Фольклордағы мәтін мәселесі


А.Блоктың «Стихи о Прекрасной Даме», А.Белыйдың



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі4,89 Mb.
#117753
1   2   3   4
Байланысты:
көркем шығарма құрылымы слайдтар 3

А.Блоктың «Стихи о Прекрасной Даме»,
А.Белыйдың «Пепель»,
Вл.Ходасевичтің «Путем зерна»,
Б.Пастернактың «Второе рождение»,
А.Ахматованың «Северные элегий»,
М.Жұмабаевтың «От» циклды өлеңдерін,
С.Жиенбаевтың «Ыстықкөл самалы», «Ақтөбе әуендері», «Көкше көріністері», «Цыгандар» циклынан,
Ж.Әбдірашовтың «Махаббат математикасы» циклды өлеңдерін жаңа бір шығарма қатарына жатқызуға болады.
Енді көркем шығармадағы фрагмент ұғымына тоқталайық. Көркем шығарманың бір бөлігі тұтас шығармадан бөлініп, кейде жеке шығарманың сипатын иеленеді. Гогольдің «Өлі жандарындағы» лирикалық шегіністі, Ф.М.Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романындағы бір эпизод болып табылатын Иван Карамазов шығарды делінетін «Ұлы инквизитор» поэмасын еске алайық. Бұл фрагменттер жеке тұрып та өз идеясы, тақырыбы, композициялық бітімі бар жеке шығарма сипатын да бастан кешіреді.
Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекетіндегі» Найман-ана туралы аңызы бар тарау жеке тұрған шығарма іспеттес. Ол роман композициясының бір бөлігі болып та жеке шығарма ретінде де өмір сүре алады. Кезінде Ш.Айтматовтың «Боранды бекетінен» сол кездегі партия цензурасы алып тастап, романға кірмей қалған Шыңғыс хан туралы тарау, кейінірек «Шыңғысханның ақша бұлты» (Белое облако Чингисхана) деген атпен орыс тілінде жеке повесть ретінде жарық көрді.
Қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында Біржан сал Абай ауылына келгенде Әйгерімнің Татьяна әнін орындайтын сәті суреттелетін тарау бар. Романның осы бір фрагменті «Абай жолы» романы жарық көрмей тұрып, ертеректе «Татьянаның қырдағы әні» деген атпен өз алдына жеке әңгіме болып жарияланған. Сондықтан да осы бір фрагмент тұтас романның бір бөлігі болып та немес өз алдына жеке шығарма сипатын да иелене алады.

Ю.Н.Тынянов дағдылы терминдерді ирониялық реңкпен былайша сипаттаған: «Пішін – мазмұн = стакан – шарап. Осы тұжырымды құптай отырып, жарты ғасырдан соң әдебиет теоретигі Ю.М.Лотман өзінің «Анализ поэтического текста» деген еңбегінде «пішін» мен «мазмұнды» біржақты «дуалистік» терминдер дей отырып «монистік» термин ретінде «Құрылым мен идея» терминдерімен ауыстыруды ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет