Фонетика жєне оныњ салалары


Буын және оған тән белгілер



бет35/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Байланысты:
Фонетика дарис (3)

Буын және оған тән белгілер
Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің ай-тылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшек-теніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айт-қанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялықа ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қан-ша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені тек да-уысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б

Буынға тән негізгі белгілер:

1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс;

2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буы-ны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшек-терге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау;

3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буын-ды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдер-ден енген сөздер кездеседі;

4. қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары екі дауыссыз-дан басталмайды;

5. тіліміздің байырғы сөздерінің соңында еліктеуіш сөз-дерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді.

Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді:

Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт, пункт, спектр, спринт. Дыбыс-талу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетика-лық единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема.

    


Буынның түрлері

Сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: көк, жер, ал, ел, от деген сөздерде бір ғана дауысты бар, олар бір ғана буын құрайды. Буын құрамының түр-ліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет