3. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-ке-йінді қарсы әсері. Әдетте мұның өзі екі-ақ жағдайда, оның өзін-де де сөз бен сөздің арасында ұшырайды: а)Амангелді (Аманкелді), қаңғызып (қан қызыл), оңғой (он қой). Сөйтіп, көр-ші дыбыстардың алдыңғысында нқ, нк тіркестері –ңғ, -ңг, -ге, ке-йінгісінде сж тіркесі шш-ға айналады. Көбіне алдыңғысы ке-йінгіге, кейде кейінгісі алдыңғысына, ара-тұра ілгерілі-кейінді ықпал етіп, бірін-бірі игеріп, біріне-бірі бейімделіп тұрады. Көр-ші буындардың арасында да осыған ұқсас ықпалды аңғаруға да болады. Тек тоғыспалы ықпалға ұшырап, екі буынның бірдей өзгеруі байқалмайды. Бір-біріне ықпал етіп, үндесетін дыбыстар морфемалар аралығында қатар келген жағдайда ғана болады дедік. Соның өзінде кез-келген сөз бен сөздің аралығындағы ды-быстар ықпалға ұшырай бермейді. Тек көрші сөздер бір бунаққа еніп айтылғанда ғана ықпал туралы айтуға болады.
Сонымен тіл дыбыстары жеке-дара күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөз аралығында бір-бірімен тіркесіп, өз ара тізбек-телген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы не сөз ара-лығындағы дыбыстардың біріне-бірі ықпал етіп, бір-бірімен өз ара үндесіп айтылады екен. Сөз құрамында дауысты дыбыстар-дың өз ара үндесіп айтылатыны сияқты дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп үйлесімділік табады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде жүзеге асады. Дауыссыздардың бір-бі-ріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталса, дауыс-тылар үйлесімділігі сингармонизм деп аталады екен. Сондай-ақ тілде сингармонизм мен ассимиляциядан бөлек диссимиляция деп аталатын дыбыстық өзгеріс түрі де кездеседі.
Диссимиляция
Диссимиляция (лат. dissimilis - өзгешелену, ұқсамау) – бірінен кейін бірі қатар келіп тұрған дыбыстардың өзара әсері нәтижесінде біреуінің артикуляция жағынан алшақтап, өзгеріске түсуі. Диссимиляция комбинаторлық өзгерістің бір түрі, ассими-ляцияға қарама-қарсы құбылыс. Диссимиляция құбылыс ретінде сөз ішінде немесе морфема жігінде бір дыбыстың қатар келуіне байланысты көрініс табады. Бұны тіліміздегі байырғы сөздерден гөрі басқа тілден енген сөздерден айқын аңғаруға болады. Мы-салы, араб тілінен енген алла, мола, күллі сөздерінің алда, молда, күлді болып айтылуынан қатар келген екі л дыбысының соң-ғысы диссимиляцияланатынын байқауға болады. Сол сияқты Мұхаммед – Мұқаммет – Мұқамбет – Мақамбет, уммәт – үмбет, хамма - әмме - әмбе мысалдарынан мм тіркесімінің мб-ға, ал суннат – сүндет, таннур – тандыр сөздерінен нн дыбыс-тық тіркесімінің нд болып өзгергенін көруге болады. Қазақтың төл сөздерінің ішінде ыссы(қ) – ыстық, ащы – ашшы – ашты сөздерінің құрамында да сс-ст, шш-шт диссимиляциясы кез-деседі. Ал тарихи фонетика тұрғысынан қарар болсақ, онда дис-симиляция жолымен қалыптасқан сөздер көбейе түседі. Мыса-лы, -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауының л-дан басталатын варианты алғаш, д және т-дан басталатындары кейін пайда болғандығын еске алсақ, қолдар, құмдар, күндер сөзде-ріндегі көптік жалғауы қоллар, құмлар, күнлер түрінде қолда-нуы керек еді. Басқа тілдерде диссимиляция ілгерінді-кейінді ықпалдар арқылы жүзеге асса, қазақ тілінде тек қатар тұрып, іл-герінді ықпал арқылы ғана көрініс табады. Қазақ тіліндегі дис-симиляция фономорфологиялық құбылыс. Нәтижесіне қараған-да, диссимиляция – ассимиляцияға қарама-қарсы құбылыс. Ас-симиляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар біркелкі не-месе өзара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимиляция құбы-лысы бойынша біркелкі немесе өз ара ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгереді. Диссимиляция құбылыс қазіргі тілімізде асси-миляцияға қарағанда сирек кездеседі.