Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Фольклор – синкретті өнер



бет50/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
59. Фольклор – синкретті өнер
Фольклор – синкретті, көпфункциялы руханият. Ол әрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тәрбиелік мақсатта да пайдаланылады. Сонымен бірге фольклордың утилитарлық (қолданбалы) функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті өтейді. Фольклордың ең маңызды функциясы – эстетикалық және сейілдік.
Фольклордың синкреттілігін оның көптеген жанралрынан байқай аламыз.Мысалы,айтыс жанры.Мұнда театрлық әрі драмалық өнердің басы қосылған, сондықтан айтысты – фольклорлық театр, немесе фольклордың драмалық жанры десе де болады. Оның үстіне айтыс – әдебиетке өте жақын жанр, сол себепті кейбір ғалымдар оны әдебиетке жатқызады да әдеби жанр деп есептейді.
Фольклордың синкреттілігі оның өзге жанрлармен, өзге өнер түрлерімен байланысынан көрінеді.Оларға жеке тоқталсам,
1)Фольклор және музыка. Ежелден жігі айырылмай, синкретті түрде туып, дамыған бүл екеуі бүгінгі таңда да ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Олар этнос мәдениетінің алтын діңгегі болып қала береді. Өйткені қазір көпжанрлы, көпсалалы профессионалды музыка өзінің өмірге келуімен ең әуелі халық әніне қарыздар, халық биіне борышты. Осы күнгі опера, балет сияқты өнеріміздің шыңы, сондай-ақ көптеген симфония мен ораторилер фольклорды тікелей де, жөндеп те пайдаланғаны белгілі. Ертеден келе жатқан фольклорлық сюжеттер мен әуендер әлі де профессионалды музыка мен эстрада сазын байытып келеді. Ал, дәстүрлі халық күйлері мен соған байланысты аңыздар – ұлттық мәдениетіміздің ерекше түрі, олар бүгінгі музыкаға зор әсерін тигізуде.
2)Фольклор және театр. Қай халықтың да театры фольклордан бастау алады. Қазақтың ұлттық театры да өзінің пердесін фольклор сюжетіне қойылған ойындармен ашқан. ("Алтын сақа", "Еңлік-Кебек"). Мұндай қойылымдарда фольклорлық шығармамен қатар халықтық ойындар, әдетсалттар көп пайдаланылған. Демек, ұлттық театрымыздың туып, қалыптасуында қазақтың драмалық типтегі фольклоры үлкен рөл атқарған (айтыс, жар-жар, шешендер мен билер дауы, т. б.). Театр кемеліне келгенде де фольклордан қашпаған. Елдің сүйікті жырлары мен аңыздары, ертегілері театр сахнасында ұдайы қойылып келеді (М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің пьесалары). Жалпы, фольклор мен театрдың байланысы әдебиетке тікелей қатысты.
3)Фольклор және кино. Мәдениеттің басқа түрлеріндей емес, кино өнері өзінің шығу тегі жағынан фольклормен тікелей байланысты болған жоқ. Алайда, ол фольклорлық сюжеттерді кеңінен пайдаланып, әр кезде көркем фильмдер мен мультипликациялық фильмдер жасап келеді. Бұл тұрғыдан келгенде, ертегілерге көп мән берілді. Ал, батырлар жыры қазақ киносының назарынан тыс қалып келеді. Ғашықтық жырлар ұлттық кино өнерінің дамуында кезеңдік фильмдерге негіз болды ("Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Қыз Жібек"). Бұл шығармалар кино өнерінің ерекшеліктеріне байланысты оқылып, түсірілген болатын. Мультфильмдерде де осы заңдылық орын алды.
4)Фольклор және бейнелеу өнері. Фольклордағы қазақтың халықтық қолөнері – бейнелеу өнеріне жатады. Халықтың тұрмыс қажеті мен әшекей үшін жасаған бұйымдары – әрі практикалық (утилитарлық), әрі эстетикалық функция атқарған. Киіз үйдің жабдықтары, аттың әбзелдері, ыдыс-аяқ, ұзатылар қыздың әшекейлері, т.б. – бәрі осы екі функцияны қатар орындаған. Халықтың қолөнеріндегі мотивтер мен сюжеттер, ою-өрнектер осы заманғы бейнелеу мен сәулет өнерінде пайдаланылады. Ал, халық ертегілері мен эпосының кейіпкерлері, сюжеттік элементтері қыл қалам шеберлерінің туындыларына негіз болуда. Сонымен қатар ұлттық фольклорымыз полиграфиялық мақсатта, кітаптар мен әр түрлі басылымдарды безендіру үшін де пайдаланылады. Қазіргі кездегі живописьте, графикада, гобеленде, жарнамада ұлттық фольклорымыздың көптеген элементі стилизация мәнерінде де көрінеді. Ендеше, фольклор – бүгінгі қоғамның да практикалық, әрі эстетикалық талабын орындауда деп айтуға әбден болады.
5)Фольклор және теледидар. Ұлттық фольклорымызды насихаттауда, сол арқылы қоғамда имандылық, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді орнықтыруда теледидардың атқаратын рөлі орасан зор. Халықтың игілікті әдет-ғұрпын, үйлену салтын көрсететін бейнеклип (видеоклип), ертегілер мен жырлардың сюжеті бойынша түсірілген телефильмдер әрі эстетикалық, әрі тәлім-тәрбиелік, әрі танымдық қызмет атқарады. Осы тұрғыдан келгенде,
Қазақстандағы телеарналар осы өнердің ғаламат мүмкіншілігін барынша мол пайдалануға тиіс. Ал, мұндай істі жузеге асыру үшін телеарна қызметкерлері мен фольклористер күш біріктіруі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет