Фонетика жєне оныњ салалары



бет39/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80
Байланысты:
Фонетика дарис (3)

Тасымалдау ережелері:
1. Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у,й дыбыстары сол сөзді буындағанда, өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді де, буынның бірінші әрпі болады. Мысалы. та-уық, қа-йық, баянда-уыш. Бұл сөздерді осы жікпен тасымалдағанда, у,й әріптері келесі жолда ғана жазылады.

2. Екі, кейде үш дауыссызға аяқталатын сөздерді оларға қосымша жалғанып тұрған жерден тасымалдағанда, түбірдегі дауыссыздарды бөліп жіберуге болмайды: қарт-тар, театр-лар.

3. Түбір сөзде үш дауыссыз қатар келгенде, алдыңғы екі дауыссыз дыбыс алғашқы буын құрамына кіреді де, үшінші дауыссыз келесі буынның басқы дыбысы болады: құ-мырс-қа, жұ-мырт-қа.

4. Біріккен сөздер буын жігімен де, түбірлер жігімен де тасымалдана береді: бі-рыңғай немесе бір-ыңғай, өза-ра, немесе өз-ара.

5. Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, олар буын жігіне қарай тасымалданады: ро-лінде, съез-дің.

6. Сөздің дара дыбыстан тұратын бір буынын жазып келе жатқан жолда қалдыруға немесе келесі жолға шығаруға болмай-ды: а-лақан емес, ала-қан, арми-я емес, ар-мия. Алғашқы буыны бір ғана дауыстыдан тұратын екі буынды сөздер тасымалдан-байды: атом, эмаль, ақыр, отын, отыр.

7. Қосар әріптердің орнына жазылған у,и әріптері бар сөз-дер буындалғанда, келесі буын дауысты дыбыстан басталады және солай тасымалданады: су-ық, қу-ақы, ту-ынды, бу-ын, қи-ын.

8. Орыс тілінен енген сөздер де буын жігі бойынша тасымал-данады. Бұлардың ішінде екінші, үшінші буындардың да-уысты дыбыстардан басталатыны кездесе береді: про-ект, ро-яль. По-эма.

9. Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады.

10. Сан есімнен келетін қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987 ж.

11. Әріптерден қысқарған сөздерді өз ішінен бөліп тасы-малдауға болмайды: ЮНЕСКО деп бөлінбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет