Тапсырма. Фонетиканың зерттелу тарихы (зерттеулерге шо-лу, хабарлама жасау, реферат жазу)
Жаттығу. Берілген мәтіннен фонетикаға қатысты терминдерді тауып, лингвистикалық сөздік бойынша олардың түсінігін қа-рап, конспектілеңіз.
... Әдетте, тілдің фонетикалық жүйесі тұрақты болады. Егер бір тілден екінші тілге белгілі бір дыбыс(фонема) ене қал-са, ол өздігінен енбейді, сөздің құрамында қолданылып, сөздер арқылы ғана енеді... Аффрикат ц дыбысы қазақ тілінің байыр-ғы төл сөздерінде қолданылмайды... Бір тілдің екінші тілге тигізген фонетикалық әсерін тек қана белгілі бір дыбыстардың енуі тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге бұл мәселені жалпы фонетикалық жүйе мен фонетикалық құбылыс шеңберінде қарау керек... Түркі тілдерінде екпін жылжымалы болмай, көбі-несе сөздің соңғы буынына түсетіні белгілі... Тілдің әрбір сала-сының өз заңы болады. Мысалы, қазақ және басқа да түркі тіл-дерінде жуан дауыстыдан кейін жуан дауыстының, жіңішке дауыстыдан кейін жіңішке дауыстының келуін немесе алтай, қырғыз тілінде ерін дауыстылардан кейін міндетті түрде ерін дауыстының келуі аталған тілдердің фонетикалық заңдарының қатарына жатады. Сингармонизм заңы – басқа тілдерге қарағанда, түркі тілдеріне өте-мөте тән заң...(К.Аханов. «Тіл білімінің негіздері» оқулығынан)
2. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі
1. Қазақ фонетикасының Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі.
2. Қазан төңкерісінен кейін зерттелуі.
3. Қазіргі кезеңдегі зерттелуі
4. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Тапсырмалар.
1. В.В.Радловтың қазақ тілі фонетикасына қатысты зерт-теулері (ғылыми баяндама).
2. П.М.Мелиоранскийдің қазақ тілі фонетикасына қатысты зерттеулері (хронологиялық кесте жасау).
3. А.Байтұрсынұлының қазақ тілі фонетикасына қатысты ой-тұжырымдары(конспект жасау).
4. Құдайберген Жұбановтың қазақ тілі фонетикасына қа-тысты зерттеулері (конспект жасау).
5. Халел Досмұхамедұлы қазақ-қырғыз тіліндегі сингармо-низм заңы жайында (шолу, Т-диаграммасы).
Достарыңызбен бөлісу: |