а. Абай Құнанбаев ә. М. Қашғари б. М. Әуезов
11. Мақалды жалғастыр Ырыс алды ................................... а. бірлік ә. тыныштық б. ынтымақ
12. Дөрекі сөздің сыпайылап жеткізу қалай аталады? а. Диалект ә. Дисфемизм б. Эвфемизм
13.Фразеологиялық тіркеске қай сөз синоним болады?
“ Қас пен көздің арасындай”
а. Жақын ә. Қуану б. Алыс
14.Сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді тап.
“ Көзді ашып жұмғанша”
а. Ақырын ә. Үндемеу б. Тез
15.Тұрақты сөз тіркесін көрсет. а. Бос белбеу ә. Ер адам б. Ақын - жазушы
16.Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді тап. а. терең көл ә. өткір пышақ б. ауыр мінез
17. Омоним дегеніміз...... а. Мағыналары ұқсас сөздер ә. Мағыналары қарама – қарсы сөздер б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер
18. Тура мағыналы сөзді көрсет а. Жуас адам ә. Тас жүрек б. Ыстық ықылас
19. “ Қияр” сөзінің диалектісін тап а. Сым ә. Бәдіран б. Азанда
20. Табу сөзі неден туындаған? а. салт – дәстүр ә. сыпайылық б. ырым
Морфология
Қосымша І нұсқа
1.Қосымшаға не жатады? а. Жұрнақ, жалғау ә. Жұрнақ, түбір б. Жалғау, түбір
2. Жұрнақтың қызметі қандай? а. Сөзбен сөзді байланыстырады. ә. Жеке тұрған сөзден жаңа сөз тудырады немесе оны түрлендіреді. б. Сөз тіркестерін тудырады.
3. Сөз түрлендіріп тұрған жұрнақты көрсет. а. Қызылдау ә. Қызылша б. Қызылға
4. Жұрнақ нешеге бөлінеді? а. 3. ә. 4. б. 2.
5. Құранды жұрнақты тап. а. Білім ә. Білімділік б. Білгіш
6. Жалғаулардың қызметі қандай? а. Жаңа сөз тудырады. ә. Сөз бен сөзді байланыстырады. б. Жалғанған сөзіне үстеме мағына береді.