Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Халық ауыз әдебиетінің ұжымдық сипаты



бет55/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Байланысты:
фк1

65. Халық ауыз әдебиетінің ұжымдық сипаты
Фольклорлың ұжымдық сипатын былай түсіндіруге болады.Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әр түрлі қоғамның жемісі, сондықтан ол көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер, – бір жағынан, фольклор, өйткені олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан әңгімелері және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар – екінші жағынан, сол дәуір қоғамының мәдениеті болды, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен айтылған әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Үшінші жағынан, әр түрлі ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият еді. Олар, – түптеп келгенде, сол бір көне дәуір адамдарының дүниетанымы еді.
Қазақ фольклорында осы айтылғандардың барлығы кездеседі десе де болады. Атам заманда ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың әрі дүниетанымы, әрі рухани мәдениеті болған діни нанымдар мен әр түрлі ырым-кәделер, мифтер түрінде өмір сүрген ежелгі фольклор бізге мұра болып та жеткен. Солармен бірге әр кезең қоғамында пайда болған басқа да көптеген ұғымдар мен түсініктер, мифтер мен әңгімелер де фольклорлық дүниелер болып, сол әр заманның белгі-бедерін, түсінік-пайымын да сақтап келген. Солардың бәрінің басы фольклорда қосылады. Алғашқы қауымға тән дүниетаным мен діни нанымдардың қазақ фольклорындағы көрінісі болып анимизм, тотемизм, магия, табу, сондай-ақ рулық қауымның дамыған тұсында қалыптасқан шамандық түсініктер мен аруаққа табыну есептеледі.

66. Отбасы ғұрпының фольклоры
Отбасы ғұрпының фольклоры - бұл фольклордың ішіндегі қазақ отбасымен байланысы өте берік бөлігі болып табылады. Қазақ отбасындағы үйлену жоралғыларынан бастап, сәбидің туылуы және қайтыс болған адамды шығарып салғандағы айтылатын жырлар осы отбасы ғұрпы фольклорына жатқызылады.
Отбасы ғұрып фольклоры үш түрге бөлінеді.Олар:
1)Үйлену
2)Бала өсіру
3)Өлік жөнелту фольклоры
1)Үйлену фольклоры екіге бөлінеді. Олар:үйлену салты және үйлену жырлары.
Қазақ халқында үйлену салты үш кезеңнен тұрады. Бірінші құда түседі, екінші той алдындағы кезең, үшінші үйлену тойы. Әр кезеңнің өзіне тән көріністері бар.
Құда түскенде, қалыңдық ауылына құдалар мен күйеу жігіттің келуі, екі жақтың үйлену тойының күнін белгілеп, қалыңмал мөлшері жөнінде келісім жасап, құдаларды аттандырады. Үйлену тойының алдындағы кезең қалыңмалды түгел немесе үштен бір бөлігін төлеп, қыз бен жігіттің жүзедесуінен құралады. Осы кезде «қалыңдық ойнау» деп аталатын кездесулер өтеді. Үйлену тойы: а) қалыңдықты ауылындағы тоймен шығарып салу; ә) тойлаушылардың күйеу жігіттің ауылына келуі, тойдың өтуі сияқты бөлімдерден тұрады.
Ал енді үйлену жырларына келетін болсақ,үйлену ғұрпына қатысты жырлар:тойбастар,беташар,сыңсу,жар-жар секілді жырлар жатады.
1)Қалыңдықтың қоштасу әні − «сыңсу». Қыздың сыңсуы – жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салт. Жанрдың жүйеленуі мен зерттелуінің алғашқы кезеңінен бастап, бертінге дейін «сыңсу» терминімен бірге «қыздың қоштасуы», «қоштасу-танысу», «көрісу», «жұбату» сияқты атаулар кейде қосақталып айтылып, кейде оның орнына қолданылып келді. Оның өзіндік себептері туралы К.Матыжанов былай дейді: «Қыз ата-анасының үйінен бастап, бүкіл туған туыстарын аралап қоштасады, туысқандарын құшақтап, көрісіп жырлап сыңсиды, өз кезегінде туыстары қызды өлеңмен жұбатады.Сыңсудың өзі жастар жағы үшін шағын думан. Оның композициялық құрылымы қыздың жастық дәуреніне, елі мен жеріне, туысқандарына арналған қоштасуынан, қыз туыстарының қызды жұбатуынан және оған арнап айтқан үгіт-насихатынан құралады. Мазмұны – «қыздың жастық дәуренін, елін, жерін, туған-туысқандарын, құрбы-құрдастарын, балалық бал дәурен шағын қимай, зарлана қоштасу мен оған айтылған жұбатудан тұрады» – дейді К.Матыжанов.Өлең құрылысы жағынан сыңсу көп жағдайда төрт тармақты, 10-11 буынды қара өлең үлгісімен келеді. Арасында жұбатулар жыр ағымымен 7-8 буынды шұбыртпалы шумақпен келеді.
2)Үйлену фольклорының келесі бір түрі – аушадия, қыз ұзату тойында айтылатын өлең. Ғалымдардың айтуынша, бұл ән тек Қазақстанның белгілі бір аймақтарында ғана айтылып, кейіннен ұмытылған сияқты. Ол жаңа қосылған жастарға арналады. У.Қыдырханов аушадиярдың айтылу мерзімі жөнінде: «...той үстінде, онда да, жоралғылардың бәрі аяқталып, жұрт құлағы босап қалғанда, қыз аттанар әредікте айтылады. Айтушы анау-мынау емес, жұрт тыңдайтын танымал ақын, ақылгөй адам болады», – дейді.Кейбір фольклортанушы ғалымдар «Аушадияр» өлеңін балалар фольклорындағы санамаққа ұқсатса, кейде тойбастар, жар-жар, сыңсу ән-өлеңдерінің құрамында қарастырады. Шыққан уақыты термеден бұрын деген де пікірлер бар.Аушадияр жыр үлгісі бұрындары жиі айтылған. Бірақ Кеңес өкіметі тұсында айтылмай, бүгінгі таңда халық жадынан мүлдем ұмытылды. Оның үлгілерін шетелдегі қандастарымыз сақтап, бізге жеткізген. Кейбір үлгілері ХХ ғасырдың 80 жылдары баспа беттерінде жарық көре бастаған. Аушадияр үлгілерін ел арасынан жинап, қайта жаңғыртқан Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Уахап Қыдарханов.
3)Беташар – бұрыннан келе жатқан қазақтың келін түсіру тойында айтылатын ғұрыптық әндердің бірі. Беташар – жас келінге келген шаңырағының қадір-қасиетін, әрі-бері де өткен бабаларының халқына сіңірген еңбегін, ата-енесі мен тума-туысын таныстыру рәсімі. Ол үйлену ғұрпының екінші кезеңі – келін түсіру тойында орындалады. Беташар жыры үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде әнші жігіт келіннің келбетін, сұлулығын жырлай келіп, оған өсиет-өнеге айтады. Екінші бөлімінде ақын термелете келіп, ауылдың қадірлі адамдарымен, ата-енесімен, абысын-ажындарымен, қайын іні-қайын ағаларымен жеке-жеке таныстырады, әрқайсысына сәлем жасатады. Соңғы бөлімінде ақын келіннің жүзін көргендері үшін үлкедерден көрімдік сұрайды.М.Әуезов: «Беташар» қалыңдық келіп түскенде айтылатын өлең. Жаңа ұя, жаңа қауым оған бейтаныс, оны солармен таныстыру шарт. Келін жастардың ортасында басына желек салып, бетін жасырып көлегейлеп тұрады. «Беташарды» күйеу жақтың біреуі айтады, ал қалыңдық өзіне арнайы айтқан ақыл-өсиетті қас қақпай, ұйып тыңдауы тиіс», – деген пікір айтқан.
4)Қазақтың дәстүрлі ән өнерінде маңызды орын алатын, үйлену тойларында ерте замандардан бері айтылаты, халық тіршілігінде ерекше орын алатын – Жар-жар әні.
Қыздың ұзатылуы аяқталған соң, үйден аттанар алдында «Жар-жар» әні орындалады. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде: «Жар-жар – қыз ұзатар үйде ұзататын қызды жұбату үшін айтылатын өлең. Жар-жарды екі жақ болып бастап, соңынан бір жақты етіп жібереді. Олай болу себебі, жұбатушының сөзіне әуелі жауап қайырылып отырады. Сонан соң жұбату сөз қыздың жақындарын жұбатуға ауып кетеді. Екі жақ болған жерінде жұбатушы жақ жігіттер болып, қарсы жағы қыздар болып айтады», – деп анықтама берген.
5)Тойбастар. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, өзі жанынан шығарған өлеңді айта береді. Өлең құрылымы 7-8 буынды жыр үлгісімен, 11 буынды қара өлең түрінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндет тойлармен басқа да қуаныштарда орындала береді.Тойбастар әнінің арнайы әні болмайды. Халық әндерінің біріне салып немесе қара сөз күйінше орындайды. Қазіргі тойларда айтылып жүрген «Тойбастар» әндері тоймен еш байланысы жоқ. Той төріне шығып, жаттанды бір әнді орындап шығады. Ән тойға, той иесіне, үйленіп жатқан жастарға қатысты мазмұнда болғаны дұрыс.
Ал,үйлену фольклорының зерттелуіне келетін болсақ,Үйлену ғұрпына қатысты фольклордың зерттелуі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан В.Радловтың зерттеулерінен басталады. Ғалым «Алтын сандық» еңбегінің «Ұзатылған қыздың өлеңі» тарауына үйлену ғұрып фольклорының «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу» үлгілерін енгізген.Ш.Уәлиханов та еңбектерінде үйлену салтына қатысты наным-сенім, ырымдарға тоқталған. Ол «Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы» атты этнографиялық еңбегінде «от» үйдің киесі, сол себепті жаңа түскен келін үлкен үйдің отына тағзым етуі тиіс дей келіп: «Бұл салт жаңа түскен келіннің отқа тағзым етуі неке қию үрдісінде жасалады. Қалыңдық босағаны аттай сала тізе бүгіп сәлем береді. Салт бойынша қалыңдықтың жанындағы әйелдер қолдарын отқа қыздырып, қалыңдықтың бетін сипайды», – деп қазақ қызы келін болғанда жасалатын жоралғыларды суреттейді.Қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин Орынбор қазақтарының «құда түсу», «қыз ұзату», «той жасау» дәстүрлеріне шолу жасаған. Ол этнографиялық еңбегінде үйлену салтында жасалатын «сүт ақы», «ілу», «кемпір өлді», «ит ырылдатар», сияқты ырымдар мен жоралғылармен бірге «Неке қию», «Сыңсу», «Беташар» секілді үйлену кезінде айтылатын өлеңдерге де тоқталған.Кеңес дәуіріндегі зерттеулерге тоқталсақ, Б.Уахатов «Қазақтың тұрмыс-салт типологиясы» деген атаумен жарық көрген еңбегінде үйлену салты бойынша әр елдің ұқсастықтарын қарастырған екен. Ғалым: «Түрік-монғол халықтарының қыз беріп, келін түсіру ғұрпының өзара жақындығын айтпағанның өзінде, орыс, украин сияқты славяндардың құда түсу салтында да бізге жақын ұқсастықтары бар», – деген. Ол қазақ секілді қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, алтай халықтарының үйлену тойларында толып жатқан ырым-жырымдарына осы еңбегінде мысалдар келтірген.Фольклортанушы ғалым Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы» еңбегіннің «Тұрмыс-салт жырлары» деген тарауында тұрмыс-салт жырларын: 1) бақташылық жырлары (төрт-түлік мал); 2) діни-ғұрыптық жырлар (жарапазан, бәдік); 3) үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, беташар); 4) ұлыс жырлар; 5) бөбек жырлар; 6) жарапазан жырлары деп бірнеше түрге жіктеген. М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» еңбегінде «айттыру» дәстүрін 3 түрге бөлген. Олар: «Белқұда» немесе «Ежеқабыл» бойынша ата-аналар балаларды дүниеге келмей тұрып атастырған. Екіншісі – «Бесік құда» балаларды бесікте жатқанында-ақ атастырады. Үшіншісі – «Қарсы құда» қызы, қарындасы бар кісілер бір-бірімен құда болуға серттеседі.

2)Бала өсіру фолькорына балалар өміріне қатысты ғұрыптар мен жырлар жатады.Бұл топқа бесік жыры,тұсаукесер, шілдехана, т.б. жырлар жатады.


1)Шілдехана жыры нәресте дүниеге келгенде жасалатын шілдехана тойы кезінде айтылады.Бұл жырда нәрестеге жиналған жұрт өздерінің ақ тілектерін айтады, келген халық үй иелерін мақтап ,жас сәбиге арнап жыр айтады, баланың ата-анасы да өз кезегінде өз қуаныштарын әнмен жеткізеді.Ал, қариялар жас сәбиге тілектерін бата арқылы жеткізеді. Яғни, шілдехана жыр 3 бөлімнен тұрады десек болады.Бірінші бөлімде халықтың балаға деген тілектері айтылады.Мысалы:
Көштерің көнікті болсын,
Жолдарың көрікті болсын,
Қоныстарың құтты болсын.
Босағасы мықты болсын,
Ауру-сырқаудан аман болыңдар,
Бастарыңа айырмас бақ қонсын,
Мейірбанды Алла сендерге жақ болсын
Ал,екінші бөлімде баланың ата-анасының өз қуаныштарымен бөлісуі. Мысалы:
Қуанып қан жүрегім қақ жарылып,
Қасірет басымдағы қалды арылып
Ұл көріп, ұлы дүбір той жасаймын
Атқан соң маңдайымнан таң жарылып.
Соңғы бөлім, үшінші бөлімде балаға,жиналған қауымға қариялар бата береді.Мысалы:
Әуен ойым көпшілік, әуен ойым,
Саздау жерге бітеді саз бен қайың.
Бар жақсылық тілеймін мен сен үшін,
Өмірің ұзақ болсын, айналайын.
Сауран созақ дегенде сауран созақ,
Сауран созақ келеді жасы ұзақ.
Туған күнің, шырағым, құтты болсын,
Өмір жасың, шырағым, болсын ұзақ.
2)Тұсау кесеу жырына келетін болсақ, бұл жыр атауы осы ырымға байланысты қойылған. Бұл ырым, баланың аяғына тұрып,жүре бастаған кезінде баланың аяғын байлап тұрған тылсым күш бар, соны қиып тастаса, бала тез жүріп кетеді деген халықтың наным-сенімінен туған.
Баланың тұсауын кесу үшін, оның аяғын ала жіппен майлы тоқ ішекті не шөпті араластырып байлап, тұсауды аяғы жеңіл, танымал адамдарға кестіреді.Содан кейін жиналған қауым тұсау кесу жырын айтады.
Тұсау кесу жырының негізгі мазмұны-баланы жүруге, аяқ басуға жігерлендіру болып табылады. Мысалы:
Тәй, тәй, балам,тәй балам,
Қарыс, сүйем қаз бастың,
Қадамыңнан айналдым
Бұл салт, бұл жыр көптеген халықтарда кездеседі.Қазақ халқы мен қырғыз халқының тұсау кесуі бірдей болып келеді.Ал, өзге халықтардың тұсау кесуінде өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы:қарашай-балқар халқында бұл ырым "жанға атлан" деп аталады.Олар бала алғаш жүре бастағанда жүгері ұнынан күлше пісіріп, оны баланың аяғының арасынан дөңгелетеді. Осы кезеңде жиналған әйелдер тұсау кесу жырын айтқан.Тұсау кесу ырымы әрқалай болғанымен, тұсау кесу жырының мазмұны барлық халықтарда бірдей болып келеді.Яғни,бұл жырдың басты мақсаты баланың тез жүріп кетуіне септігін тигізу, балаға қолдау білдіріп, жігерлендіру.
3)Ал үшінші топқа,яғни, өлік шығаруға естірту, жоқтау, көңіл айту жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет