Дыбыстардың үндесуі дегеніміз артикуляция жағынан жуық (үйірлес) дыбыстардың біркелкі келуі. Басқаша айтқанда, сөз ішіндегі не сөздер аралығындағы дыбыстардың айты-луына қарай (дауыс қатысы, жасалу орнына қарай) ішінара жапсарласып, жанасуын дыбыстардың үндесуі дейміз.
Түбір мен қосымшаның жігінде және сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп қолданылуын дыбыстардың үндестік заңы (сингармонизм) деп атайды.
Үндестік заңы буын үндестігі (сингармонизм) және ды-быс үндестігі (ассимиляция) болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |