Фонетика жєне оныњ салалары


Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары



бет2/55
Дата23.06.2023
өлшемі475,64 Kb.
#103164
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Ôîíåòèêà æºíå îíûœ ñàëàëàðû

Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары


Фонетика (гр. phone - дыбыс, phonetіkos - дыбыстық) – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыста-рының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақа-тынасы, орфография, орфоэпия т.б. Ол лебіздегі (речь) дыбыс-тардың жасалу жолын, сөйлеу процесінде болатын өзгерістерді, тіл қызметіндегі дыбыстардың қолданысы мен маңызын, тіл ды-быстарының жалпы жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика дыбыстардың жасалым (артикуляциялық), айтылым (акустикалық) және естілім (перцепциялық) белгілерін зерттей-ді. Ол тілдегі дыбыстарды төрт түрлі тұрғыдан қарастыратындығы белгілі: қызметі, жасалымы, айтылымы және естілімі.
Дыбыс жүйесінің бірліктері: дыбыс, дыбыс тіркестері, буын, ырғақты топ, фраза фонетикалық жүйені құрайды. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Жеке тұрғанда мән-мағынасыз көрінетін дыбыстар бірімен-бірі ұстасып, берік қиюласып сөзді жасаса, сөздерден сөз тіркестері, сөйлемдер құралатыны белгілі. Бұдан сөздердің қаңқасы да, қаны да, жаны да, дыбыстар екенін, сөйлеу де, жазу да тек осы дыбыстардың арқасында ғана өмір сүретінін аңғару қиын емес. Тілдің дыбыстық жағы – оның өмір сүру амалы болып табылады. Тілдегі санаулы ғана дыбыс сөздік құрамға енетін әлденеше мың сөздің құрамында белгілі бір тәр-тіппен қиюласып, тіркесіп, қайталану арқылы дыбыс жүйесін, тілдің бет пішінін, болмысын айқындап, өзге тілдерден ерекше-лендіреді. Сондықтан мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап жеке дыбыстарды айтып, олардың таңбалары – әріптерді жазып үйренеміз. Сондай-ақ дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп бөліп, дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік деп, дауыссыздарды үнді, ұяң, қатаң деп жіктеп, олардың өз ішінде біріне-бірі ықпал жасап, үндесіп тұра-тынын, дыбыстардың айтылу, жазылуындағы кейбір ерекшелік-терді, буын, екпін, сияқты ұғымдарды танытып, түсінік беретін ғылым фонетика деп аталатынын білеміз. Дыбыс жүйесі қарас-тыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде біріне-бірі ықпал етіп, үйле-сіп, үндесіп тіркесуі, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың арақаты-насы, орфография, орфоэпия т.б.
Тіл мәдениеті сөздерді айтуда да, жазуда да бірізділіктің болуын талап етеді. Кезінде тіліміздің дыбыс жүйесі, дыбыс заңдары жете ескерілмегендіктен, қазіргі айту, жазуымызда ала-құлалық ақау көп. Мысалы, алдыңғы сөйлемде кездесетін қазір сөзін емлені құрметтеп, осылай жазып, айтатындармен қатар, қазыр, көбіне кәзір түрінде қолдану да жарысып жүр. Олай бо-латыны, аралас буынды қазір сөзі тіліміздің үндестік заңымен үйлеспейді. Фонетиканы жете меңгергенде ғана тіліміздің ды-быстық жүйесін, дыбыстардың сырын дұрыс түсініп, әлгіндей үйлесімсіздікке жол бермеуге болады. Дыбыстардың пайда бо-лу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та, грамматика-лық та құбылыстарға ғылыми түсінік беру, өзімізге мектептен таныс қатаңдану, ұяңдану сияқты дыбыстық өзгерістерді түсін-діру, қазіргі жазудың сырын түсіну қиын. Сондай-ақ фонетика физиология және акустикамен тікелей байланысты. Ол жалпы және жеке фонетика болып екіге бөлінеді. Жалпы фонетика бүкіл дүние жүзі тілдеріне ортақ дыбыстардың құрамы мен олар-дағы дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесін жасалым белгілері (тіл алды, тіл арты, еріндік, езулік, т.б.) мен айтылым бел-гілеріне (қатаң, ұяң, үнді) сәйкес анықтайды. Алынған нәтижелердің негізінде дыбыстардың әмбебап кестелері жасалынып, соған сай тілдерге ортақ дыбыстық құбылыстардың болу жағдайы түсіндіріледі. Интонацияға қатысты жайттарды да қарасты-рады. Ал жеке фонетикада белгілі бір тілге ғана тән дыбыстық құбылыстар қарастырылып, ондағы дауысты, дауыссыз дыбыс-тардың саны анықталады, ұқсас дыбыстардың жасалу орны мен жасалу тәсіліне байланысты жүзеге асатын өзіндік ерекшелікте-ріне баса назар аударылады. Жеке фонетиканың міндетіне ға-лымдар белгілі бір тілге ғана тән бірегей дыбыстық құбылыс-тарды сипаттап беруді жатқызады. Фонетика тіліміздегі бірсы-пыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұ-рыс меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сөздердің пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың тигізетін әсері зор. Қазақ ті-лінің дыбыстық жүйесін жетік меңгеру арқылы тілдің қоғамдық қызметін жетілдіріп, оның ары қарай дамуына дұрыс бағыт-бағ-дар беруге болады. Зерттеу және сипаттау тәсілдерінің түрлері-не қарай фонетика сипаттамалы фонетика, тарихи фонетика, салыстырмалы фонетика, салғастырмалы фонетика, экспе-рименттік фонетика, физиологиялық фонетика, фонология немесе функционалдық фонетика болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет