Жартылай редукция деп – сөз ішіндегі белгілі бір ды-быстар тіркесімінің арасындағы (үнді/ұяң немесе ұяң/үнді, үнді/ үнді т.б.) қысаң дауыстының әлсіреп, көмескі айтылуын айта-мыз. Мысалы: аң(ы) зақ, көб(і)рек, ад(ы)раңдау, құд(ы)рет, бад(ы)рақ, жұд(ы)рық, тәж(і)рибе, и(і)рім, дәр(і)гер, көк(і)рек, түк(і)рік, қас(ы)рет, қат(ы(нас, ұй(ы)тқы, т.б. Бұл жерлердегі (позициялардағы) қысаңдардың көмескі айтылатындығы сонша-лықты, олардың кейбіреулері тіпті орфографиялық сөздіктердің өзінде де көпке дейін түсіріліп жазылып жүрді.Оған мағына, мә-күрік, ұйытқы, жасымық сөздерінің 1963, 1978 жылдардағы ор-фографиялық сөздіктерде мағна, мәкрүк, ұйтқы, жасмық түрінде жазылып келгендегі куә бола алады.
Толық редукция деп – ауыз, ерін, орын, мұрын, ойын сияқты екінші буындарында қысаң дауысты бар екі буынды сөздерге дауыстыдан басталған қосымша қосылғанда екінші буындағы қысаңның түсіп қалуын айтамыз. Мыс: ауыз-ы > аузы, ерін +і > ерні, орын+ы > орны, мұрын+ы > мұрны, ойын+а > ойна т.б. Рас, бұл сияқты сөздерге дауыстыдан басталған қо-сымша қосылғанда олардың екінші буынындағы қысаң дауысты әр уақыт түсе бермейді. Мыс: көрік+і >көркі (келбеті д.м.) = көрік+і>көрігі т.б. Мұндайларға мағына ажырату үшін әдейі қолданылған тәсіл деп білгеніміз жөн. Сондай-ақ, «келі сап» деген-нің – келсап, «кіші кене» дегеннің – кішкене, «сары-ғай» дегеннің – сарғай, «осы жер» дегеннің – осжер//ошшер, өшшер болып айты-луы мен жазылуын да толық редукцияға жатқызуға болады.
Метатеза (грек.metathesis – ауыстырып қою, транспози-ция) – дыбыстардың комбинаторлы өзгерісі, бір сөз немесе буын ішіндегі буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы.
Аферезис– қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұр-ған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Аферезис элизияға қарама-қарсы құбылыс.
Гаплология – (грек.haploos – жалғыз, logia – сөз, ілім) ды-быстардың комбинаторлық өзгерісі, ол диссимиляция әсерінен өзара бірдей көрші буындардың бірінің түсіп қалуы. Элизия (лат. elision – жаншу, итеріп шығара) – 1. Келесі сөздің басында тұрған дауысты дыбыспен қатар келуіне байланысты бастапқы сөздің со-ңында тұрған дауысты дыбыстың түсіп қалуы, айтылмауы. Афере-зиске қарама-қарсы процесс.2.Дауысты дыбыстар-дың қосылып ке-туі – қатар келген екі дауысты дыбыстың бір монофтонгке немесе дифтонгке бірігу түрлері. 3.Эллипсис тең құбылыс. Элизия - бір бунақпен (ырғақпен) айтылған екі сөздің арасында қатар келген екі дауыстының біреуінің түсіп қалуы (түсіріліп айтылуы). Әдетте көбінесе алдыңғы дауысты түседі. Мыс: қара ала > қарала, сары ала > сарала, жиырма алты > жиырмалты. Элизия құбылысының біразы біріккен сөздерге сақталынып жазылып жүр. Мыс: қарағаш (қара ағаш), сарағаш (сары ағаш), өзара (өзі ара), Сарарқа (Сары арқа), Молдахмет (Молдаахмет), Торайғыров (Торыайғыров) т.б. Оқы сөзіне тұйық етістіктің жұрнағы қосылғандағы өзгерісті де (оқу+ұу > оқұу > оқу) ғалымдар элизия құбылысына жатқызады. Бұл негізінен дұрыс. өйткені у әрпі ұу деген екі дыбыстың қосындысы. Алдыңғы дыбыс (ұ) – дауысты. Ол түбір сөздің соңындағы дауыс-тымен қатар келіп қалады да, оның алдыңғысы түсіп қалуға мәжбүр болады. Кейде қатар келген екі дауыстының соңғысының (кейін-гісінің) түсетін кездері де жоқ емес. Мыс: не істейін > нестейін, не ішесің > нешесің т.б. «Не алдың?» дегенге келсек, бұл тіркес нел-дың да емес, налдың да емес, тек не алдың болып айтылады және солай жазылады да. Оның себебі: бір буынды не сөзінің өз болмы-сын (тұрпатын және мағынасын) сақтауға тырысуында болып отыр. Ал шылаулардың жөні бөлек. Олардың құрамындағы дауыстылар түсіп қала береді. Мыс: жазып та алды > жазыпталды, т.б.
Диэреза. Екі сөз аралығында кездескен екі дауыстының бірі түсіп қалатындығы туралы айтқанда кейде дәл сондай қатар келген екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалатындығын да естен шығаруға болмайды. Мыс: бұл+ның > бұның, ол+ның >оның сол+ның > соның, т.б. Бұл құбылыс тіл білімінде диэзера деп аталынады. Ол көбінесе түбір сөз бен қосымшаның екі түбір сөздің аралығында ұшырасады.