Дәстүрлі (тарихи) принцип - сөздердің әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылуы.
Диэреза - екі сөз аралығында кездескен екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалуы.
Диссимиляция – дыбыстардың ықпалды өзгерістерінің бір түрі. Ол латын тілінде – «ұқсамау» деген сөз. Яғни ассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көрші дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсап тұратын болса, дисси-миляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың біреуінің (әдетте соңғысы) алыс-тау басқа бір дыбыспен алмастырылуы.