Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.
Ел болуға алдымен білім тірек, Бір сөзді, бір ауызды намыс керек. Жалғызғана оқумен теңелмейсің, Алты ауыл азғын болсаң қоян жүрек. (С.Торайғыров)
Тапсырма. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қо-сымшалар (Абай, С.Торайғыров, М.Мақатаев өлеңдерінен мы-салдар теру)
Жаттығу. Мәтіннен үндестік заңына сай келетін сөздерді табыңыз. өте ертеде бір дана қария көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып: – Балам, менің дүниемен қоштасар күнім жақын. өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқсатып қолдан,- депті... Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптыр-майды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан ақыл сұрайды. – Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ,- деп ақылгөй қа-рия аталы сөздің шешуін айтыпты. (“Ел аузынан” кітабынан)
Жер жүзіне ер атағым жайылған, Жан емеспін оттан, судан тайынған, Қайраты мол қандыбалақ қыранмын, Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған. Еркін ырғыпшыққан асқар Алтайға, Қырда тұрып садақ тартқан Қытайға. Талай тайғақ тар кешуде таймаған Батыр жүрек, қайрат енді алдай ма? (М.Жұмабаев)