Метатеза (грек.metathesis – ауыстырып қою, транспозиция) – дыбыстардың комбинаторлы өзгерісі, бір сөз немесе буын ішін-дегі буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы.
Морфологиялық принцип -сөздердің айтылуынша емес, бас-тапқы түбір тұлғасы сақталып жазылуы.
Орфография (грекше орфос - дұрыс, түзу және графия -жазу деген сөздерден алынған) - тілдегі сөздердің дұрыс жазу ереже-лерінің жиынтығы.
Орфоэпия (орфос- гректің дұрыс, түзу және эпос - сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) - тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелері.
Редукция - сөз ішіндегі қысаң дауыстылардың сандық, сапалық жағынан әлсіреп, көмескі айтылуы немесе мүлде түсіп қалуы.