Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Ұлыс жырларының үлгілерін талдау



бет35/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Байланысты:
фк1

43. Ұлыс жырларының үлгілерін талдау
Қыс ызғары кетіп, жаздың келуі — тіршіліктің ең сәтті кезеңінен саналған Оны шығыс елдері жыл басы — Наурыз,- ұлыстың ұлы күні ретінде қарсы алып, тойлайтын болған. Қазақ арасында да жыл басы — наурыздың 22 жұлдызы болып саналған. Осы орайда туған өлеңдерді ұлыс жырлары дейміз. Бұл күні тоқсан шығып, күн жылиды, жердің тоңы кетіп, өсімдіктерге жан ене бастайды. Күн мен түң теңеледі. Қыстауда отырған ел жайлауға көшеді. Мал төлден, сүт көбейеді, жатақтар соқа-сайманың сайлап егіске шығады.
Ұлыс күні әрбір үй жеті түрлі дәннен наурыз көже жасап, бір-бірін шақыратып болған. Арпа, бидай, тары, бұршақ жүгері сияқты түрлі дәндер елдің сол кездегі ұғымы бойынша жеті түрлі тірліктің иесіне берілген атама болып саналған. Сол көжені жұрт үй жағалап жүріп ішкен. Мұны — ұлыс тойы дейміз.
Тойға келген жұрт: «Амансыз ба?
Ұлыс оң болсып, сүт мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс бақытты болсын, Төрт түлік ақты болсын, Бәле-жала жерге енсін» деп бір-біріне жақсы тілек білдірген. Ұлыс күндері жастар ойнап-күледі, қарт-қариялар еңбек адамдарына ақ бата береді. Демек наурыз жайындағы өлең-жырлардың да еңбекпеп тығыз байланысы бар.
Наурыз жырлары қазақ фольклорында айтарлықтай көп емес. Оның бір саласы төрт түлікке байланысты туған өлеңдермен байланысып жатады. Ұлыс жырларының мәні ескірмек емес. Өйткені оның тамыры өте тереңде халықтың көне дәуірлердегі тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты.
Талдау:
"Наурыз жыры"
Автор:Қорғанбек Аманжол
Атауы:Наурыз жыры
Тақырыбы:Наурыз мейрамы, наурыз айының келуі
Жанры:ғұрыптық жырлар
Идеясы:Наурыз айының берекесін, наурыз мейрамының ерекшелігін сипаттау
Шумақ саны-8
Тармақ-40
Бунақ-1
Буын-8
Көркемдегіш құралдар :қайталау
Жай қайталау түрі. Өлеңде әр шумақ соңындағы екі жол қайталанып отырады.

44. Қазақ діни эпосының ерекшеліктері
Қазақ әдебиетіндегі көп зерттеле қоймаған эпикалық жанрларға жататын жырлардың бір тобы – діни дастандар.«Діни қиссалар – Пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер, періштелер мен сахабалар, т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекетін бейнелеген шығармалар. Діни қиссалар сюжеті Құран Кәрімнен алынған. Кезінде қазақ халқы арасында ауызша да, жазба түрінде де кең тараған діни мазмұндағы қиссалар көп болған. Бұлардың бәрін тақырыптық жағынан да үш топқа бөліп қарастырған жөн.
Біріншісі — бұрын басқа дінде болған адамдарды Ислам дініне енгізу идеясын жыр еткен Діни қиссаларлар. Бұған «Сал-сал» және «Заркүм» қиссаларының сюжеті дәлел.. Бұл қиссаларда Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) өзінің төрт серігімен (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әзірет Әли) әскери жорықтарға аттанады да, ұдайы жауды жеңіп, оларды Ислам дінін қабылдауға мәжбүр етеді.
Екінші топтағы қиссалар – өмір жолындағы қиындықтарды жеңе білуге, төзімділікке, мейірімділікке, достыққа, халық үшін еңбек етуге, махаббат адалдығына үндейді. Бұған «Әзірет Әлидің құлдыққа сатылғаны», «Әзірет Әлидің сараң байды дұрыс жолға салғаны», «Жүсіп-Зылиха» қиссалары дәлел.
Үшінші топтағы қиссалар – бақи дүниедегі, яғни жұмақ пен тозақтағы өмірді бейнелеп көрсетуге арналған шығарма болып келеді. Мұндай қиссаларда әрбір пенде жалған дүниеде жасаған күнәсі үшін Аллаһ алдында жауап беретіні негізгі идея ретінде жырланады. Діни қисса имандылыққа, қанағат-ынсапқа, күншіл болмауға, біреуге зорлык-зомбылық жасамауға, жетім-жесірлерге көмек көрсетуге, қайырымдылыққа, т.б. ізгі қасиеттерге үндейді.
Төртінші топтағы қиссалар – ертегі сарындас діни қиссалар. Бұл топқа қисса сарынында қиял – ғажайып, ертегілік кейіпкерлердің кездесуі, уақыт пен кеңістің сияқты нысандармен суреттелетін діни қиссалар жатады.
Діни дастандардың көбі ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың бас кезінде жеке кітап болып басылып, халық арасына қисса-хикая деген атпен тараған, жыршы-жыраулар репертуарынан да берік орын алған. Діни дастандарды көпшілік алдында мәнерлеп оқып,насихаттау өзгеше дәстүр болып қалыптасқан. Діни дастандарда замандар бойы әсері кемімей,тартымдылық қасиетін жоғалтпай келуі таңғаларлық құбылыс. Діни қиссалардың да ең қымбат жері адамдарды сенімге, имандылыққа тәрбиелейтіндігінде. Діни дастандардың соңы дұшпанның жеңіліп, тірі қалғандарының мұсылмандылыққа өтуімен аяқталады.
Қорытындылай айтқанда,Діни эпос — халқымыздың сан ғасырлық діни мәдениетін, тарихи әлеуетін, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар көрінісінен сыр шертетін қанша ғасырлық терең де, тағылымды шежіресі бар халық мұрасы.
Негізгі ерекшеліктері:
Діни эпостардың негізгі өзегі əлемдік деңгейдегі биік тұлға, пайғамбар, ислам дінін орнықтырушы — Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірімен байланысты. 
Діни дастандар қазақ даласына XVIII ғасырда әуелде ауызша, кейін жазба түрде тарай бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет