Буын үндестігі. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм дейді.
Сингармонизм (грек. Sun –бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң.
Ә.Жүнісбек өз зерттеулерінде түркологияда сингармонизм туралы ертелі-кеш айтылатын пкірлерді елеп-екшеп, соны бір қорытындыға келді, тілімізді басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейін еленбей келген тың арнаның көзін ашты. Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ (түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Бұ-лай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабыл-дауды, түсінуді қиындатады. Үндіевропа тілдеріндегі фонема-ның конститутивтік қызметін түркі тілдерінде сингармонизм ат-қарады. Ә.Жүнісбек сингармонизмге байланысты қолданыла-тын терминдерді де ұсынады, тек орыс тілінде. Соның кейбірін қазақша ұғымды етіп алу керек сияқты. Сонда: Сингармонизм – үндестік Сингармония – үндес Сингармема – үндеспе Сингармовариант – үндесвариант Палатальный сингармонизм – тіл үндестігі Лабиальный сингармонизм – ерін үндестігі Сингармоязык – үндестіл Сингармослог – үндесбуын Сингармогласный- үндесдауысты Сингармосогласный – үндесдауыссыз Сингармотип – үндестип Сингармоструктура – үндесқұрылым Сингармозвук - үндесдыбыс Сингармотембр – үндестембр Сингармоомоним – үндесомоним
Жалпы алғанда, қазақ тіліндегі дыбыстар үндестігі төртке бө-лінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |