90.Хайуанаттартуралы ертегілер Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде ертегілерді негізінен дәстүрлі үш топқа бөліп қарастырады.Ал,академик Сейіт Қасқабасов ертегілерді бес топқа жіктейді:
хайуанаттар туралы ертегілер, қиял –ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер,
хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер.
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерін үш топқа жіктеуге болады.
жанрымен байланысын толық үзе қоймаған, жануарлардың
пішініндегі, немесе жүрістұрысындағы, я болмаса мінез-құлқындағы, әйтеуір қандай да болсын ерекшелігін түсіндіре
баяндайтын этиологиялық ертегілер.Бұл топқа «Мүшел», «Хайуандардың жыл басына таласуы», «Үркер» секілді ертегілер жатады.
Екіншісі– Шығыс және Батыс халықтарының көпшілігіне мәлім, яғни дүниежүзі елдерінің жануарлық эпосын құрайтын классикалық ертегілер. Бұлар бүгінгі дәуірде балалардың үлесіне тиген. Қай елдің болсын жануарлар жайындағы классикалық ертегілері
адам мінезінің ақылдылық, ақымақтык, қулық сұмдық сияқты жақтарын қарапайым аллегориялық формамен ашып береді.Бұл топқа «Айлакер тышқан», «Қотыр торғай», «Кім неден күшті?» ертегілері мысал бола алады.
Үшінші топқа мысал ертегілер (апологтар) жатады. Бұл ертегілер көбінесе кітаби болып келеді де, әдебиетке жақын тұрады. Мұнда жануарлар бейнесі шартты түрде алынғанмен,
ғибрат ашық айтылады.Бұл топқа «Сегізбай мен Тышқан қыз» , «Көгершіндер туралы ертегі" секілді ертегілер жатады.
Талдау
«Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Тақырыбы: Жыл басы- тышқан
Идеясы: тек өз күшіне сеніп қоймай, ақылына да жүгіну.
Жанры: ертегі
Тәрбиелік мәні: балаларды мақтаншақ болмауға, әр істі ойланып істеуге шақыру.
Композициялық талдау:
Басталуы: Жыл басына таласқан хайуанаттардың жиналысы;
Байланысуы: Әр хайуанаттың өз-өзін мақтауы;
Дамуы: Өз бойына сеніп қалған түйе;
Шиеленісуі: Тышқанның қулығы;
Шешімі: Тышқанның жыл басы атануы.