ал,«Диуани лұғат ат-түрктегі» батырларды көтере мадақтайтын өлең жолдары:Алып Ер Тұңғаны,Афрасияф,т.б.
«Сөздіктегі» тұрмыс-салт жырлары болса қадым заманда өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, кәсібін, тотемдік түсініктерін танытатын өлең-жырлар.
М.Қашғари жинаған бәдік, бақсы өлеңдері, бата-тілек, бесік жыры, тойбастар, жар-жар, жоқтау, естірту, т.б. жыр үлгілері осы еңбекте берілген.
«Диуани лұғат ат-түрктегі» мақал-мәтелдер, ғибрат сөздер, афоризмдер,қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылатын мақал-мәтелдер, қанатты сөздер де бар.
Сөздікте 29 тайпаның аты аталады. 6600 түркі сөздеріне араб тілінде түсініктеме берілген. 6 мыңнан астам төл сөз бен диалект сөздер бар. 242 бәйіт, 262 мақал-мәтел кіргізілген. Соның ішінде 675 сөз, 60 мақал-мәтел қазіргі қазақ тілінде ешбір өзгеріссіз, сол қалпында қолданылады.
Еңбектің көшірме қолжазбасы ХХ ғ.бас кезінде табылған. 1914 жылы Стамбулда басылған.
Қолжазба қазір Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. Оны көшірген хуснихатшы – Әбу Бәкір бин Абдулфотхат.
Сөздікті алғаш неміс ғалымдары Карл Броккельман, Фриц Хаммел зерттеген. Басым Аталай 1939-41 жж.сөздікті Анкарада 3 томдық кітап етіп шығарып, оны осман түріктерінің тіліне аударған.
Ф.Оңғарсынова сөздіктегі өлең-жырлар мен мақал-мәтелдерді қазақ тіліне аударған.
Еңбекті тұңғыш рет толық қазақ тіліне Асқар Егеубаев аударған.
Еңбектегі фольклортануға қатысты бар ең басты екі шығарма бар.Олар:қыс пен жаздың айтысы және Алып Ер Тоңғаны жоқтау.
Бұл еңбекте келтірілген қыс бен жаздың айтысы мысал айтыстың түп тамыры болып саналады.
Махмұд Қашқари жинағындағы айтыс үлгісі осы бір көне жанрдың назар аударарлықтай өзіндік қисынымен берілген. Мұндағы Жаз бен Қыстың «сөз қағыстыруларында» ұтымды тапқырлық үлгісі қолданысқа түскен.
Бірі бірінен кемшілік тергенде айтыстың жанрлық шарты бой көрсетіп отырады.
Ал,"Алып Ер Тоңғаны жоқтау" деп аталатын жыр Махмұт Қашқаридың осы сөздігі арқылы бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен. Бұл жоқтау “Алып ер тоңға” дастанының ең соңғы тарауы болса керек. Аяулы батыры қаза болғанда жоқтау айту дәстүрі түркі халықтары арасында күні бүгінге дейін сақталған. 
“Алып ер тоңға” дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады. Бұл дастан Алып Ер Тоңғаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады.
“Алып ер тоңға” дастаны түркі тайпаларының байырғы поэтикалық өлшемі - көг өлшемінде туған. Бұл өлшем бойынша, жырдың алғашқы үш жолы өзара ұйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен ұйқасып, а-а-а-б; в-в-в-б; г-г-г-б түрінде болып келеді. Көне түркі ауыз әдебиеті тудырған мұндай жыр өлшемін ұлы Абай өзіне ғана тән шеберлікпен жазба әдебиетте көркемдік дәстүр ретінде жалғастыра түсті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет