Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі тотемдік сарындар



бет42/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Байланысты:
фк1

51. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі тотемдік сарындар
Мотив – тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең.
Тотемизм, тотемшілдік – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі.
Ал,тотемдік сарын ежелгі түркі фольклорында кездесетін сарын.
Қазақ халық ауыз әдебиетінде тотемдік сарын миф жанрында көптеп кездеседі. Мысалы мифтерде :көк бөрі, көк өгіз секілді тотемдік кейіпкерлер кездеседі.
Сонымен қатар, тотемдік белгілер батырлар жырындағы үйлену мотивінде де кездеседі.Осыған байланысты батырдың үйлену мотивіндегі тотемдік белгілерді қарастыратын болсақ, бұл мотивтің қазақ жырларында көптеп кездесетінін аңғарамыз. Ол, «Асан қайғы», «Ер Едіге», «Құламерген, Жоямерген», «Құбығұл», т.б. шығармаларынан көрінеді.
Жырдың мазмұны адамның ерте кезден өмір сүруі, санасы мен түсінігінің қалыптасуы айтылған. Яғни, адамның күннің шуағынан, түрлі жануарлардан, өсімдіктерден, т.б. тотемдік белгілерден таралуы туралы түсінік қалыптасқандығына көз жеткіземіз. Халықтың өз тотемі ретінде, яғни өз жануары (бұғы, бөрі, киік, жолбарыс, т.б. ) тотемі болып, оны пір тұтып нанымсенімдік түсінік болған.
Соның ішінде архаикалық жанрында тотемдік белгілердің жиі кездесуі түсінікті жағдай. Мәселен, көне эпостардағы әдеттегі батырдың күш қуаты ғажайып көркемделіп, табиғатпен тілдесу, барса келмес сапарлар, тотемдік хайуанға немесе табиғат жаратылысымен байланысы арқылы үйлену сарындары ертегілік желісінің басымдығының көрінісі деп есептеуімізге болады. Осыған орай, тақырыбымыздың негізгі мақсаты жырдағы батырдың қаһармандықпен үйлену мотивіндегі тотемдік белгілерінің көрінісі. Архаикалық эпос сюжеттерінде жиі кездесетін үйлену мақсатындағы сапарлары және сол жорықта түрлі сыннан өту желісі.
Осы қарапайым ғашықтың қалыңдығын іздеу соншалық тартыс пен күреске алып келу себебі де түсінікті. Рулық түсінік, діни нанымдар, дәстүрлі ғұрыптар адамның өміріндегі жолы мен міндетін күн ілгері белгілеп қойған заманда кейіпкердің өз тілегін жеке аңсарын айтудың, сол жолда өзгелердің пікіріне кереғар барудың күрделі кедергілер мен орасан оқиғалар тудыратынын көреміз. Ерте кезде жастардың еркін махаббаты төте күрделі жолды, табиғи түрде шешілместей қиын түйін болған. Сол себептен де жырда олардың өзара мәселесі ғажайыптың, қиялдың, ерекше күштің, «жебеушінің» көмегінсіз мұратқа жетпейді.
Сондай-ақ, «Құламерген, Жоямерген» мен «Құбығұл» эпостарының ерекшеліктері бір қилы. Мысалы, «Құламерген, Жоямерген» жырындағы жер асты патшасы Жыланбектің қызы Күнсұлуды әйелдікке алуының өзі тотемдік белгінің көрінісі. Мұндағы Жоямергеннің үйлену сарыны түрлі ауыр сындарды төтеп барып жарын алатына көз жеткіземіз. Ал, «Құбығұл» түсінде көрген қызға ғашық болып, сондағы ханның қызы Ақбілектің «кел» деп шақыруы жас жігітті қайрап, тілегін әлденеше рет қайталауы күллі оқиғалық байланыстардың дамуына себепкер болады. Қаһармандардың әрбір әрекеті күн ілгері түс көру арқылы мәлімделіп жатады. Көне дәуірлерде адамға қаскөй күштердің жылан, айдаһар формасында көрінуі мейлінше табиғи еді.
Аталған тақырып бойынша «Ер Едіге» жырында үйлену мотиві болғанымен, қаһармандық желісі кездеспейді. Мұндағы желі тек екі ғашықтың үйлену сарындағы тотемдік белгілердің көрінісі бар. Мысалы, әулие Баба-Ғұмардың қызға көзі тигеннен жүкті болып, Бабай Түкті Шашты Әзіз атты ұл туады. Өсе келе Бабай Түкті Шашты Әзіз дарияның астында өмір сүретін су перісіне ғашық болып, су асты патшалығына сүңгиді. Екеуі бірін-бірі ұнатып үйленеді. Осыған орай, Бурят халқының эпостарының типологиялық ұқсастықтарын қарастыруға болады. Мұндағы эпостарда қаһармандық жырларға тән нышандар да толық. Бұған тағы да мысалдар келтіруге болады. Өзі аспан әміршісінің ұлы, жер бетінің азаткері Гэсэр жер астындағы су патшасының қызы Алма мергенге үйленеді. Міне, осының өзінен де эпоста адамдардың аспан, жер, су әлемі туралы көне ұғымының көрінісі байқалады.
Қырымның қырық батырының бірі «Дотан батыр» жыры. Бұл эпос мифтік кейіпкерлерге, полигамиялық неке түрі мен тотемдік көріністерге толы. Полигамиялық неке түрі қазақтың халық ауыз әдебиетінде ғана емес, барлық жазба әдебиетінде де көптеп кездеседі. Әрине, некелесудің бұл түрі туралы қарсы пікірлер туу мүмкін. Сондықтан мұны ислам дінін ұстануға, шариғат қағидаларына байланыстыруға негіз бар. Сонымен бірге көп неке құрудың да сол заманның өзіндік себептері де жеткілікті болған.
Айта келе, бұл сарынының тарихи тамыры тереңге бойлайды. Архаикалық жырлардағы жар іздеу, үйлену мотиві аса әсерлі бейнеленген. Онда тәңірілік таным белгілері де, тотемдік белгілері де, сол ислам діні шарттары да кездесіп, бір-бірімен астасып кеткен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет