Фольклорлық практика кезінде жинақталған жұмыстар Арнау



бет2/2
Дата02.10.2023
өлшемі8,03 Kb.
#112495
1   2
Байланысты:
практика жазбаша

6.Аңыз-әңгімелер
1.Сұлутөбе атауының шығу тарихы


Сұлутөбе атының аталыуының өзіде бір үлкен аңызға негізделіп аталған болу керек.Сұлутөбенің шығыс бөлігінде биік Сары құм бар.Сол сары құмды ерте кезеңде,шапқыншылық кезеңде нау шапқыншылық кезеңдерде қарапайым халық сол құмға барып,қоғаныш жасап өздерін сыртқы жаулардан қорғаған.Соғыста жеңіске жеткен соң,сол жерде тұрақтап,мал шалып сол жерді мекен етеді.Сол уақыттарда бұл маңайларды арқар мен маралдар мекендеген деседі.Кезінде құм болып жатқан жер, ел келген соң сұлулана бастапты.Содан ол жердің атын - Сұлутөбе деп атап кеткен.


2.Мақпал қашқан


Сырдарияның жоғарғы жағында Майлытоғай деген елді мекен бар.Сол жердің тұсында Мақпал қашқан деген жер бар.Енді бұл аңыздың шығу тарихын айтатын болсақ.Бір байдың қызы болған Мақпал деген.Оның сүйген жігіті болады.Бірақ жігіт кедей болады.Қыздың әкесі жігітті менсінбей,қызды күштеп бай баласына ұзатпақ болады.Бірақ жүрекке әмір жүрмейді дегендей,қыз өз сүйгенімен бір атқа отырып Сырдарияның арғы бетіне өтіп кетеді.Содан бері сол жерді Мақпал қашқан деп атап кеткен.


3.Ит атқан


Бұл жер біздің осы Сұлутөбе ауылының шеткі бөлігінде орналасқан.Ол жерден бейсауыт адамдар өте бермеген.Жалғыз жарым адам жүрсе қасқырлар мерт қылып отырған.Осы жерде бір үйір қасқыр мекен еткен екен.Қасқырлар малға шауып елге тыныштық бермеген соң,сол жердегі атақты аңшыға барып жағдай айтады.Аңшы келісіп жанына ең жақсы деген итін алып,астына қасқыр қуса жете алмайды ау жеген кербез жүйрік атын мінеді.Әлгі жерге бара бергенде қасқырдың арланы төбетке шабуыл жасап сол жерде қан-жоса болып төбелеседі.Бұл екеуі біраз алысады.Аңшы итіне уайымдап,жат жерде жазым болып қалады ау деп мылтығын алып,атып қалады.Жерген сұлқ етіп құлаған денені қай жануардікі екені белгісіз еді,шаңнан ештеңе жарытып көрінбеді.Біраздан соң аңшы жерде екі өлексені табады.Бірі әлгі малға тыныштық бермей жүрген қасқырдың арланыныкі,ал екіншісі арлан төбеттікі екен.Ал аңшының оғы өзінің итіне тиген екен.Сол уақиғадан кейін бұл жерді солай атап кеткен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет