Мәнерлеп оқу
|
Мектеп:Ы.Алтынсарин атындағы №65мектеп-гимназия
Шаметова.Н
|
Сынып: 6- сынып
|
Қатысқаны Қатыспағаны
|
Күні
|
6 В 14.02.2023
|
Сабақтың тақырыбы
|
22-сабақ Тойбастар
|
Сабақтың мақсаттары
|
Тойбастар салтына байланысты туған жырлар оқуда мәнерлеп оқу ережелерін сақтап оқуға үйрету
|
Жоспар
|
Сабақтың кезеңі/ уақыждгт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Ұйымдастыру Ынтымақтастық ортасын құру.
«Жүректен жүрекке» арқылы оқушылар бір-бірінің көздеріне қарап тұрып, жылы сөздерін айтады.
►Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
►Үй тапсырмасын сұрау ұйымдастыру
|
Бесік жырын мәнерлеп оқып береді
|
|
|
Сабақтың ортасы
5 минут
|
«Миға шабуыл» әдісі
«Тойбастар» әнін тыңдату
Тойбастарды не үшін айтады?
|
шығармамен танысқанда қандай дағды болу керек екенін талдайды
|
|
https://yandex.kz/video/preview/4204633606635889763
|
10 минут
|
Оқылым тапсырмасы.
Той бастар.
Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің ұсақ бір түрін той бастар деп атайды. Мұның өлеңін шығарушы, әдетте ақындар болған. Бірақ, той сайын той бастар өлеңін ақындар ғана айта беруі шарт емес. Кейде, ондай той ішінде ақындар болмауы да мүмкін. Сондықтан, әуелде ақындар шығарған, кейіннен елге тараған, жұрт жаттап алған той бастар өлеңін сөзге ебі бар, жылпос жігіттер де айтып жүрген.
Той бастардың негізгі мақсаты – ұзатылатын қызына той жасап отырған үйге “құтты болсын” айту, жақсы тілек білдіру, тойға жиналған адамдарды көңілдендіру. Сонымен қатар, күйеуге бара жатқан, ел – жұртын,ата – анасын, туған – туыстарын тастап кетуді қимай, қиналып отырған қызға демеу беру, көңілін аулау, “ата – ананың жолы осы” деп көрсету. Осы мақсаттан туған той бастар өлеңінің бір үлгісі мынадай болып келеді ;
Бағылан серке, марқасқа қой бастайды,
Қой алдында жануар ойқастайды.
Құтты тойға кез болғанжолды жігіт,
Бұрынғының жолымен той бастайды.
Құнан қойын шайлатып сойдырған үй,
Табақ – табақ ет беріп тойдырған үй,
Сәтті күні сәрсенбі той қылыпсыз,
Құтты болсын, тойыңыз, той қылған үй.
Немесе :
Белгілі бұл қазаққа тілдің желі,
Той қылдың жұрт жиналған мерекелі.
Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз,
Тойыңыз тойға ұлассын берекелі. –
Той бастар өлеңін осылай басталатын үлгілерінің қайсысын алсақ та, мазмұны жағынан бір – біріне ұқсас келеді. “Сәрсенбінің сәтті күні той жасаған” адамға “құтты болсын” айтудан басталған той бастар өлеңдері өз кезіндегі әдет – ғұрып, салт бойынша, әңгімені ұзатылатын қыз жағына қарай да ауыстырады. Қызға да айтары: “ата – ананың жолы осы”, соған көн, көңіліңе қайғы алмай аттан деу. Той бастар өлеңдерінің бәрінде кездесетін және мадақтап, мақтау түрінде айтылатын негізгі идея осылай болып отырады. Мұнымен қатар, той бастар өлеңдерінің кейбіреулерінде той иесінің сән – салтанатын, ойын – сауығын, байлық – бақытын жер- көкке сыйғызбай мақтаушылық, ол адамды бүкіл ел – жұртты жарылқаушы есебінде көрсетушілік те кездеседі. Мұндай дәріптеулер, асыра мақтаулар байлардың тілегінен туған. Сондықтан оларды той бастар өлеңінің халыққа жаттүрі деп білу керек.
Той бастаушының екінші бір міндеті – “жаршылық” қызметін атқару. Мұны той бастар өлеңін айтушымен қатар, кейде, арнаулы “жаршылар” да айтқан. Олар “жарандар – ау, жарандар, құлағыңды бері сал…” деп тойдың тәртібін, ендігі жерде қандай ойын – сауық, қызықтар болатындығын, той иесінің немесе басқалардың жариялайтын қандай сөздері барлығын хабарлап отырған.
Той бастардың өлеңдері төрт жолды, он бір буынды, тілі халыққа түсінікті, біреуден біреудің жаттап алып айтып жүруіне әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді.
Жат-жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім.
Айналайын, ел-жұртым,
Не болар менің заманым!
Дәуренім менің өткен соң,
Бұралқы иттей кеткен соң,
Естіле жүрер дейсізбе,
Не болып жүрген хабарым.
Заманым қиын болар-ау,
Көкірекке қайғы толар-ау,
Ел-жұртым сенен , айрылып.
Сана мен жүзім солар-ау…-
деп, ұзатылып бара жатқан қыз көңіл шерін толғайды. Бұд зар қаншама ащы, аянышты болғанмен де, ескі әдет-ғұрып, әділетсіз заңға сүйенген заманда, әйел мұңы ескерілмеген, аяққа басылған. Солай бола тұрса да, сыңсу өлеңдері ерте кездегі әйелдердің хал – жайын суреттейтін ескілік жол – жобаға қарғыс айтқан, қарсылық білдірген шығармалар болып табылады.
Сыңсу аяқталғаннан кейін, ұзатылып бара жатқан қызға ақыл – өсиет айтылған. Мұны жұбату деп атайды. Жұбатуды, әдетте, ауыл ағасы, беделді адамдар айтқан. Жұбату өлеңдері, бір жағынан, ұзатылып бара жатқан қыздың көңіліндегі қайғы – зарды жуып – шайу мақсатын көздесе; екіншіден, қыздың жаңа жерге барғанда атқаратын міндеті, мінез – құлқы қандай болу керектігін насихаттаған, жол – жоба көрсеткен. Мәселен жұбату өлеңдерінің бір түрі :
Жылама, бекем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама,
Ұл боп тусаң әуелден,
Сені мұндай қыла ма !
Көзді жаспен бояма.
Біз бермейік десек те,
Мал бергенің қоя ма? –
деп басталады да, “ата – ананың жолын”, ескі әдет – ғұрыпты ақтауңа тырысады. Содан кейін, ұзатылғалы отырған қыздың болашағын, ендігі өмірі қалай болу жайын үгіт ретінде айтып шығады. Жарыңа қосыласың, мал – малданып,жан –
Тапсырма: - Осындағы тойбастар жырларын мәнерлеп оқуда қалай оқу керек ? Қандай қарқын, тембрмен оқу керек екенін анықтап, мәнерлеп оқы.
Дескриптор
|
|
Білім алушы
|
|
|
- негізгі ақпараттарды анықтайды
- түсініксіз ақпараттарды талқылайды;
- тембрін, дауыс күшін, дауыс қарқынын
дұрыс таңдап мәнерлеп оқиды
| -негізгі ақпарат бойынша сұрақтар
құрастырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |