Жаттығу. Мәтіндегі сөздердің тасымалдау тәртібін анықта-ңыздар.
... Әсет Қояндыда белгілі ақын қыз Рысжанмен айты-сады. Әдеттегі ақындардың елін, жерін, байларын, мырза-биле-рін айтып мақтанатынына бұл екеуі бармай, салған жерден өздерінің жеке бастары жайлы әңгіме қозғайды. Әрине, бір-бірінің қытығына тию үшін өткір сөздер қолданады. Рысжан Әсетті көріп:
Осы ма атақтыңыз Әсет деген,
Бере ме өнер пайда көрсетпеген.
Топастау, торшолақтау біреу ғой,
Мұның кім сөзбілгішке есептеген,- дейді. Әсет оған жауап бере қоймай, салмақ сақтайды. Әйел деп кеиітіп, менсінбей, жауап беруді де артық көріп отыр ма деп ойлап қалған Рысжан:
Жіңішке бойым нәзік қылдырықтай,
Сүйтсе де сөзім ұшқыр бұлдырықтай.
Қызығып қыз екен деп далаңдама,
Тұйғынның жемін қуған кезқұйрықтай,- деп, өзін көтере та-ныстыра түседі. Айтушылар осы сапарда Рысжан мен Әсет жеңісе алмапты дейді.
(А.Жұбанов.”Замана бұлбұлдары”кітабынан)
Жаттығу. өлең жолдарын буынға бөліп, қалай тасымалда-натынын түсіндіріңдер. Қарамен жазылған сөздерге фонети-калық талдау жасаңыздар.
Түрленіп мынау заман ағып жатыр,
Жай өтпей ћәркімге сын тағып жатыр,
Жайынан замананың хабардар ма,
Осы біздің қазақтар неғып жатыр?
Шүкір, қазақ ұйқыдан тұрып жатыр,
өз әлінше өрмегін құрып жатыр,
Жіліктің майлы басын бері тартып,
Икемдеп өз алдына бұрып жатыр.
Бізге не өнер, ғылым жұғып жатыр,
Жастар мұны үйреніп ұғып жатыр,
Халыққа бас-көз болып, жол мұндалап,
Бір-бірлеп газеталар шығып жатыр.
(Ж.Аймауытов)
11. Екпін.
Екпін туралы түсінік.
Екпіннің қызметі.
Екпіннің түрлері.
Екпін түспейтін қосымшалар.
Достарыңызбен бөлісу: |